Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы
"Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп"
КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шаймагамбетова Балжан Бакитжановна.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 8 «А» сынып
Өтетін күні: 17.10.2013 ж.
Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Мақсаты: Сызықшаның бастауыш пен баяндауышқа қатысты орфографиялық қолданысын жетік меңгеру.
Міндеттері:
- сөйлем ішіндегі бастауыш пен баяндауышты ажырата білу және сызықшаның қолдану орнын үйрену;
- жоғары деңгейлі сұрақтар мен күрделенген тапсырмаларды қолданыла отырып, сызықшаның қызметіне талдау жасау.
- меңгерген біліміне кері байланыс жасап, ой қорыту, ой толғаныс жазу.
Модульдер:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану».
Әдіс-тәсілдер:
«Шаттық шеңбері», «Балалық шаққа саяхат», «Ыстық орындық», «Топқа бөлу: түрлі-түсті алма стикерімен», «Даналық ағашы», «Мағынаны тану», «Сергіту сәті», «Мен – саған, сен – маған»,«Миға шабуыл», «Қосу, алу, қызықты», «Блоф-класс», «Бүгін алған әсерім» рефлексиясы.
Бөлімі
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин
|
Сыныпқа кіру
1-2 ұпай
«Шаттық шеңбері» стратегиясы.
Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
«Балалық шаққа саяхат» стратегиясы.
Мақсаты:
құрбы-құрдастар арасында сенімді ықылас қалыптастыру.
«Ыстық орындық» стратегиясы.
Мақсаты:
Кері байланыс жасап, нақтылай өңдеу арқылы білімін нығайту.
|
Амандасу, қалдарың және көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа келмей қалған оқушыларды анықтау. Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеруден бастаймын. «Балалық шаққа саяхат» стратегиясымен оқушыларымның есіне өткенді түсіріп, бір-біріне жақындастырамын.
Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» стратегиясымен тексеремін.
|
Амандасады. «Шаттық шеңберінде» ырғала билейді. «Балалық шаққа саяхат» стратегиясын орындайды. Көңіл-күйі көтеріледі. Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» арқылы түсіндіреді. Топқа бөлінеді. «Даналық ағашы» блоф-класын толтырады.
|
«Смайлик»,
«Түрлі түсті стаканмен бағалау»
|
АКТ, түрлі-түсті алмалар стикері.
|
Тұсаукесер
10 мин
|
Білу, тану
1-2 ұпай
Топқа бөлу
Мақсаты: ынтымақтастыққарым-қатынас орнату.
«Даналық ағашы» блоф-класы.
Мақсаты:
өзіндік деңгейін анықтау
|
Сыныпты 5 топқа (бес түсті алма стикерімен) бөлемін. «Даналық ағашы» блоф-класын таратамын.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз да, міндеттерді анықтаймыз.
|
Диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
|
- Рахмет!
- Тамаша жауап!
- Жарайсың!
|
Оқулықты негізге алады.
|
Негізгі бөлім
25 мин
|
Жаңа сабақ
Түсіну 3-4 ұпай
«Мағынанытану» стратегиясы
Мақсаты: ой қозғау,жаңа материалды игерту
|
«Мағынаны тану» стратегиясының мәнін түсіндіріп, оқушыларға бағыт береді.
|
«Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша» атты жаңа тақырыпты оқулықтан оқып түсінеді.
|
- Жарайсыңдар!
- Белсенділік таныттың, мықтысың!
|
Оқулық
|
|
Сергіту сәті. Мақсаты: оқушылардың физиологиялық қажеттіліктерін реттеу.
|
«Сергіту сәтінде» би билетіп жайлы климат орнатады
|
Би билеп, дене қимылдарын жасап сергиді.
|
- ... Әдемі қозғала біледі екен.
- ... Пластикалық дене қимылы тартымды!
|
АКТ
|
|
Қолдану
Ұпай5-6
«Мен – саған, сен – маған» стратегиясы. Масаты:серіктесті серіктес оқыту
|
«Мен – саған, сен – маған» стратегиясы арқылы топтардың бір-бірімен білгендерін ортаға шығып қорғау керек екенін түсіндіреді.
|
Жаңа тақырып бойынша біліп, түсінгендерін постерге түсіріп қорғайды. Бұл тақырып бес рет қайталанып түсіндірілген соң оқушылар жаңабілімді меңгереді.
|
Смайликтер
|
Флипчарт, маркер, фломастер.
|
|
Талдау
7-8 ұпай
«Миға шабуыл» стратегиясы
Мақсаты: ой қозғау
|
«Миға шабуыл» стратегиясы меңгерген білімді тәжірибеде қолдану, яғни талдау жұмыстары арқылы білімді нақтылауға бағыттайтынын ұғындырады.
|
Жаттығулар орындайды. Топ жаттығу жұмыстарын талдап қорғайды.
|
Түрлі түсті стакан
|
Оқулық, дәптер, қалам.
|
|
Жинақтау
9-10 ұпай.
«Қосу, алу, қызықты» стратегиясы.
Мақсаты: өзара бағалауды үйрету
|
«Қосу, алу, қызықты» стратегиясының мазмұнымен таныстырады.
|
Топтар бірін-бірі бағалайды. Оқушы өз серіктестеріне және өз тобына, басқа топтарға сыни көзқараспен қарай біледі.
|
«Қосу, алу, қызықты»
|
Стикер
|
Қорытынды
3 мин
|
Бағалау
11-12 ұпай
Рефлексия
«Бүгін алған әсерім» стратегиясы
Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау.
|
Кері байланыс. «Бүгін алған әсерім» рефлексиясы.
|
Кері байланыс жасайды. Бүгінгі күні алған әсерін стикерге жазады.
|
|
Стикер
|
Үйге тапсырма
2мин
|
Үйге тапсырма. Мақсаты: жаңа тақырыпты пысықтау.
|
Тапсырмалардың орындалу барысын түсіндіреді.
|
67-жаттығу.
Теорияны оқу.
«Мінсіз оқушы қандай болмақ?» ойтолғаныс жазу.
|
|
Оқулық, дәптер.
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 8 «А» сынып
Өтетін күні: 18.10.2013 ж.
Сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш.Тура және жанама толықтауыштар
Сабақ мақсаты:
Тұрлаусыз мүшелер, толықтауыш және оның түрлері туралы білім ала отырып, оқу үрдісіне өзіндік ішкі уәждерін ояту.
Міндеттері:
-толықтауышты сөйлем ішінде табу, сонымен қатар тура және жанама толықтауышты ажырата білу;
-теорияны практикамен байланыстыра отырып, синтаксистік талдауға жатық болу, талдау жұмыстарында білімін қолдану;
- рефлексия арқылы ой жинақтау, сабақ мазмұнын, оқушы білімін бағалау.
Модульдер:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».
Әдіс-тәсілдер:
«Шаттық шеңбері», «Өрмекші торы», «Топқа бөліну: жеміс-жидектер», «Мағынаны тану»,«Сергіту сәті», «ВЕНН диаграммасы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Блумм таксономиясы» .
Бөлімі
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин
|
Сыныпқа кіру
1-2 ұпай
«Шаттық шеңбері» стратегиясы.
Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
«Өрмекші торы» стратегиясы.
Мақсаты:
Кері байланыс жасап, нақтылай өңдеу арқылы білімін нақтылау.
|
Амандасу, қалдарың және көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа келмей қалған оқушыларды анықтау. Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеруден бастаймын.
Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» стратегиясымен тексеремін.Сыныпты 5 топқа (құлпынай, шие, қарбыз, алма, өрік) қиылған жемістер арқылы бөлемін.
|
Амандасады. «Шаттық шеңберінде» ырғала билейді. Көңіл-күйі көтеріледі. Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» арқылы түсіндіреді. Топқа бөлінеді.
|
Mадақтау
Жарайсың!
Бәрекелді!
Өте жақсы!
|
Музыка әуенімен «Шаттық шеңберінде» билеу, көңіл-күйлерін көтеру. Жеміс-жидектердің суретімен топқа бөлемін. Әр жеміске тән мінез жайлы тақтадан оқып беремін. Бағалау парағы таратылады.
|
Тұсаукесер
10 мин
|
Білу, тану
1-2 ұпай
|
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз да, міндеттерді анықтаймыз.
|
Диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
|
- Рахмет, тамаша! Жарайсыңдар! Сабақтың мазмұнын ұғынуға белсене кірісейік.
|
Интербелсенді тақта, диалогтық талдау.
|
Негізгі бөлім
25 мин
|
Жаңа сабақ
Түсіну 3-4 ұпай
«Мағынанытану» стратегиясы
Мақсаты: ой қозғау,жаңа материалды игерту
Сергіту сәті. Мақсаты: оқушыларға дене қимылдарын жасату.
|
«Мағынаны тану» , «Сергіту сәті»
|
Толықтауыш, тура және жанама толықтауышқа байланысты ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.
Түсінгендері бас бармағынжоғары, жартылай түсінгендері бас бармағынжанына қаратады, түсінбегендері бас бармағынтөмен қаратады.
|
-Бас бармақ
|
Сұрақ-жауап
Интербелсенді тақта.
«Бас бармақ» әдісі
|
|
Қолдану
5-6 ұпай
«ВЕНН диаграммасы» стратегиясы. Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
|
«ВЕНН диаграммасы» стратегиясының мазмұнын оқушыларға ұғындырады.
|
Тура толықтауыш пен жанама толықтауышты салыстырады да, ерекшелігін көріп, ой түйеді. Толықтауыштың екі түрін ұмытпайды.
|
Ынталандыру
-топта сен ерекше белсенділік таныттың!
-бүгін сен сұрақтарға дұрыс жауап бердің!
|
Интербелсенді тақта, флипчартқа, маркер, фломастер.
|
|
Талдау 7-8 ұпай
|
Жаттығу жұмыстарын топтарға бөліп береді.
|
Жаттығулар орындайды.
|
- Талдауды үздік меңгерген екенсің!
- Сен мұнан да толықетіп талдау жүргізе аласың!
|
Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, қалам.
|
|
Жинақтау 9-10 ұпай.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.
Мақсаты: өзара бағалауды үйрету
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Топтар бірін-бірі бағалайды. Оқушы өз серіктестеріне және өз тобына, басқа топтарға сыникөзқараспен өарай біледі.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Зерттеушілік әңгіме
|
Қорытынды
Бағалау
3 мин
|
Бағалау 11-12 ұпай
Рефлексия
«Блум таксономиясы» стратегиясы
Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау.
|
Кері байланыс. «Блумм таксономиясы».
|
Кері байланыс жасайды. Білген, үйренгенін, нені үйренгісі келетінін арнайы кестеге жазады.
|
«Блумм таксономиясы».
|
«Блум таксономиясы» кестесі бар парақша.
|
Үйге тапсырма
2мин
|
Үйге тапсырма. Мақсаты: жаңа тақырыпты пысықтау.
|
Үй тапсырмасының орындалу ретін түсіндіріп, оқушыға тапсырма береді.
|
67-жаттығу.
Теорияны оқу.
«Мінсіз оқушы қандай болмақ?» ойтолғаныс жазу.
|
|
Оқулық, дәптер.
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 8 «А» сынып
Өтетін күні: 21.10.2013 ж.
Сабақ тақырыбы: Дара, күрделі, үйірлі толықтауыштар
Мақсаты:
Толықтауышты құрамына қарай ажырата білу, тілдік қолданыста еркін пайдалану.
Міндеттері:
-дара, күрделі, үйірлі мүшелерді ажыратуды түсіну;
- ерекшеліктерін түсіне отырып, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдай білу;
- өзін және өзгені бағалау, когнитивті ойлауды
дамыту.
Модульдер:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Әдіс-тәсілдер:
«Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке», «Топқа бөлу: туралған суреттермен», «Себеттегі тапсырма», «Мозайкалық ДЖИКСО», «Миға шабуыл», «Ойтолғаныс», «Бағдаршам», «Рефлексия: мен өзімді қалай сезінемін?»
Бөлімі
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин
|
Сыныпқа кіру
1-2 ұпай
«Шаттық шеңбері»стратегиясы. Мақсаты: жайлы климат жасау.
«Жүректен жүрекке» стратегиясы. Мақсаты: ынтымақтастық жағдайды жақсарту.
«Миға шабуыл» стратегиясы. Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
|
Амандасу, қалдарың және көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа келмей қалған оқушыларды анықтау. Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеруден бастаймын. Сыныпта жайлы климат орнату үшін «Жүректен жүрекке» стратегиясымен оқушыларға ынтымақтастық жағдай жасаймын. Сыныпты «Миға шабуыл» стратегиясына негізделген қиылған суреттер арқылы 5 топқа бөлемін.
|
Амандасады. «Шаттық шеңберінде» ырғала билейді. Көңіл-күйі көтеріледі. «Жүректен жүрекке» стратегиясымен бір-біріне жылы тілек айтады.Үй тапсырмасын «Себеттегі тапсырма» арқылы түсіндіреді. «Жарайсың!» формативті бағалау, өз арқасынан өзі қағады. Топқа бөлінеді.Өзін-өзі реттейді.
|
Ынталандыру
- Жарайсың! Сендей жақсы оқушы кемде-кем. Сен мұнан да мықты бола аласың! (Оқушы өз арқасынан өзі қағады немесе басынан сипайды)
|
Музыка әуені. Суреттер (қиылған суреттер).
|
Тұсаукесер
10 мин
|
Білу, тану
1-2 ұпай
|
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз да, міндеттерді анықтаймыз.
|
Диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
|
Mадақтау
- ... Супер! Оны бәрі біледі!
|
Интербелсенді тақта, диалогтық талдау.
|
Негізгі бөлім
25 мин
|
Жаңа сабақ
Түсіну 3-4 ұпай
«Мозайкалық ДЖИКСО» стратегиясы. Мақсаты: өздігінен оқу, білімді бір-бірін оқыту арқылы меңгеру.
|
«Мозайкалық ДЖИКСО» стратегиясының қолданылуын түсіндіремін. Яғни топ мүшелері: төраға, баяндамашы, ішкі және сыртқы бақылаушы және таймкиперден тұратынын, әр топ мүшесінің атқаратын қызметімен таныстырамын.
І кезең. Топтың баяндамашысын дайындау жолдарын топтарға айқындайды.
|
Оқушылар өздігінен реттеледі. Топ құрамындағы әр қызметті өзара жіктейді. Әр оқушы өз жұмысын дұрыс орындауға әрекетін бағыттайды, еңбектенеді.
|
|
Сұрақ-жауап
Интербелсенді тақта.
«Бағдаршам» әдісі
|
|
Талдау
5-6 ұпай.
«Мозайкалық ДЖИКСО»
ІІ кезең. Мақсаты: бақылау, талдау, талқылау, интерпретацияны дамыту.
|
«Мозайкалық ДЖИКСО»
ІІ кезең. Топ баяндамашысы өз тақырыбын қорғайтынын айтады.
|
Дара, күрделі, үйірлі толықтауышқа байланысты білімдерін әр топ баяндамашысы келесі топқа барып қорғайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Бағдаршам
арқылы сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау.
Қызыл: «түсінбедім»
Сары: «сенімді емеспін»
Жасыл: «түсіндім»
Кері байланыс жасайды.
|
Интербелсенді тақта, флипчартқа, маркер, фломастер.
|
|
Қолдану 7-8 ұпай
«Мозайкалық ДЖИКСО»
ІІІ кезең. Мақсаты: дамыта оқыту теориясын практикада жүзеге асыру.
|
«Мозайкалық ДЖИКСО»
ІІІ кезең. Жаттығу жұмыстары арқылы топ білімін дәлелдеу керек екенін ескертеді.
|
Дара, күрделі, үйірлі толықтауыш туралы білгендерін жаттығу жұмыстары арқылы бекітеді.
Жаттығулар орындайды.
|
Өзара және өзін-өзі бағалау:
кесте арқылы.
|
Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, қалам.
|
|
Жинақтау 9-10 ұпай.«Ойтолғаныс» стратегиясы. Мақсаты: «оқушы үнін» есту, ой еркіндігі мен білім деңгейін бақылау.
|
«Ерте, ерте, ертеде» ертегі жазуға уақыт береді.
|
Дара, күрделі және үйірлі толықтауыш туралы ертегі ойлап құрастырады.
|
Өзара және өзін-өзі бағалау:
кесте арқылы.
|
Зерттеушілік әңгіме
|
Қорытынды
Бағалау
3 мин
|
Рефлексия 11-12 ұпай
«Мен өзімді қалай сезінемін?» стратегиясы.
«Бағдаршам» стратегиясы. Мақсаты: бағалау шарттарын үйрену.
|
Кері байланыс, «Рефлексия: мен өзімді қалай сезінемін?», «Бағдаршам».
|
«Бағдаршам» бағалауын қолдануды үйренеді, сыныптастарын бағалайды.
|
Мұғалімнің бағалауы: смайликпен
|
«Рефлексия» кестесі бар парақша таратылады. «Бағдаршам» суреті бар парақша әр топқа беріледі.
|
Үйге тапсырма
2мин
|
Үйге тапсырма. Мақсаты: жаңа тақырыпты пысықтау.
|
|
Теорияны оқу.
Толықтауыштың әр түріне 3 сөйлемнен жазу.
«Ерте, ерте, ертеде» атты тура және жанама толықтауышқа ертегі құрастыру.
|
|
Оқулық, дәптер, қосымша дереккөздері, АКТ.
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 8 «А» сынып
Өтетін күні: 28.10.2013 ж.
Тақырыбы: Анықтауыш
Мақсаты: Анықтауышқа тән қасиеттерді танып-білу және жоғары деңгейлі сұрақтар қоюға дағдылану
Міндеттері:
- жаттығу жұмыстарын орындау барысында басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігін тауып анықтай білу;
-өздігінен және серіктестің көмегімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
-«Адамның жақсы болмағы – өзінен» тақырыбына ойтолғау жазу.
Күтілетін нәтиже:
- жаттығу жұмыстарын орындау барысында басқа сөйлем мүшелерімен шатастырмай анықтай біледі;
- өздігінен және серіктестің көмегімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастырады;
- ойтолғауды білгеніне саралау жасай отырып, тұжырымды ойлар айтып жаза алады.
Модульдер:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шеңбері», «Кім көп сәлемдеседі?», «Топқа бөлу: ән жолдарымен», «Мен – саған, сен – маған», «ДЖИКСО-2 әдісі», «Сергіту сәті: табиғат әлемі», «Бас бармақ», «Түрлі-түсті стақан», «Ойтолғаныс» стратегиясы, «Рефлексия», «Блоф-класс» рефлексиясы, «Тілектер шары» стратегиясы.
Бөлімі
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин
|
Сынып
1-2 ұпай
«Шаттық шеңбері» стратегиясы.
Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
«Кім көп сәлемдеседі?» стратегиясы.
Мақсаты:
құрбы-құрдастар арасында сенімді ықылас қалыптастыру.
|
«Шаттық шеңберіне» тұрғызу, «Кім көп сәлемдеседі?» атты стратегия арқылы ынтымақтастықтағы жайлы атмосфера құру. «Мен – саған, сен – маған» әдісімен үй жұмысын тексеремін.Ән жолдарымен топтастырамын.
|
Бір-бірімен сенімді, ынтымақтастықтағы орта құрады. Көңіл-күйлері жақсарады. Өз-өздерін реттейді. Топтасады, топ тапсырмасын орындауға дайындалады. Кері байланыс жасап, өткен сабаққа шолу жасайды, білгендерін ортаға салады.
|
Формативті бағалау оның ішінде:
- Жарайсың!
- Тамаша!
- Супер!
|
Музыка әуені. Ән жолдары жазылған қағаздар. Жұмсақ ойыншық. Дәптерлеріндегі жаттығу.
|
Тұсауке-сер
10 мин
|
Білу, тану
1-2 ұпай
|
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын «Миға шабуыл» әдісімен оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз да, міндеттерді анықтаймыз.
|
Диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
|
Mадақтау
-Бас бармақ
|
Интербелсенді тақта, диалогтық талдау.
|
Негізгі бөлім
25 мин
|
Жаңа сабақ
Түсіну 3-4 ұпай
«ДЖИКСО ІІ» стратегиясы. Мақсаты: жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
|
«ДЖИКСО ІІ» стратегиясының қолданылуын түсіндіремін. Яғни топ мүшелері: әр топ бір отбасы екенін, өзара әр топ мүшесінің атқаратын қызметімен таныстырамын.
І кезең. «1, 2, 3, 4, 5» деп санамалап бөлу және оларды сан бойынша қайта топтап тапсырма беру.
|
Оқушылар өздігінен реттеледі. Топ құрамындағы әр қызметті өзара жіктейді. Әр оқушы өз жұмысын дұрыс орындауға әрекетін бағыттайды, еңбектенеді.
|
Mадақтау
-Мына топ өте тамаша бірлескен жұмыс жасап отыр! (Қолпаштау)
|
Сұрақ-жауап
Интербелсенді тақта.
«Бағдаршам» әдісі
|
|
Талдау
5-6 ұпай
«ДЖИКСО ІІ»
ІІ кезең. Мақсаты: диалогтық оқыту арқылы табысты білім алу.
Сергіту сәті: «Табиғат әлемі». Мақсаты: оқушыны оқуға ынталандыру.
|
«ДЖИКСО ІІ»
ІІ кезең. Топ мүшелері өз тақырыбын қорғайтынын айтады. Сергіту сәті: «Табиғат әлемі»
|
Анықтауышқа байланысты білімдерін әр топ мүшесі келесі топта бірлесіп оқып, отбасына барып қорғайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Mадақтау
-Бас бармақ
|
Интербелсенді тақта, флипчартқа, маркер, фломастер.
|
|
Қолдану 7-8 ұпай
«ДЖИКСО ІІ»
ІІІ кезең. Мақсаты: күрделі тапсырмалар арқылы оқушының оқуға қызығушылығын ояту.
|
«ДЖИКСО ІІ»
ІІІ кезең. «Табиғат әлемі» стратегиясыменсергіту сәті аяқталған соң, сол суретке негіздеп мәтін құрастыру, ол мәтіннен анықтауыштарды құрамына және жасалу жолына қарай талдау арқылы топ білімін дәлелдеу керек екенін ескертеді.
|
Дара, күрделі, үйірлі анықтауыш және анықтауыштың жасалу жолдары туралы білгендерін шығармашылық жұмыстарына синтаксистік талдау жасау арқылы бекітеді.
|
Мұғалімнің бағалауы:түрлі-түсті стақандармен бағалау.
|
Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, флипчарт, қалам.
|
|
Жинақтау 9-10 ұпай.
«Ойтолғаныс» стратегиясы. Мақсаты: өзін-өзі реттеу, адам құндылығын көре білуге баулу.
|
«Ойтолғаныс» стратегиясы арқылы «Адамның жақсы болмағы – өзінен...» тақырыбында ойтолғаныс жазуды тапсыру.
Тест сұрақтарына жауап беру.
|
Оқушы толғана отырып, адамдық жайлы өз ойын қағаз бетіне түсіреді. Өзін-өзі реттейді.
|
Суммативті бағалау: тест тапсырмасы арқылы бағалау.
|
Шығармашылық жұмыс
|
Қорытынды
Бағалау
3 мин
|
Рефлексия 11-12 ұпай.
«Рефлексия», «Блоф-класс», «Тілектер шары». Мақсаты: сабақтың барысына кері байланыс жасап, өз біліміне саралау жасау.
|
Кері байланыс, «Рефлексия», «Блоф-класс», «Тілектер шары».
|
«Блоф-класс»
арқылы сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау.
Кері байланыс жасайды.
|
|
«Рефлексия» кестесі бар парақша таратылады. «Бағдаршам» суреті бар парақша әр топқа беріледі.
|
Үйге тапсырма
2мин
|
Үйге тапсырма. Мақсаты: жаңа тақырыпты пысықтау.
|
Өткен тақырыптарды қайталау, шығармашылық жұмыстарды орындау.
|
|
|
Оқулық, дәптер, қосымша дереккөздері, АКТ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |