2018 жылдың 23 ақпан күні Октябрь орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары келді.Оқушыларға эскурсия жүргізілді. Балалар өлкеміздің тарихымен, батыр жерлестеріміз – соғыс ардагерлерінің өмірбаянымен, аудан жетістіктерімен танысып, көп қызықты , керекті деректер алды.
2018 жылдың 1 наурыз күні Алғыс айту күні Самар Агротехникалық колледжінің екінші курс студентерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту;Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Балалар қызығушылықпен сол оқиғалардың бейнероликті тамашалады. Бұдан әрі, іс-шара барысында студенттерге "Благодарность"сөзінен көбірек жаңа сөздер құрау бойынша тапсырма берілді. Балалар тапсырманы орындап, жасалған сөздердің мәнін түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |