Төрт жыл ішінде жеткен жетістігіңіз- Керемеи,тауды қопардым деп айта алмаймын. Аз-маз біліп толықтырғаным болмаса, ең басты жетістігім- өміріме тірек болар асыл дінімді тауып, басыма жаулық байлап, әурет болған жерімді жаптым. Адал дос пен амал достың аражігін өмір саралап берді. Жақсы достар мен татымды таныстар таптым. Ең қызығы «Жүрегімнің иесін» жолықтырдым❤ Айта берсем көп, маңыздылары осы болды...
Группаластарыңызға айтар тілегіңіз- топтастарымның әрқайсысы мен үшін өте ыстық. Әрқайсының өз орны бар мен үшін. Барлығына өмір иірімдерінде толқымай, шалқымай, бірқалыпты нағыз адам болмысында өмір сүруін тілеймін! Ең бастысы, қайталап айтам, ең бастысы өмірден Алла разылығын алатын әрекет жасап өтіңіздер! Алла разы болса-ақырет жақсы. Сондықтан, сенімді серік жолықтырып, үбірлі-шүбірлі болыңдар, жандарым! Әй, қыздар-ей,-деп кемпірше (менің рөлім ғой) айқалап жіберіп, әр қызға анықтама беріп өтейін:
Ақбота Сабырбекқызы- бұл қыз енді өте шебер қыз. Жауапкершілік дегенге өте мықты. Көптің қолы жете бермейтін қыз. Шаршамай шапқылай беретін еңбекқор. Ешкімнің көңілін қалдырғысы жоқ. Өте бауырмал, ата-анасының тұңғышы болған соң ба, көп жүкті мойынға көтере біледі. 4 жылда Ақботамен шайылысып, ұрысқан-қағысқан кезім болмапты❤Бақытты бол, жаным! Арыстың жағасында өскен, еркетай!
Аншаева Жүке (Жұлдызай) – енді бұл кісіге айтар сөз жоқ. Өте аңғал, көңілінде кірбіңі жоқ, ақкөңіл, ақкөкірек қыз. Сырдарияның сылқымы, өзімнің жерлесім. Біз сенің арқаңда күлкімен 4 жыл бірге болдық. Айта салатын аңқылдақтығың, бере салатын берегештігің, жылай салатын ақкөңілділігің, күле беретін көркемдігің бәрі өзіңе жарасады! Сен кереметсің, бауырым! Сені қатты сағынатын боламын!❤
Аружан Басан- Тараздың талдырмаш сұлуы! Өте нәзік Аружанның орысқолдау ортада өскендігі әу бастан көрініп- ақ тұрды. Топтағы жалғыз орысша бұлбұлша сайрайтын, ағылшынға ағып тұрған қызымыз тек осы Аружан еді. Үнің сыңғырлап, сабақ айтқанда бәрімізді елітіп жіберетінің рас. Аман бол, алтыным!❤
Ғалия Романқызы-Маңғыстаудың маңғаз қызы Ғалёкті мен бір көргеннен бауыр басып кеттім. Алғаш атын қағыс естіп, біразға дейін « Әлия»деп ойлаппын. Бір көргеннен қарапайымдылығын ұнатып, осы қызбен мәңгі дос болам-ау деп қызыққан ем. Көңілінде арамдықтың иісі де жоқ, Ғалёктің сұлулығы, адалдығы, қолы ашықтығы, әнді керемет шырқайтындығы бәрі-бәрі оны әсемдей түседі. Мен сені жақсы Көремін, Ғалёк!❤
Дана Қонысбекқызы-Талғардың тамашасы Дананың еңбекорлығы мен жауапкершілігі сондай-ақ ұяңдығы мені Дананы дос тұтуыма сеп болды. Ол қанағатшыл, қамқор, жанашыр. Оның Асхатпен айырылысқанына ашынғанның бірі мен болып ем. Енді Маратпен мінсіз махаббатыңа қарап сүйсіндік. Маратың маңдайыңның бағы болсын! Сен өте жақсы қызсың, кез-келген ортада белді, беделді топ жаратыныңа мен сенемін. Екеуміз бір бөлмеде жатқанда жиі әңгіме айтып, ой түнді-түнге жалғайтынбыз. Аман бол, Дан! Дара бол!❤
Жарқын -ай Жоламан- алғаш 1 курста бірге отырып, ең бірінші танысқан қызым Жарқын еді. Жаркенттің ақжарқын ақжолтай қызы мені өзінің ақылдылығымен тәнті етті. Шыным сол, Жарқын-ай, энциклопедия сияқты барлығынан ылғи білері мол. Өте жақсы, достыққа адал қыз. Жолың болсын, Жарқыным!❤
Жаңке Жолдекеш- оу, Жанерке, қандайсың! Маңғыстаудың ақ маңдайлысы Жәңке мінезі түйедей «екі қойың бір сом» . Осы қасиеті үшін жақсы көремін де. Баға деп талпынбайды, асықпайды, саспайды. Бірақ көштен қалып кетер де Жанерке жоқ. Еті пысық. «Құрсын, қасқа!» -ең көп айтатын сөзі. Сұлулыққа жаны құмар Жәңкемді ерекше жақсы көремін ❤Жаным, жолың ашық болсын!
Жұлдыз Ілесқызы- Менің Жукам! Ақтөбенің аппағы, тілі тәтті-ағы❤Шынымен тілі тәп-тәтті. Тастай пысық Жука достыққа жәмән адал, адам тани біледі. Ылғи қамқор. Көшбасшы. Адаммен тіл табысудың қыр-сырын жақсы біледі. Негізі Жука үлкен әулетке келін болу керек. Бәрін үйіріп алып, сол әулеттің бағы болады. Қазақтың қайсар қызы, өжет қызы деп ерекше атап өтетін қыздың бірі Жука! Жаным, сені ерекше жақсы көремін! Бізді жатсынбай, жатырқамай тез сіңіп кеттің, енді өмір бойы жақсы араласу нәсіп болсын, алтыным!❤
Сандуууу Егізбай- «Сыр сұлуы» деген ән бар ғой. Сол әндегі сипатталған сұлулық Сандуда бар. Өте кірпияз, тазайын қыздың, жаны да таза. Шуды ұнатпайды, айтып тастайтын да бір мінезі бар. Асау тұлпарлар бар ғой, желге қарсы шабатын тура сондай өжеттілік,қайсарлық бар бұл қызда. Ақ жол, аппағым!❤
Сая Сартбай- өзі айтатындай Челектің шолпан жұлдызы бұл қыз. Жанерке туралы айтып кеттім ғой, асықпайды-саспайды деп дәл сол мінез Саяда да бар. Жылт еткенге жүгірмейді, жүрекпен жақсы көреді. Көп сезімі ішінде. Қатты білдіре бермейді. Қазір ана. Тәтті қызы бар. Дәулетің дәулетті болып, шаңырағың шатттыққа кенелсін. Жолың оң болып, көп балалы ана бол! Саёш, мен сені жақсы көремін. ❤
Айзада Тілеуғалиева- Оралдың от қызы Айзёкті мен танығаннан тынғанын көрмедім. Құмырсқадай еңбекқор. Бір тынбайды. Бәрін көруге, білуге құмар. Жасампаз қыз. Өмірге құштар, арманы Жүргенов болған. Алайда біздің ортаға топ ете қалды. Мамандығын сүймесе де мақсаты биік топ жаратын қыз. Алтыным, тек жақсылық тілеймін!❤
Сұлухан Берікқызы- Тараздық тосын сыйым деймін сырттай.Алла бере салған алтыным, ақыреттік бауырым . Көп нәрсені ұғындырған өмірлік ұстазым. Жаныммен жақсы көремін! Әзіліміз күшті-ақ, ортақ қасиеттеріміз де жетерлік. Менің мәңгілік досым! ❤❤❤❤
Нүрия Ошақбай-Тараздық талдырмаш сұлудың бірі. Лақап аты-Паника. Бірақ мен үшін Нүрия ылғи әділдік пен жақсылық үшін күресуші сияқты. Жақсылыққа жаны құмар, көңілі аппақ. Жақсы көремін, алтыным!❤
Нұрила Мүслім-Шымкенттің шынары. Ыстилы ерекше, болмысы бөлек бұл қыздың. Кәріс десе жанын береді. Тыңбайды. Көп нәрсеге бас ауыртпайды. Мықты қыз! Нұри, ақ жол, жаным!❤
Зерхан Өтеулиева-"Мені Зуля дей беріңдер!» -деп алғашқыдан қадап айтқан бұл қыз Алматының алмасындай тәтті. Жетістікке жетуді көздейді. Ешқашан шаршамайды, тынбайды. Жақындарына деген жанашырлығы бөлек. Сабақта көп болмаса да өмірге деген белсенділігі өте жоғары. Зерханнан болашақта күтетінім көп! Арманыңа жет, Зулья❤
Балнұр Ноянбай-Балу, Балығым! Қайнардың қайсар қызы. Нәзік, талдырмаш сұлу, жүрекпен сүйетін жүректі қыз. Көп нәрсе ішінде сыр білдірмейді. Күлегештігі тағы бар. Сөз жоқ супер! Бадырақ көз Балуды қатты жақсы көремін!❤
Ақерке Тілеш- Акош! Талғарлық тамаша қыз. Қолы ашық, көңілінде дым жамандығы жоқ. Ойын ашық айтып, ортаға тез бейімделеді. Жұмыскер, еңбекқор. Талабы жоғары!Болашақта биіктен мүмкін биліктен көрінетін қыз! Жолыңда тек жақсылық жолықсын, алтыным!❤
Әлия- Әлюш. Алматылық ақиық ақын. Ішінде дым жасандылығы мен жамандығы жоқ. Махаббатпен өмір сүреді. Адал. Сүйкімді. Ана. Келін. Жар. Қолынан көп нәрсе келеді. Әзілқой. Жақсы көремін сізді, Әлюша❤
Ұлжан Тәңірхан- Шардараның шоқпыты биік қызы. Ұлжан еңбекқор. Талантты, талапты қыз. Ашық-жарқын. Өмірге деген сүйіспеншілігі жоғары сылқым. Боянғанда енді әртіс көргендей танымай қаламыз. Сені сүйген жарыңның бағы бес елі ғой, жаным! Ақ жол!
Міне барлық топтастарым осындай қасиетке ие! Әрдайым дұғамдасыздар! Ақ жол! Алланың есендігі болсын! Хабарласып тұрыңдар-ееееееу!