Саржанова Қарылғаш Мырзабаевна Педагог-психолог Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылы №59жбб ом тақырыбы: «5-інші сынып деген не?»



Дата09.08.2017
өлшемі48,21 Kb.
#23197
Саржанова Қарылғаш Мырзабаевна

Педагог-психолог
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылы

59ЖББ ОМ



Тақырыбы: «5-інші сынып деген не?»

Жүргізілу формасы: психологиялық тренинг-сабақ
Мақсаты : балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Сабақтың түрі : талқылау, ойын сабақ
Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .
Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу. 
Тренинг «Жүректен - жүрекке» 
II . Психологтың кіріспе сөзі. 
5- сынып дегеніміз не ? 
Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.


4-сынып

Бір ғана мұғалім, бір кабинет



5-сынып

Бірнеше мұғалім сабақ береді,сабақ кестесі ауысады, жаңа ұстаздар




І. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек». 
Барысы : әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақта алдындағы гүлге апарып қондырады. 

ІІ. «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу. 

Керекті құралдар: Ватман, түрлі түсті қарындаштар
Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу, қарым – қатынасын анықтау. Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу. 
Оқушылар топ болып отырады. Топқа жұмыс беріледі. Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп , презентация жасайды. 
1 топқа - «Менің бесінші сыныбым», 
2 топқа - «Менің сынып жетекшім», 
3 топқа - «5 сынып оқушысы қандай болу керек ?» 
Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізеді. 
ІІІ. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.



«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны ... »

«5-сыныпта мен (менің) .... келеді».

Оқушыларға 5-сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.



  • 5-сыныпта қандай қиындықтар болды?

  • Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?

  • Қандай қызықты оқиғалар болды?


ІV.Келесі жаттығумыз «Көңілді қырықаяқ»

Балалар қазір біз көңілді қырықаяқ жаттығуын орындаймыз. Бірінен кейін бірің сапқа тұрыңдар, орталарында шарды біреуің кеудеңмен, біреуің арқаларыңмен ұстауларың керек, қолмен шарды ұстамаймыз. Қырықаяқ жылдам-жылдам әр жақтарға қимылдап, қозғала бастайды. Сендердің мақсаттарың: шарды түсірмей, жармай жеткізу.



V. «Мен не істеймін егер де....» жаттығуы.

1- жағдай: Мен сыныбымның класына келсем класым жоқ басқа сабақ жүріп жатыр мұғалімнен сұрап едім білмейтінін айтты. Мен не істеймін?

2- жағдай: Бізде сабақ кестесі озгеріп кеткен, мен оны білмегендіктен бұрынғы сабақ кестесі бойынша дайындалып келдім. Мен не істеуім керек?

3- жағдай: Мен үй тапсырмасын ( тақтадан жазуға үлгермедім, ұмытып кеттім, қай жерде жазылғанын көрмедем) жазған жоқпын және оны үйде орындамадым, мұндай жағдайда не істеуім керек?

4- жағдай: Мен кластастарымнан қалып қойдым, келесі сабақ қай кабинетте болатынын білмеймін. Ал жоғары класс оқушыларынан сұрауға ұяламын. Мен не істеймін?

5- жағдай: Егер мен өзімді нашар сезінім жүрсем мен не істеуім керек?

6- жағдай: Маған сабақ беретін мұғалімнің атын ұмытып қалдым,мен не істеуім керек?

7- жағдай: Кейбір сабақтардан үлгере алмай жүрмін , түсінбей жүрмін мен үшін ол сабақ қиын. Кімнен кеңес сұраймын?

8-жағдай. Мені кластағы балалар көп ренжітеді. Не істеймін?

VІ. «Түймедағы гүлі» жаттығуы.

Мақсаты: оқу мотивациясын анықтау.

Нұсқау: Түймедағы гүлінің суретін сал, әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жаз.


  1. Ең қызықты өтетін , саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.

  2. Саған оқуға қиын пәнді көк түспен боя.

  3. Қызықсыз өтетін сабақты сары түспен боя.

  4. Саған ұнамайтын сабақты қоңыр түспен боя.

VІ. «Менің сыныбымның ғаламшары» жаттығуы.

Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды қортындылай келе сыныбымыздың ғаламшарын құрамыз. Біздің ғаламшарымызда материктер, теңіздер,көлдер,өзендер.жазықтар, таулар болады. Ғаламшардың қандай болуы ол сіздің фнтазияларыңызға байланысты.



Қарым қатынас кезіндегі сыйластық, оқу жетістіктері, қызығушылық, армандарымызды орналастырамыз.

Қортынды

Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет