Салық түрлері. - Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар: Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық; Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;. Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады ( мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады. Жанама салқтардың негізгі түрлері: Үстеме құнға салынған салы акциздер ( тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар). Мұрагерлік салық. Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |