Сақтандырудың теориялық негіздері


Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау



бет11/13
Дата12.12.2021
өлшемі173,82 Kb.
#99841
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек

Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау


Экономиканың нарық жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды.

    Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Жекелеп айтсақ, сақтандыру сыйақыларының елдің ЖІӨ-не қатынасы 1997-2004 жылдар аралығында 0,19%-дан 0,8%-ға дейін өскен. 2004 жылы республикадағы сақтандыру сыйақыларының бір жанға шаққандағы көрсеткіші 2 629,6 теңгені құрады (1-кесте).



Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

ЖІӨ, млн  теңге

2599900,0

3250600,0

3 747200,0

4449800,0

4 863631,4

Халық саны, млн адам

14,8

14,4

14,8

14,9

15,2

Сақтандыру  сыйақыларының ЖІӨге қатынасы, %

  0,32

  0,43

  0,61

  0,65

  0,8

Жеке  капиталының ЖІӨге қатынасы, %

  0,18

  0,16

  0,16

  0,20

  0,5

Активтердің ЖІӨге қатынасы, %

  0,32

  0,49

  0,34

  0,47

  0,9

1 жанға  шаққан-дағы  сақтандыру

сыйақыларының қатынасы, теңге



  530,35

  963,43

  1535,09

  1937,60

  2629,6

1-кесте.  Сақтандыру секторының негізгі  көрсеткіштерінің динамикасы

 Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 1997 жылдан 2004 жылға дейін 32 компанияға қысқарған. 2005 жылдың 1 қаңтарында 36 сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниялары тіркелген, оның ішінде 2-уі шетел сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдері: “Ингосстрах” және “Қазақстан-Росно” ААҚ “Росно ресейлік сақтандыру халық қоғамы”. Сонымен қатар резидент емес тұлғалардың қатысуымен құрылған сақтандыру компаниялары 1-уіне қысқарды, өмірді сақтандыру бойынша небәрі 2 компания бар.

    2004 жылы Қазақстан Республикасының  “Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі” “жалпы сақтандыру” саласы бойынша сақтандыру қызметін жүргізу үшін келесідей қайта құрылған сақтандыру ұйымдарына лицензия берді:

“Экспортық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” АҚ (жарғылық капитал 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған);

“Номад Иншуранс СК” АҚ;

“Астық сақтандыру компаниясы” АҚ.

Соңғы 3 жылы сақтандыру брокерлерінің  саны 3 компанияға, актуарийлердің  саны 1 компанияға және аудит компанияларының  саны 6 компанияға көбейді (2-кесте).



Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

Сақтандыру  ұйымдарының жалпы саны (жыл аяғына), соның ішінде:

  42

  38

  34

  32

  36

резидент  емес тұлғалардың қатысуымен

м/ж

м/ж

3

6

2

өмірді  сақтандыру бойынша

1

1

1

1

2

Сақтандыру  брокерлерінің жалпы саны

м/ж

м/ж

5

6

8

Актуарийлер саны

м/ж

м/ж

26

28

27

Сақтандыру  ұйымына аудит өткізуге лицензиясы бар аудит ұйымдарының саны

  м/ж

  м/ж

  28

  34

  34

2-кесте.  Сақтандыру секторының институционалдық  құрылымы. 

Кейінгі 7 жылда сақтандыру ұйымдарының  меншік капиталдарының жиынтық  көлемі 2 169%-ға немесе 22,8 млрд теңгеге өсті. Сонымен бірге, 1997 жылдан 2004 жылға дейін сақтандыру компанияларының активтері 40,3 млрд теңгеге немесе 1152,7%-ға өскені байқалды (3-кесте). Берілген көрсеткіштердің осындай қарқынды түрде өсуі жаңа сақтандыру компанияларының пайда болуымен түсіндіріледі.

3-кесте.  Сақтандыру компанияларының қаржылық  көрсеткіштері, млн теңге.

 

2000

2001

2002

2003

2004

Меншік  капиталының жалпы көлемі

4 617,0

5 320,2

6 100,0

9 031,0

23 900

Өтелген жарғылық капитал көлемі

9 779,0

4 097,0

4 819,0

7 110,0

17 383,4

Сақтандыру резервтері

2 280,8

8 619,1

2 700,0

4500,0

14700

Активтер

8 347,2

15 768,3

12 500,0

20 716,0

44 100,0

Соңғы сегіз жыл бойы елдің сақтандыру резервтерінің өсу тенденциясы байқалуда. Осылайша, егер 1997 жылдан 1999 жылға дейін сақтандыру реревтері 1,5 млн теңгеге өссе, 2000 жылдың қорытындысы бойынша олар 1,5 млн теңгеге (51,9%-ға) төмендеген, ал келесі жылы бұл көрсеткіштің 6,3 млрд теңгеге өсуі байқалған. Бірақ, 2003 жылға қатысты 2004 жылғы сақтандыру резервтерінің көрсеткіші айтарлықтай мөлшерге, яғни 10,2 млрд теңгеге (326,7%-ға) өскен. Сақтандыру резервтерінің ЖІӨге қатысты соңғы жылдардағы тенденциясын 1-суреттен көруге болады.

Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану мүмкінділігі

Бүгінгі таңда сақтандырудың даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.

Сақтандыру секторының проблемаларының  ішінде келесілерді атап өткен  жөн:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет