Стандарт № 25
Нечипоренко әдісімен несепті жинау.
Мақсаты: Диогностикалық несептегі формалы элементтердің мөлшерін анықтау ( эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Көрсетілімі: Дәрігердің тағайындалуы бойынша .
Әзірле: бір рет қолданылатын аузы кең, таза, құрғақ, шыны ыдыс, Пациенттің аты, жөні, зерттеу мақсаты, күні, бөлімнің аты, палата нөмірін және медбикенің қолы қойылған жолдама және жолдаманы ыдысқа жабыстыру.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Пациентке несепті жинау тәртібін түсіндіріп, келісімін алу.
2. Қолды гигтеналық деңгейде тазартып жуып, қоллғапты кию.
3. Пациенттің сыртқы жыныс мүшелерін жоғарыдан төмен қараған бағытта жуу .
4. Несептің алғашқы бөлігін зәр қабылдағышқа жіберіп, зәрді бөлуді кідірту керек.
5. Несптің ортаңғы бөлігін 50 мл мөлшерін дайындаған ыдысқа жинау
6. Зертханаға жолдама толтыру ( бөлімі, палата №, мақсаты, зәрдің алынған күні, медбикенің қолы )
7. Жиналған несепті зертханаға жіберу
8. Қолғапты шешіп, қолды тазалап жуып, құрғатыңыз .
Ескерту:
Несепті зерттеу тәуліктің кез келген уақытта жүргізуге болады.
Нечипоренко әдісі – несеп құрамындағы лейкоциттер, эротроциттер, цилиндрлер санын анықтау үшін қолданатын әдіс. Нечипоренко әдісі- белгісіз, жасырын түрде дамитын нефрит және пиелонефрит формаларының диогностикасында және науқастарға тағайындалған ем нәтижесін, аурудың динамикасын бақылауда маңызы үлкен
Несептегі формалы элементтердің қалыпты көрсеткіші
Лейкоциттер-1мл несепте 4000 дейін
Эритроциттер-1мл несепте 1000 дейін
Цилиндрлер анықталмайды
Стандарт № 26
Несепті Зимницкий әдісі бойынша жинау.
Мақсаты: Диагностикалық бүйректің бөлу және концетрациялау қызметін және тәуліктік диурезді анықтау
Көрсетілімі: Бүйрек ауруы
Әзірле: Сиымдылығы 500мл аузы кең, 8 құрғақ, таза, шыны ыдыс, жолдама ( пациенттің аты жөні, бқлімі, палата №, зертттеу мақсаты, порция №; жинау уақыты,медбикенің қолы жазылады), жолдаманы әр ыдысқа жабыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |