3. Интернет желісі арқылы түсіп жатқан тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту)
1-тапсырма
Сандық әткеншек.
Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орындаймыз да, олардың сол және оң жақ бөліктерін салыстырамыз.
37 санының қызықты қасиеті
37*3=111
37*6=222
37*9=333
37*12=444
37*27=999
2-тапсырма
Калькулятордың функционалдық батырмалары
Оқушылар бос торкөздерге терезе элементтерінің атын және калькулятор батырмаларының атын жазып шығады.
3-тапсырма
Оқулықтан: «Өзің орында!» тапсырмаларының 5-есебі
№5-есеп.
Мына сандардың квадрат түбірін тап: 49; 144; 529; 119.
49=7; 144=12; 529=23; 119=10,9
4-тапсырма
Сандарды табу
4*4=16
34*34=1156
334*334=111556
3334*3334=11115556
33334*33334=1111155556
5-тапсырма
Ақпараттық диктант
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің ................................ қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: .................................. және ......................................... .
Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаймыз:
.......................... – Все программы – Стандлартные ............................................ . Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда ........................................................ калькулятор шығады.
Тарихи деректерден...
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
(Слайдта есепшоттың, абактың және қазіргі есептеу құралы калькулятордың суреттері көрсетіліп тұрады)
4. Келесі конференцияда қаралатын мәселелерге тоқталу (үйге тапсырма беру)
Үйге тапсырма – оқулықтан §30, «Өзің орында!» тапсырмасының 1-4 есептері
5. Конференция қорытындысы
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |