Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»



бет5/27
Дата13.02.2023
өлшемі209,23 Kb.
#168602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі

Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. 14 жасар Алексей Синицын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмысқа тұрады. Бірнеше айдан соң Серіктестік директорына Синицынның әкесі келеді де баласының бүкіл еңбек ақыны өте қымбат заттарды сатып алуға, ресторандарға барып қыдыруға және т.с.с. нәрселерге орынсыз жұмсайтынын айтып береді. Ал Алексейден басқа екі жас балалар бар болғандықтан, жанұясы ақша жағынан үнемі тапшылық көреді. Оның үстіне Алексейдің анасы денсаулығына байланысты еңбекке қабілетсіз болып табылады.
Директор жанұяның тапшылығын түсінеді де, Алексейдің қолына еңбек ақының тек жартысын, ал қалғанын оның ата-анасына береді. Директордың ірекеті дұрыс па?

№ 2. Борисова өзінің бұрынғы жұбайын өлді деп жариялау жөнінде сотқа өтініш береді. Ол өтінішінде Борисовтың тұрған жері бойынша 5 жылдан ұзақ уақыт бойы мәлімет ала алмағанын, бұған дейін ол алимент төлеуден жалтарғанын, соған байланысты оған іздеу жарияланғанын көрсетеді.


Борисованың өтініші және Борисовтың соңғы тұрғылықты мекенжайындағы тұрғын үй кеңсесінің анықтамасы негізінде хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы шешім шығарады және өтініш жазған тұлғаға Борисовты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен соң төрт жылдан кейін оны өлді деп жариялау туралы өтініш бере алатынын түсіндіреді.
Сот дұрыс шешім шығарды ма?


№ 3.Ефимова өзінің күйеуін өлді деп жариялау туралы өтініш жазып сотқа жүгінеді. Өтінішінде Ефимовтың балық аулайтын колхоздың мүшесі болғанын және балықты өңдеу бойынша сейнерде шебер болып жұмыс жасағанын көрсетеді. Тоғыз ай бұрын ол ішімдік ішкен күйінде қайықта болып, суға батып кеткен. Өтінішке жазатайым оқиға жөніндегі акт пен Ефимовтың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан тергеушінің қаулысын қоса тіркейді. Өтініш беруші өз өтінішін күйеуінің өлімін АХАТ органдары соттың шешімінсіз тіркемейтінін айтып, негіздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет