Сана философиясы



Дата07.02.2022
өлшемі3,68 Mb.
#85723
Байланысты:
Сана философия-WPS Office
Эссе. Мұратов Арман

Сана философиясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Секциясы: Философия
Дайындаған: Исмагамбетова Ж.Б. (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлау тобы)
Тексерген: Амантаева А.Б. (қауымдастырылған профессор, философия ғылымының кандидаты)
Сана мəселесі-философиядағы басты жəне күрделі, түсіндіруге қиын мəселелердің бірі. Себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылады.
1
Материалистік
2
Идеалистік
Сана философиясы
сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну
сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну
Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті.
Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.
Бейнелеудің сатылары:
1
3
2
қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.
информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы.
Мораль немесе адамгершіліктік сана – адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы.
Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет