9.1-кесте. Өлшенген магниттік өрістердің диапазондары
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин
Есеп шығару
1 есеп: Катушканың ішіндегі магнит ағыны 32с ішінде 24мВб-ден 50мВб-ге дейін өзгерген кезде индукцияның орташа ЭҚК-і 10 В болуы үшін қанша орам саны керек?
ε =Ф/t; ε =NBS/t=> N= ε t / Ф
N=12300
2 есеп: Темір өзекті катушканының көлденең қимасының ауданы 20см2, ал индуктивтілігі 20мГн. Ток күшінің қандай мәнінде өзектегі магнит өрісінің индукциясы 1мТл болады? Катушканың орамдар саны 1000.
Темір өзекті катушкадағы магинт ағыны бірінші жағынан, Ф=LI тең, ал басқа жағынан Ф=BSN осыдан:
I=BSN/L=0,1A
3 есеп: Индукциясы 0,2Тл болатын вертикальды біртекті магнит өрісінде горизонталь орналасқан ұзындығы 50см өткізгіш 10м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіштің жылдамдық векторы магнит өрісімен 300, ал өткізгіштің осімен 600 бұрыш жасайды. Өткізгіште пайда болатын индукцияның ЭҚК-ін табыңдар.
ε=Bυlsinα. Бұл жағдайда υcosβ жылдамдықтың құрамшысы магнит ағынының өзгеруіне әреет жасамайды. Сондықтан, υsinβ болады, сонда
ε =Bυlsinαsinβ=0,43B
4 есеп: Ұзындығы 1,4 м түзу өткізгіш индукциясы 74мТл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Магнит өрісіне перпендикуляр жазықтықта өткізгіш 75рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады.Өткізгіш ұштарындағы потенциалдар айырымын табыңдар.
Өткізгіш айналған кезде, оның ұштарындағы пайда болған потенциалдар айырымы ∆φ магнит ағынының өзгеру жылдамдығымен анықталады:
∆φ=∆Ф/∆t=πl2B/T=l2Bω/2=5,4B
5 есеп: Ауданы 20 см2, 1000 орамнан тұратын бірқабатты катушка индукциясы 8мТл болатын біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына параллель орналасқан. Катушканың кедергісі 30 Ом. Магнит өрісін алып тастаған кезде катушкадан қандай заряд өтеді?
Магнит өрісті ажыратқан кезде катушканың орамында өздік индукцияның ЭҚК-і пайда болады: ε =NBS/t
I= ε /R <=> I=q/t
q=NBS/R=0,53мКл
Достарыңызбен бөлісу: |