1.2 Қарусыз және қарумен саптық тәсілдерді, қозғалыстарды оқытуды заманауй жолдармен түсіндіру
Сабақты бастар алдында оқытушы студенттерге үлгілі көрсету арқылы саптық тұрыстың элементтерімен таныстырады (1-сурет). Соған орай, студенттер оқытушының қимылын алдынан және жанынан көріп тұруы тиіс. Сонан соң оқытушы саптық тұрыс қандай жағдайда қолданылатынын айтып көрсетеді және бұйрықты бергенде, алғанда саптық тұрыстың дұрыстығына баса назар аударады. Көрсетуді аяқтай келе, оқытушы студенттерге саптық тұрысты қабылдауға мүмкіндік беріп, әр қайсысын тексеріп, қателіктерін түзейді. Осыдан кейін әр элемент бойынша саптық тұрысты үйретуге кіріседі. Егер, бөлімшелердегі студенттердің көпшілігі қателіктер жіберсе, оқытушы практикалық тәсілге, яғни дайындық жаттығуларына көшеді. Ол үшін бөлімшелердің студенттері жайылма бір қатарлы сапқа тұрады. Бөлімшенің командирі бірінші дайындық жаттығуын көрсетеді - «Өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша». Бұл жаттығуды оларға 2-3 минут орындауға мүмкіндік береді, ол өзі аяқ киім өкшесінің күйін бақылайды. Сонан соң оқытушы жаттығуға кіріседі [13].
1 сурет. Бөлiмшенiң саптық тұрысты үйренуi үшiн сап түзуi
Бұл дайындық жаттығуды орындау мына пәрмен бойынша орындалады: «Аяқтың ұшын қос, жаса – БІР, аяқтың ұшын ажырат – ЕКІ және т.б.»
Пәрменді бере отырып, бөлімше командирі аяқ ұштарының орналасқан күйіне назар аударып, кеткен кемшіліктер болса, жолай түзеп отырады. Алғашқыда жаттығу жалпы пәрменде бірнеше рет орындалады, сонан соң бөлімше командирі әр студенттің жаттығуды орындауын қадағалайды. Осыдан кейін ол жеке өз алдына жаттығуды тағы бір мәрте орындауға бұйрық береді. Жаттығуды бес-жеті рет орындауы керек, сонда ғана аяқтың ұштарын сызықтан ауытқып кету-кетпеуін тексеруге болады [14].
Жекелік жаттығудан кейін бөлімше оқытушы жұптық жаттығуға көшеді, ол үшін студенттерді бірінші мен екіншіге есеп жүргізіп, мынадай пәрмен береді: «Бірінші нөмерлілер сол-ҒА, ал екіншілер оң-ҒА», сонан соң: «Бірінші нөмердегілер тексеріліп, екіншілер – жұптық жаттығуға - КІРІС», ал өзі жаттығу барысын қадағалап, кемшіліктер мен қателіктерді түзеп, орындаушы мен бақылаушының орнын, алма-кезек ауыстырып отырады [15].
Кейін оқытушы немесе бөлімше оқытушысы екінші дайындық жаттығуын – «Кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсынылу арқылы, иықтарды қыспай, жазып ішті тарту» – көрсетеді (2-сурет).
2-сурет. Саптық тұрысты элементтер бойынша үйрену:
а – дене күйiнiң дұрыстылығын тексеру; б – саптық тұрыс кезiндегi дененiң күйi;
в – саптық тұрыстың «Бостан» күйiнен айырмашылығы.
Осы жаттығу алдындағы секілді деңгейде орындалады. Оқытушы студенттерге осы жаттығуды бастар кезінде терең дем алу керек екенін, сондай-ақ көкіректі алға ұмсынылуды ұстап тұрудың (дем шығарғанда) қажетін түсіндіреді [16].
Бұл дайындық жаттығуды оқытқанда мынадай пәрмен беріледі «Көкіректі көтеру, ішті тарту, иықты жазу, денені алға ұмсынылу, жаса – БІР, бірінші күйді қабылдау, жаса - ЕКІ».
Жаттығу бөлімшедегі әр студент дұрыс саптық тұрыс кезіндегі күйдің қалыпты тұрыстағы күйден айырмашылығын сезінгенге дейін жалғаса береді.
Осы күйлерді айырмашылығын көрсету үшін айнаны қолдану немесе бір қатарды басқа қатарға қарама-қарсы орналастыру қажет, сонан соң «Бірінші командирлер – еркін тұрады, екінші командирлер – кеудені көтереді». Осындай пәрмен бірінші нөмердегілерге қайталанады, ал екінші нөмерлілер «Еркін» күйінде тұрады. Осы жаттығуды бірнеше рет орындағаннан кейін айырмашылық айқын байқалады [17].
Екінші дайындық жаттығуын қайталау барысында бөлімше командирі оқушыларға саптық тұрыс кезінде басты қалай ұстау керек екенін көрсетеді. Бастың күйін тексеру үшін саптық тұрысты қабылдаған жөн. Бастың дұрыс күйінде студент өзінен 2-3 адымдағы ең жақын нүктені көруі тиіс, ал егер ол оны бір адымда көрсе немесе аяқ киімінің ұштарын көрсе, студент басын дұрыс ұстап тұрған жоқ деген сөз. Командир дұрыс саптық тұрыста кеуде иектен біршама алда болатынын айтып түсіндіреді [18].
Дайындық жаттығуларды аяқтап оқытушы (бөлімше оқытушысы) саптық тұрыстың барлық элементтерінен жаттығуға көшеді, сол кезде «САПТАЛ», «ТІКТЕЛ», немесе басқа пәрмен бойынша, мәселен, «Екі адым алға (артқа) – АДЫМДА», «Студент Асанов. Бір адым - АЛҒА» т.б.
Саптық тұрыстың дұрыстылығын тексеру үшін, жаттығу барысында студенттерге өкшеге көтерілуге пәрмен беру қажет. Егер, саптық тұрыс дұрыс күйде болатын болса, онда бөлімшедегі студенттерге бұйрықты алға еңкеймей жеңіл орындайды. Оқытушы «Өкшені көтер, жаса – БІР». Саптық тұрысты дұрыс жасағандар, өкшені көтере алмайды.
Сабақтың аяғында оқытушы әр студентке саптық тұрысты орындағанына қарап баға беруі тиіс. Осы мақсатта бөлімше оқытушысы әр қайсысын тағы бір рет баға беріп, тексереді [19].
Достарыңызбен бөлісу: |