Сақтандыру курсына кіріспе. Сақтандыру курсының маңызы



бет3/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,67 Mb.
#36925
1   2   3   4

ТМД елдері аумағынан ірі жерлерде қайта сақтандыру, сақтандыру бизнесінің ажырамас бөлігіне айналды. Мысалы, Европада ерте уақыттан бері экономикалық қуатты тек қайта сақтандыруға маманданған компаниялар қызмет көрсетеді. Мысалы: «Мюних Ре», «Свис Ре», «Скор», «Кельн Ре», «Меркантайль энд Женерал-груп» және т.б. айналымы млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бірақта қайта сақтандыру нарықтық экономиканың пайдалылығын 1992ж. шілдеде қабылданған да «Қазақстан Республикасын сақтандыру туралы» заңында ескерілмеген. Тек қана 1994 жылы 16 сәуірдегі №1658-ші Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында қайта сақтандыру саласындағы мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғау және жүзеге асыру идеясы қамтылған.

Халықаралық экономикалық қатынастарды мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі «Қазақшетсақтандыру» қайта сақтандыру жөніндегі республикалық компаниясының құрылтайшысы ретінде танылсын, «Қазақшетсақтандыру» Республикадағы түскен төлемдер мен жарналар жинақтаушы компаниялар мен фирмалардың қатысумен барлық сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асырушы ұйым болып көтерілсін.

Шетелдік капиталдың қатысуымен байланысты барлық қауіптерді/мүліктік, жеке, жауапкершілік/Қазақстан аумағында тек қана аталған компания арқылы міндетті түрде сақтандыру қажет. Жалпы қайта ұйымдастырудың мақсаты- «Қазақшетсақтандыру»-дың жеке капиталының деңгейін көтеру болып табылады. 2002 жылы сақтандыру нарығындағы компаниялардың ішінде «Қазақшетсақтандыру» компаниясының үлесі АҚШ долларымен есептегенде жоғары болды. (Қосымша 2-кесте).

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:



  1. Медициналық сақтандыру.

  2. Еңбекке қабілеттілікті және денсаулықты жоғалтудан сақтандыру.

  3. Сақтандыру сомаларын анықтау мен төлеу және жеке сақтандыру бойынша өтем.

Рентаны сақтандыру (аннуитет, зейнетақыны сақтандыру)

  1. Рентаны сақтандыру түсінігі.

  2. Өмірді сақтандыру «өмір сүруіне дейін» шартының рентаны сақтандыру шартынан айырмашылығы.

  3. Сақтандыру тәуекелі, сақтандыру сомасы, сақтандыру сыйақысынтөлеу тәртібі, сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтау.

  4. Аннуитеттерді сақтандырудың қосымша шарттары.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі «Қазақшетсақтандыру» Компаниясының құрылтайшысы ретінде 1995 жылы- 1080000, 1996 жылы- 2500000, ал 1997 жылы 3 млн. теңге және 1 млн АҚШ долларын ақшалай түрде аударды. Одан кейін бұл компанияның сақтандыру қоры 1998 жылдан бастап өсті (Қосымша 3-кесте).

«Қазақшетсақтандыру» компаниясының құрылуына төмендегідей жағдайлар себеп болды. Қазіргі кездегі Қазақстандық сақтандыру нарығының мүмкіндіктері ірі көлемдегі қауіп-қатерді жабуды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан қайта сақтандыру сапалық жаңа маңызға ие болды. Негізгі 1999ж. 3-ші қазанда Елбасы Жарлығында бірнеше шешуші нормативтер белгіленді. Бірінші шарт бойынша жауапкершіліктің ең жоғары көлемі сақтандырушының жеке қорын 10% кем емес, және өзінің ұстап қалған сомасының төменгі мөлшері – қатердің 5% пайзынан кем емес болып бекітілді. Бірақта Қазақстандағы көпшілік компаинялардың әлсіз қаржылық мүмкіндіктері бұл жағдайын шығудың жалғыз мүмкін жолы қатер бөліктерін жергілікті сақтандыру компаниялары арасында бірлесе сақтандыру немесе қайта сақтандыру көмегімен бөлу болып табылады. Осындай операциялардың табиғи өткізілген жолдарының бірі – 2000 жылдың ақпанындағы «Қазақшетсақтандыру»-дың ұсынысы бойынша «Қазастан» пулының құрылуы болды. Оның құрамына республикамыздың ірі сақтандыру компаниясы кірді. Сақтандыру компаниясының пулға біріктірілуі сақтандыруға қатысуға және өте ірі қауіп қатерлерді қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасы аумағында және одан ірі жерлерде мүмкіндік берді.

Пулдың құрылуының негізгі мақсаты – сақтандыру төлемдері бойынша бірлескен міндеттемелер болды, пулға қатысушылардың жалпы жиналысы 2000-жылғы ең үздік компания деп «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру компаниясын атады. Осындан кейін «Қазақшетсақтандыру»-дың меншік қоры 15,6%, ал қайта сақтандырушылардың үлесі -84,4% құрады. (4-ші Қосымша).

Пулдың құрамына: «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру бойынша мемлекеттік компаиня, акционерлік сақтандыру компаниялары «Авиаполис», «Алматы-Аско», «Виктория», «Интергрейт» және басқалар енді. «Қазақстан» пулының тез жойылатын қоры қауіпті жағдайлар бойынша 1млн долларды құрайды. Пулдын қауіптері ішкі нарықта орналастырудың жоғары мүкіндіктері 5млн-ға жуық долларды құрауы мүмкін. Көрсетілген деңгейден артық жауапкершілікті «Қазақшетсақтандыру» үздік компаниыясы орналастырады. Өз қызметінің қысқа мерзімі ішінде «Қазақшетсақтандыру» 1млн доллар және 3млн теңге жарғылық қорына 3,9 млрд сомаға сақтандыру міндеттерін қабылдады, оның 93,4%-ы шетелде қайта сақтандырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы қазанның 10-ғы Жарлығында Қазақстан сақтандырушылары қайта сақтандыру кезінде шетелдік сақтандырудан шарт бойынша міндеттемелердің 5% пайзын ұстап қалуға міндетті. «Қазақшетсақтандыру» компаниясы қызметінің бірінші жылының өзінде жоғарыда көрсетілген жарғылық қоры кезінде сақтандыру қауіпінін 7%-ға дейінгісін өзінің орындауына алуға мүмкіндігі бар еді. Мұндай біздің мемлекетіміздегі қызмет жасаушы сақтандыру компанияларының қолынан келмейді тек «Қазақшетсақтандыру»-дың шетелдік сақтандырушыларының тізімінде барлыққа дерлік елшіліктер мен халықаралық ұйымының өкілдіктерін және коммерциялық ұйымдардың, сонымен қатар олардың қатарына «Каспий ЛТД», «Филипс», «Филипс-Моррис», «Марубени корпорейшн», «Шведиш моторс», «Кока Кола», «Самсунг», «Сэндвиг», «Эрнст-энд Янг», «Шлюмберже» және басқалар көрсетілген. Отандық сақтандырушылар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі, «Астана интерпол» жергілікті қазақстандық банктердің қатысуымен компаниялар, консорсциумдар бар.

Алғашқы жылы «Қазақшетсақтандыру» сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық қызметін бірінші рет сақтандыру опрациясынан өткізілгенін әлемдік сақтандыру бизнесінің осы заманғы ең үздік стандарттарына сәйкес келетін жағдайларын белсенді түрде жасауға бағытталды. Қазақстандағы барлық қоғамдық қатынастар жүйесінің реформалануы терең және шұғыл өзгерістерге байланысты. Қайта сақтандыру қауіптің деңгйін өз мүмкіндіктердің шеңбері шегіне дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты «Қазақшетсақтандыру»-дың алған сақтандыру сыйақының 2000-2001 жылдары сомасын мемлекеттік емес сақтандыру компаниясының мемлекеттік емес түрлері сақтандыру сыйының шамасымен тығыз байланысты.

Болашақта «Қазақшетсақтандыру» компаниясы көрсетілген жарғылық қормен жасалынатын сақтық қорын жасау керек және өзінің жеке ұстауы үшін орташа алғанда сақтандыру қаупінің 10%-ын, сақтандырудың жеке шарттары бойынша- 100%-ын қабылдай алады, яғни өте ірі қатерлерден сақтауды өткізу, мұнай операцияларының сақтандыру ісін анықтауда, теңзде сақтандыру, сақтандыру шарты бойынша республика сақтандырушымен бірлесе өткізу.

Жалпы «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ қызметінің басты бағыты- инвестициялық қатерді сақтау жүйесін құру және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, шетелдік істер әріптестерге сақтандыру жөнінде қызмет көрсету. Негізінен «Қазақшетсақтандыру» компаниясында сақтандыру түрлерінің ішінде, мұнай-газ саласындағы сақтандыру мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкешілігін сақтандыру өте жақсы дамыған. (Қосымша % 6) 2001 жыл мен 2002 жылдың екінші жарты жылдынғында Қазақстанның сақтандыру нарығында «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-ның үлес салмағы мынадай:

Жиналған сақтандыру сыйының үлесі (АҚШ долл.)




2001 жылдың 6 айы

2002 жылдың 6 айы

өсуі %

Қазақшетсақтандыру


8 432 840

12 484 703

48%

Қазақстан Республикасы

45 308 041

65 725 297

45%

Үлесі %


18,61%

19,00%




2001 жылдың аналитикалық кезеңімен салыстырғанда, 2002 жылдың 6 айында «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-на жиналған сақтандыру сыйының үлесі 48% тен астам. Нарық бойынша өсуі 45% құрайды.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:



  1. Зейнетақыны сақтандыру – жеке сақтандырудың түрі.

  2. ҚР халықты әлеуметтік қорғау концепциясына сәйкес зейнетақы аннуитеттер нарығының дамуы.

  3. Рентаны сақтандыру шартының варианттары – жылдамдығы, өмірлік аннуитет, шегерілген аннуитет, уақытылы аннуитет.



Мүлікті сқтандыру. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

  1. Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық қалыптасуы.

  2. Мүлікті сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтері.

  3. Мүліктік сақтандыру бойынша негізгі шарттары және төлемді ұйымдастыру.

Бұрын 1995-1997 жылдары келіп түскен сақтандыру жарналары мен жасалған сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша компания Қазақстанның ірі сақтандыру мекемелерінің үштігіне кіріп, ал 1998 жылы барлық бәсекелестерін озып жетекші компания болды. (Қосымша №7)

2000 жылы шыққан «Сақтандыру қызметі туралы» Заң мен сол жылы қаращадағы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазастан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы болатын және жақсы жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың мақсаты көзделген. 2002 жылдың соңымен 2003 жылдың басында өмірді сақтандыру саласында 5-10 сақтандыру ұйымы жұмыс істеді, сондай-ақ 2-3мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымы құрйылуы тиіс.

Сонымен қатар сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын жалпы капиталдандыру 2000 жылдың бас кезімен салыстырғанды 2003 жылдың басында 2,3 млрд теңгеден 5-7млрд. теңгеге дейін, жыл ішінде жиналатын сақтандыру сыйлық ақысының көлемі ішкі жалпы өнімге қатынасы бойынша шамамен – 0,3%-дан, 0,8-1,2%-ға дейін, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 0,002 %-дан, 0,2-0,5%-ға дейін өсуі мүмкін.

Ұлттық Банктің 2002-2004 жылдарға арналған ақша-несие саясаттың негізгі бағыттарында «сақтандыру нарығында жағдайдың жақсы болып жатқаны» айтылған. Мұның дәлелі ретінде 2001 жылы қыркүйек айының соңында сақтандыру ұймдарының жиынтық меншік капиталы жыл басынан бері 30,1%-ға 4,9млрд. теңгеге дейін (33,3млн. доллар), ал сақтандыру ұйымдарының ішінде «Қазақше,тсақтандыру» ЖАҚ-ң жиынтық активтері (қайта сақтандырушылардың активті үлесін қоспағанда) 1 079,8 млн. теңгеге дейін, ал жалпы активтерінің (ақша құралдары, депозиттер, құнды қағаздар) жоғары жойылу құны 656,7млн. теңге (60,8%--ға) тұрады. (Қосымша №8).

Өткен жылдың аяғында республикада сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар 38 сақтандыру компаниялары болды, оның ішінде екеуі мемлекеттің қатысуымен, бесеуі шетелдік қатысуымен құрылған және біреуі өмірді сақтандыру қызметімен айналысады.

Көптеген сақтандыру ұйымдарының капиталдандырылуының төмен деңгейі ірі тәуекелдіктерді сақтандыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайдан шығудың бір амалы қайта сақтандыру жүйесін пайдалану болып табылады. Отандық қайта сақтандыру нарығы әлі дәрмексіз күйде. Сондықтан сақтандыру ұйымдары Батыстың сақтандыру компанияларының қызметін пайдалануға мәжбүр. Осының салдарынан сақтандыру төлемдері түсімі көлемінің артуы шетелге берілген сақтандыру төлемдерінің өсуімен қабат жүруде. Сөйтіп қыруар қаржы шетелге кетіп жатыр. Қазақстандық сақтандырушылар тәуекелді Бтаыста сақтандыра отырып, мүмкін болатын шығындарды өтеу кепілдігін осылайша қамтамасыз етуде.

Алдағы кезде сақтандыру компаниясының дамыту бағыттарында міндетті сақтандыру түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылмақ. Сонымен бірге сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беру қорын құру да көзделінеді. Бұл сақтандыру жүйесіне деген сенімді күшейтуге қызмет етеді.

2003 жылдың басына қарай «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік сақтандыру ЖАҚ-ның қоржынында сақтандырудың ерікті мүлікті сақтандыру, ерікті жеке және міндетті түрлерінің үлесі өте жоғары болды. (Қосымша №9)

Сақтандыру қызметінің субъектілері сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары. Ал, сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасау және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру компаниялары сақтандыру қызметінен басқа қызметтің мынадай түрлерін:


  1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативік құықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметі;

  2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатым сомасы шегінде өзінің сақтандырушыларына қарыз беруді;

  3. сақтандыру ұйымдары өз қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;

  4. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша когнсультациялық қызмет көрсетуді;

  5. сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;

  6. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;

Сонымен қатар, осы аталған қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Жалпы, сақтандыру компанияларының дамуы айналып келгенде сақтандыру қызметіне төлем жасауға қабілетті сұраныстың болуымен және халықтың ауқатын көтеру деңгейімен байланысты. Ал, бұл жағынан ілгерулер болып жатыр. Соған қарап сақтандыру нарығының дамуы қарқынды бола түсуде.

Сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саласының бірқатар проблемаларын шешуге және экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі инвестициялар бола алады, «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-ның Қазақстанның сақтандыру нарығындағы үлес салмағы 11-12% болды. (Қосымша№10)

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:



  1. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандырудың ерекшеліктері.

  2. Мүлікті сақтандыру түрлерінің даму перспективалары.

  3. Регрессивтік талап.

Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.

  1. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты объектілердің сипаттамасы.

  2. Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру – инвестиция, табыс немесе пайда.

  3. Банктік тәуекелді сақтандыру, оның түрлері.

  4. Қаржылық тәуекелді сақтандыру.

Революцияға дейінгі Ресей ипериясының құрамында болған Қазақстан аумағындағы сақтандырудың даму деңгейі жөнінде ақиқат мәліметтер әзірше жоқ. Қазақ халқының шаруашылық жүргізу түрімен өмір сүру деңгейі және экономика мен өндіргіш күштердің дамуының төменгі деңгейі сақтандыру ісінің кеңінен таралуына ықпалын тигізе алмады. Тек кейбір сақтандыру келісімдері Ресеймен шекаралас ірі қалаларда (Орынбор, Атырау, Орал және т.б.) жер шаруашылығы аймақтарында жасалды.

Сондықтан да революциядан кейінгі жылдары ғана Қазақстан Халқының күнделікті өмірі мен экономикасына сақтандыруды енгізу қарқынды дами бастады.

Қазақстан территориясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру тәртібі 1921 жылы 14-ші желтоқсандағы ҚССР ХК-н бекіткен мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы Ережемен анықталды.

1928 жылы наурызда Мемлекеттік сақтандырудың Өлкелік Кеңсесі құрылды. Осы уақыттың ішінде сақтандыру түрлері қалыптасты. Яғни, құрылыстарды, жануарларды, ауылшаруашылығы егістерін міндетті және ерікті сақтандыру, кепілдік сақтандыру, өмірді және бақытсыз жағдайдан сақтандыру түрлері.

1933 жылы Алматыда Қазақ Мемлекеттік Сақтандыру басқармасы, облыстарда – басқармалар, аудандарда инспекциялау ұйымдастырылады. Бұдан кейінгі құрылымдық қайта құрулар жалғаса келе 1995 жылы 17-ші сәуірде Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысымен «Сенім» сақтандыру компаниясы Ашық акционерлік қоғамы құрылды.

Қазіргі жағдайда сақтандыру ісін ұйымдастыру принциптері бірінші жағынан нарықтық экономиканың қызмет жасауының ортақ экономикалық заңдарымен, екінші жағынан осы принциптерге Қазақстан Республикасының өтуінің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады.

Дамыған нарықтық экономика – икемді реттелетін жүйе. Осы реттеуші элементтердің бірі – сақтандыру. Қазіргі кездегі сақтандыру ісін ұйымдастырудың принциптік басты белгісі – оның монополиясыздандырылуы болып мемлекеттік сақтандырумен қатар жеке акционерлік ұйымдар өткізетін сақтандыруда дамып келеді.

Мемлекеттік сақтандыру – бүгінде сақтандырушының орнында мемлекет атынан өкілетті орган арқылы бекітілген мекеме болатын сақтандырудың бір түрі. Ең көп тараған ұйымдық түрі акционерлік сақтандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру туралы» Жарлығына сәйкес акционерлік қоғам сақтандыруды ұйымдастырудың жалғыз мемлекеттік емес түрі болып табылады.

Сақтандырудың Қазақстандағы үш түрі мыналар: өзара сақтандыру; бұл сақтандырушыларды өзара көмек көрсету мақсатында біріктіруге жатады, яғни әрбір сақтандырушы бір мезгілде өзара сақтандыру қоғамының мүшесі болады. Өзара сақтандыру түрі - кооперативтік сақтандыруға жатады. Өзара сақтандыру қоғамы коммерциялық емес сипатта болады. Отандық сақтандыру нарығының дамуы үшін маңызды мәселе шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметке көз қарасы болып табылады.

Президент Жарлығымен Республика көлемінде қызмет етуші шетелдік сақтандыру компаниясының жұмысына шекетулер қойылды, олар біздің елде тікелей қызмет жасай алмайды.

Шетелдік компаниялардың жарғылық қордағы үлесі 25%-дан аспайды. Сақтандыру нарығына бәсекеге әр түрлі сақтандырушылар қатысады және олар клиенттер үшін күрес жүргізеді.

Бәсекемен қатар сақтандыру ұйымдары арасында көпжақты қарым-қатынас жасау үшін де жағдай жасалған. Мұндай қарым-қатынас түріне сақтандырушының одақтары мен ассоциаларын құру жатады. Қазақстан Республикасындағы мұндай қоғамдар сақтандырушыларға әдістемелік және ұйымдық көмек көрсетеді, сақтандырушыларға қатысты заң ережелерін дайындауға қатысады, сақтандыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар ұйымдастырады және де сақтандырудың қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде кеңестер ұсынады.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:



  1. Биржалық және валюталық тәуекелдіктерді сақтандыру.

  2. Қолма-қол келісім, келісілген және фъючерстік мәмілелер.

  3. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру келісімінің ерекшеліктері.

Несиелік тәуекелді сақтандыру

  1. Несиелік тәуекелді сақтандырудың объектілері.

  2. Экспорттық коммерциялық несиені сақтандырудың: мәні, ұйымдастыру қағидалары.

  3. Өтелмеген несиелер тәуекелін ерікті сақтандыру.

Белгілі экономист В.Леонтьевтің айтуынша мемлекеттік реттеудің жеке кәсіпкерлікке бірігуі нарықтық экономикаға әсер етеді. Сонымен қатар, бұлар толықтай сақтандырумен байланысты.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері.



  1. Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлымын қалыптастыру;

  2. сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;

  3. сақтандыру негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін халықарарлық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерін белгілеу;

  4. сақтандырушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Сонымен қатар мемлекеттік реттеу белгілі-бір нысанға байланысты дәйекті саясат жүргізу үшін және отандық сақтандыру бизнесін шетелдік капитал көлемімен қатыстыруға қажет. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтандыру нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеудің уәкілетті органы болып табылады.

Уәкілетті мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкіметтікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Жарлық бойынша, Ұлттық банк сақтандыру ісін қадағалап және оның жұмыс істеуінің реттелуін несиелер арқылы көрсетеді.



  • Қазақстан Республикасында ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлысын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;

  • Сақтандыру мен қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық қордың минимальды көлемін белгілейді.

  • Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне арналған біліктілік талаптарын белгілейді және де оларды сайлауға келісім береді;

  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркімен қайта құрылуына және Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегінен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілеттіктерін ашуға келісім береді;

  • Сақтандыру қызметін, сақтандыру боркерінің қызметін, сақтандыру нарығындағы актуалий қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін жүзеге асыру құқығына лицензиялар береді;

  • Таратылатын сақтандыру (қайта с/у) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады;

  • Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төмен қабілетіне талдау жасауды, баға беруді және бақылауды жүзеге асырады.

  • Сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерін) есепке алу тәртібін белгілейді;

  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарилердің және уәкілетті аудиторлардың тізімін жүргізеді;

  • Статистика мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің статистикалық есебінің тізбесін, нысандарын және табыс етілу мерзімін белгілейді;

  • Сақтандыру нарығының қатысушыларына берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды кері қайтарып алу туралы шешімдер қабылдайды;

  • Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіліктер мен құқықтарды жүзеге асырады.

Сақтандыру нарығын құру процесіндегі реттеудің басты әдістерінің бірі сақтандыру сақтандыру ісін лицензиялау. Лицензиялаудың мәні, яғни сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру ұйымдарының дайындағын тексеріп, сол саладағы сақтандыру ісін анықтау.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сақтандыру және қайта сақтандырушы брокерлердің, қайта сақтандырушы ұйымдардың және сақтандыру ісін лицензиялау жағдайын және тәрібін, нормативтік құқықтық актілермен белгілейді. Осыған байланысты «Сақтандыру туралы» Жарлықта өмірді сақтандыруға байланысты құқығы бар лицензия алған сақтандыру ұйымы, басқа да сақтандыру ісімен айналысуға құқығы жоқтығы көрсетілген.

Сақтандыру агентінің қызметі лицензиялауды қажет етеді, бірақ та сақтандыру ісі сақтандыру төлемінің көлемімен және сақтандыру тәуекеліндегі бағамен өте тығыз байланысты.

Лицензия – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің бірден-бір негізгі тапсырмасы сақтандыру ісін қадағалау және өкілетті орган арқылы реттеу. Сонымен қатар сақтандырушының ең аз мөлшеріндегі қаржысының тұрақтылық жағдайын сақтандыру операцияларымен бақылау болып табылады.


Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Егемен Қазақстанның
user 21 -> Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
user 21 -> Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті
user 21 -> Төлеген Айбергенов
user 21 -> Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
user 21 -> «Мұражай тәрбие өзегі» Ақселеу Сейдімбековтің
user 21 -> Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна
user 21 -> 1.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын
user 21 -> Балам, мынаны сындырып көрші?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет