Сапа менеджменті жүйесі білімалушыларға арналған ішкі тәртіп



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі30,67 Kb.
#92739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері

4. ОҚУ ТӘРТІБІ


    1. Колледждегі оқу сабақтары жұмыс оқу жоспарларына және оқу процесінің кестелеріне сәйкес кесте бойынша жүргізіледі;

    2. Оқу кестесі семестрге құрастырылады және хабарландыру тақтасына әр семестр басталғанға дейін 7 күн бұрын ілінеді;

    3. Аудиториялар мен зертханаларда практикалық сабақтар өткізу үшін әрбір курс топтарға бөлінеді. Студенттік топтардың құрамы директордың бұйрығымен белгіленеді;

    4. Әр топта бөлім меңгерушісімен үлгерімі жақсы және тәртіпті оқушылар арасынан староста тағайындалады, ол топ жетекшісімен және ЖІК-пен тығыз байланыста болып жұмыс істейді; сонымен қатар староста топ білімалушыларының пікірін ескере отырып тағайындалады;

    5. Топ старостасы оқу тобының жетекшісіне (кураторына) тікелей бағынады, өз тобының жұмысын оның тапсырмалары мен нұсқауларына сәйкес ұйымдастырады. Старостаның күнделікті міндеттеріне қатысу журналын жүргізу, кезекшілерді тағайындау кіреді, олар аудиторияда тәртіпті сақтайды, сабаққа тақта дайындайды, дәрісхананы желдетеді;

    6. Ауырып қалған жағдайда білімалушы (немесе оның ата-анасы) сырқаттанғаннан кейінгі үш күн мерзімінде телефон қоңырауымен немесе жазбаша курьер арқылы оқу тобының жетекшісіне немесе бөлім меңгерушісіне ауыру фактісі туралы хабарлайды;

    7. Ауырған жағдайда білімалушы сауыққаннан кейін келесі күннен кешіктірмей оқу тобының жетекшісіне Алматы қаласының емханасында расталған, белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы ұсынады;

    8. Басқа жағдайларда дәлелді себептермен сабақты босатқан кезде білімалушы келесі күннен кешіктірмей топ жетекшісіне бұл туралы хабарлауға және ол сабақтан қалған күннен соң оқу орнына келген бірінші күні топ жетекшісіне сабақты босатудың себептерін түсіндіруге міндетті;

    9. Сыртқы киімдерін гардеробқа тапсырады. Сабақ басталар алдында білімалушылар мұғалімге ұялы телефонын өткізуге міндетті.

    10. Білімалушылар аудиторияға мұғалім кірген кезде орындарынан тұруға міндетті.

    11. Білімалушыларға сабаққа кешігуге рұқсат етілмейді. Білімалушыларға аудиторияға қоңырау шалғаннан кейін кіруге және оқытушының рұқсатынсыз сабақ аяқталғанға дейін шығуға рұқсат етілмейді;

    12. Білімалушылар келесі айдың 10-нан кешіктірмей өткен айдағы оқу қарыздарын тапсыруға міндетті;

    13. Білімалушылар кітапхананы пайдалану ережелерін мүлтіксіз сақтауға, кітапхана қорынан алынған кітаптарға, журналдарға және басқа да материалдарға ұқыпты қарауға, кітапхана қызметкерлерінің өкімдерін (тапсырмаларын) орындауға міндетті;

    14. Білімалушылар колледж дәрісханаларында тазалық пен тәртіпті сақтауға, жиһазға, оқу құралдарына, кітаптарға, компьютерлерге, аспаптарға және т.б. ұқыпты қарауға міндетті. Әкімшіліктің рұқсатынсыз зертханалардан, оқу дәрісханаларынан және басқа да бөлмелерден заттар мен әртүрлі жабдықтарды ауыстыруға немесе шығаруға тыйым салынады;

4.15 Колледж білімалушылары оқу орнында тәртіпті және ұқыпты болуы тиіс: темекі
шекпеуі, сағыз шайнамауы, еденге және тротуарларға түкірмеуі, ғимарат,
аудиторияларға кіретін және олардан шығатын кезде, дәлізден өтетін жерлерде
үлкендер мен әйелдерге жол беруі тиіс;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет