Сандық цитохимия әдістері



бет4/31
Дата07.02.2022
өлшемі68,84 Kb.
#95965
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Дәріс 1-15 Сандық цитохимия әдістері
100 log riddles
Цитофотометрия - әдісі арқылы цитохимиялық реакцияның салдарынан пайда болған өнімдердің санын анықтауға болады. Оның негізінде химиялық заттардың белгілі бір толқын ұзындығын қабылдау қасиеттеріне байланысты сандық мөлшерін анықтауға болады. Объектінің жарықты сіңіруі заттың концентрациясына пропорциянал болатындығы анықталды. Алыңған заттың жарықты қабылдау дәрежесін бағалау арқылы оның мөлшерін анықтауға болады. Мұндай зерттеулер үшін цитофотометрия құралы қолданылады, оның объективінде жарық ағынының интесивтілігін тіркейтін өте сезімтал фотометр орналасқан. Өлшенетін құрылымның көлемі мен мөлшерін біле тұра, алыңған заттың концентрациясы мен дәл мазмұнын анықтауға болады. Цитофотометрияның Фельген реакциясынан кейін жасушадағы ДНҚ  санын анықтау әдісі жиі қолданылады. Мұнда ДНҚ-ның өзі емес, ДНҚ мазмұнына пропорционал фуксиннің қызыл түске боялған түрі фотометрленеді.
Стандартты түрмен жұтылудың көлемін салыстыра отырып, ДНҚ-ның граммдағы санының дәл мағынасын табуға болады.
Биохимиялық әдістермен салыстырғанда клеткадағы ДНҚ мөлшерін цитофотометриямен дәлірек анықтауға болады. Сандық көрсеткішті жарық қабылдайтын объектілермен және заттармен қатар, сандық бағаны жарық шығаратындар да алады. Арнаулы белоктарды анықтау үшін флоуресценцияланған антиденелер пайдаланылған имуннохимиялық реакциялар қолданылады.
Цитохимиялық әдістер түрлі заттардың клеткада орналасуын және арнаулы кұралдар арқылы олардың санын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте тұрлі реактивтерді қолданып, клетканың кұрамындағы заттарга сапалық химиялық реакциялар жүргізеді. Белоктарды, нуклеин қышқылдарьн, майларды, көмірсуларды, гормондарды, витаминдерді, ферменттерді, металдарды, т.б, анықтайтын әдістер бар. Цито және гистохимиялық әдістер мұздатылған кесінділерді бояу кезінде жиі қолданьлады, алайда парафинді кесінділерді де бояуға пайдалануга болады. Қазіргі кезде сапалық тәсілдермен бірге ұлпалар мен клеткалардағы түрлі заттардың мөлшерін анықтайтын сандық цито-гистохимиялық әдістер қодданылып жүр. Липидтерді зерттеген кезде бекітілген ұлпаны парафиндеуге болмайды, себебі спирттер арқылы өткізген кезде липидтер ериді. Сондықтан оны криостатта мұздатылған күйде кесу керек. Этил спиртінде сусыздандыру ұлпаның көлемін кемітеді. Ұлпаларды қолдан өсіру әдісі
Ұлпалар мен клеткаларды қолдан өсіріп, зерттеуді организмнен тыс және организмнің өзінің құрамында жүргізуге болады. Ұлпалар мен клеткаларды қолдан өсіру әдісінде клеткалар мен ұлпаларды стерилдік жағдайда арнаулы қоректік ортада шыны камераларда организмнен тыс өсіреді. Осы кезде клеткалар тірі клеткалардың негізгі касиеттерін ұзақ уақыт (10 жылға дейін, тіпті одан да көп) сақтайды. Тірі клеткаларды кинопленкаға түсіріп алуға да болады. Өсімдікгер ұлпаларын бірінші болып қолдан өсіргендер - неміс гистологі Фехтинг (1892), неміс ботанигі Рехтингер (1893) және неміс ботанигі Габерландт (1902), ал жануарлар үлпаларын американдық Гаррисон (1907) және американдық биолог Каррель (1911) өсірген.
Микрохирургия немесе микрургия әдісі
Тірі клеткаларды зерттеу мақсатыңда микрохирургия немесе микрургия әдісінде қолданады. Микроманипулятор деп аталатын кұралмен клетканы кеседі, ішінен бөлікгерін шыгарып алады. Операцияның барысын микроскоп арқылы байкайды. Микрохирургиялық құралдар өте кішкентай шыны қармақтар, инелер, капиллярлар. Микроманипуляцияны арнаулы камераларда жүргізеді.
Рентгенструктуралық талдау әдісі
Рентгенструктуралық талдау әдісі рентген сәулелердің дифракция құбылысына негізделген цитоплазма мен ядроның кұрамына кіретін белоктардың, нуклеин қышқылдарының және баска заттар молекулаларының құрылысын зерттеу үшін қолданылады. Бұл тәсіл молекулалардың кеңістіктегі орналасуын анықтауға, олардың аракашықтықгарын өлшеуге мүмкіндік береді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет