Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Бронх демікпесінің ұстамасы



бет92/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Бронх демікпесінің ұстамасы
Клиникасы-бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді-алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды. Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Демалысы ысқырық тәріздес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қосылады. Демшығару қиындалады-экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою. Аускультация: құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар көп мөлшерде.
Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу.

  2. Қысқан киімнен босату.

  3. Таза ауа жеткізу, оттегі беру.

  4. Тыныштық жағдай жасау.

  5. Алдандыру шараларын өткізу-қолдарына, аяқтарына ыстық ванналар жасау 40-420С.

  6. Ингаляция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу) немесе беротек, астомопент, алупент т.б. тәулігіне 3-4 рет.

  7. Тиімді болмаса: тері астына 0,1%-адреналин, 15 минуттан кейін 5%-эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада).

  8. Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4%-әуфиллин-тамшылатып-1 мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.

  9. ауыр жағдайда-преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне.

  10. Антигистаминдер-тавегил, супрастин т.б.

11.Муколитиктер-ацетилсистеин, бромгексин т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет