Жаныңа жақын болған апай?Несімен есте қалды? Жаныма жақын апай- әрине ,өзіміздің куратор -Ғазиза апай.. Бірінші курста апайды көргенде қатал апай шығар деп ойлағам, себебі мен кіріп келгенде апай өзінің талаптарын тізіп айтып жатқан. Негізі басқа оқу орындарында оқитын таныстарымның көбісі кураторларына көңілі толмай жүретін, ақша жинайтыны бар, тағысын тағы. Ғазиза апай ондай апайлардың қатарынан емес болып шықты. 1 курста өзің үйіңді сағынып , жылағың келіп жүргенде , көңілімізге медеу болып, жұбататын екінші мамамыз болды.Апай басқа кураторлар сияқты, үйіп- төгіп өзінің шаруасын беріп қоймайтын..Тіпті, бізге берілген тапсырманы да апай өзі істей салатын. Кейде апайдың жұмсақтығын пайдаланып, берген тапсырмасын орындамай созып алып жүргенде, апай « болды , өздерің біліндер, істемей- ақ қойыңдар» дейді, сонымен 1 ай істелмеген тапсырманы 1 сағатта істеп тастайды біздің қыздар...Студенттер күнінде жатақханада тұратын Жарқынай есімді қыздың бөлмесін сұрап (Жарқынайдың бөлмесі кең болатын) бәрімізді жинап, «үйдің тамағын сағынып жүрсіңдер ғой» -деп, жолға 2 сағат кететін үйінен бізге қазанымен плов басып, алып келген... Наурыз кезінде үйіне бара алмай қалған қыздар ,көже ішсін деп, үйінен көже пісіріп алып келіп берген...Айта берсең, апайдың бізге істеген жақсылығы біте қоймас.Әрқашан бізді ойлайды да жүреді. Әрқайсымызды еркелетіп те атайды, атамызбен атамайды.Өз қызындай көрген апайымызды кейде байқамай ренжітіп те алып жатамыз...Үйінің де шаруасын дөңгелетіп, жұмыстың ауыр-жеңіліне қарамай ,уақытының тығыздығына қарамастан бізге де көңіл бөлетін ,коридорда қанаты талмай «ұшып» жүретін Ғазизадай апайымдай апай әлі жолықтырған емеспін. Бір-бірімізге еркелеп жүргенде, қалай 4 жыл өткенін байқамайда қалыппыз....
Енді бір есімде қалған апай- Асанбаева Сәуле. Басында келгенде апайдың бәрін қатал деп ойлайтынбыз. Апай жалпы тіл білімінен сабақ беретін. Сабағын жақсы өткендігі соншалық, қызығып оқитынмын. Келесі семестрда апай басқа пәннен «Терминологиядан» сабақ беретін болды. Сабақ 3 пар...1 пар сабақ түсіндіретін,1 пар сабақ айтатынбыз ,3 пар біз зерігіп кетпес үшін бізге өзінің ақылын айтып, тура жолға салатын тәрбиелік мәні әңгімелерін айтатын. Апай осылай, менің есімде қалған...
Жаныма жақын болған апайлардың бірі- Балтабаева Гаухар апай. Ол апай ендібір бөлек әңгіме... Сол апайдың арқасында біраз таңдарды ұйқысыз атырып, талай кітаптарды қопарған едік..Негізі берілген шығарманы алдын-ала оқып қоюға болады ғой, жоқ мен деген 1 күн қалғанда ,жаныма тақалғанда оқимын ғой..Солай «Гаухартасты» сегіз жарымдағы сабаққа 8 де оқып бітіріп,бірақ барғам... Апай сабақты қызықтырып өтетін, бір сөзбен айтқанда интрига жасап айтатын ғой)) Ең қызығы, ораза ұстайтын, баласы бар қыздарға всегда «зелёный»..