Салық режимдерінің ерекшеліктері


Қандай салық түрлері мен міндетті төлемдер төленуі керек?



бет3/10
Дата18.11.2022
өлшемі283,04 Kb.
#158772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция 11 ;жалгасы касипкер жане бизнес

Қандай салық түрлері мен міндетті төлемдер төленуі керек?


Салық кодексінде салықтың 13 түрі қарастырылған:

  1. Корпоративтік табыс салығы

  2. Жеке табыс салығы

  3. Қосылған құн салығы

  4. Акциздер

  5. Экспортқа салық салу

  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары

  7. Әлеуметтік салық

  8. Көлік салығы

  9. Жер салығы

  10. Мүлік салығы

  11. Ойын бизнесіне салынатын салық

  12. Тіркелген салық

  13. Бірыңғай жер салығы

Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 12 түрі қарастырылған:


    1. жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем

    2. жер учаскесін пайдаланғаны үшін

    3. үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін

    4. қоршаған ортаға эмиссия үшін

    5. жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін

    6. орманды пайдаланғаны үшін

    7. ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

    8. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

    9. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін;

    10. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін

    11. мемлекеттік баж

    12. алымдар



ЖК салықтар мен төлемақылардың жекелеген түрлерін қалай төлейтініне НА- ЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мысалы, егер ЖК-де салық салу объектісі, яғни жер учаскесі болмаса, онда ЖК төлем жүргізбейді және жер учаскесі бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
Сондай-ақ мемлекеттік бажды алу объектілері заңдық мәні бар әрекеттер не- месе мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың құжат беруі болып табылады.
Мысалы, заңды негізделген іс – сотқа талап қою, құжаттарды беру – нотариал- ды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) алу.
Салық режимінің қандай түрлері бар және олар салық міндеттемесінің орын- далуына қалай әсер етеді?
Сәйкес салық режимін таңдау ЖК-ні тіркеу кезінде немесе бір салық режимінен екіншісіне ауысу үшін өтінім беру шарттарын орындау барысында жүзеге асыры- лады.
Қазақстанда ЖК-ге арналған мынадай салық режимдері бар:

  1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

  2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі:

    1. Патент;

    2. Оңайлатылған декларация;

    3. Белгіленген шегерімді пайдаланушылар.

  3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдері:

    1. шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін;

    2. ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы коопера- тивтері үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет