635 әдісі «Миға шабуыл» әдісіне ұқсас. 6 сарапшы қатысатын бұл әдісті шектелген уақыт мерзімінде (5 мин) 3 жаңа идеяны жазбаша ұсынуы қажет. Әдетте, жарты сағат бойы өткізіледі. Осы уақыт кезеңінде сарапшылар тобы 18 идея жазып үлгереді. Жапонияда осы әдісті табиғатты қорғау, экономикалық жобалар жасағанда құнды идеялар жинақтау мақсатында қолданады.
Табиғатты пайдалану түрлері
Табиғатты пайдалану дегеніміз – адамзат қоғамы өзінің өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, ақпараттық және әртүрлі табиғат байлықтары мен табиғат құбылыстарының жиынтығын өз қажетіне қолдану мүмкіншілігі.