Сауат ашу. Мектепалды сыныптарында,топтарында бағдарламаға сәйкес алты жастағылар төмендегіні меңгеруі тиіс:оқуға алфавиттің барлық әріптерін пайдалану;барлық әріптерді жазуға үйрету(кіші және бас әріптер);сөздерді,сөйлемдерді жазып уйрену.
Сауат ашу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.Қазіргі ғылымға негізделген оқыту әдістемесінде әріптер және оқуға үйретуден бұрын дыбыстық талдауға арналған жаттығулар пайдаланылады.Бұл сауат ашу процесін нақтылы жетілдіреді.
Алты жастағыларды оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі тиіс:
1.Дыбыстық талдау сөзден жеке дыбыстарды бөліп алып және оларды атап берумен шектелмейді.Ол сөздегі дыбыстардың бірізділігін дыбыстық құрылымын сақтап,сол қалпында қабылдап және қайтадан еске түсіру шеберлігінен айқындалады.Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының, әр дыбыстың маңызын түсінуі керек(жуан,жіңішке,дауыссыз дыбыстардың дыбысталу нұсқалары).
2.Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу.Ашық буындағы дауыссыз дыбыстың дыбысталуы одан кейін тұрған дауысты дыбысқа байланысты,тәуелді екенін түсіну,балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруіне негіз болады.
3. Оқу мен жазуға үйретудің элементері қатар жүреді. Оқу мен жазудың негізі – ана тілінің дыбыстық жүйесі екендігін ескеру керек.
Оқу үшін де,жазу үшін де балаға сөздің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды.Сондықтан да,сауат ашуға дайындық төрт аптаға дейін созылады.Әріппен танысуға дейін сөздің дыбыстық құрылымын талдауға арналады.
4.Буындап оқуды меңгеру.Буындап оқу арқылы сөзді тұтастай жылдам,түсініп оқу.Ашық,тұйық,бітеу буын түрлерін түсіндіру.
Сауат ашуға дейінгі дайындық кезеңінде балалар сөздегі дыбыстарды мұқият тыңдап,олардың бірізділігін түсіндіру.Талдайтын сөздер екі дыбыстан басталып,біртіндеп,үш-төрт дыбыстан құралатын яғни бірте-бірте күрделенеді.Дыбыстар талдауға,оларды белгілейтін шартты белгілермен таныстырылады. Дауысты дыбыстар –қызыл текшемен,дауыссыз дыбыстар- көк текшемен.Дауысты дыбыстардың ерекшелігі созып айтылуында. Төртінші аптаның соңында балалар әріптермен таныса бастайды, дауыстылар(а,о,у,ы,) дауыссыздар(р,л,н,с).Дыбыстық талдау балаларды сауатты жазуға дайындайды. Әртүрлі дыбыстық буындық құрылымдық сөздерді талдау,сауат ашу кезеңінде жалғаса береді.Балаларда дауысты, дауыссыз дыбыстар мен әріптердің өзара байланысы буын және екпін жөнінде түсінік қалыптасады.Дыбыстарды ажырату үшін сөз ішіндегі немесе буындағы дыбысқа екпін түсіріп айту;Сөздің дыбыстық немесе буындық құрылымын модельдеу;Мысалы:
а-на
жуан дауысты
жіңішке дауыстылар
дауыссыздар
Өтілетін дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келуін, дауыс екпіні арқылы жыратуға мән беріледі. Сөздерді модельдеуде әр дыбыстың таңбалауын айыра білуге және оны нақты сөздерде дұрыс қолдануға үйретіледі. Сауат ашудың дайындық кезеңінің аяғында оқушылар мынадай білім-біліктерді менгереді:
-тыңдағанда және сөйлегенде дауысты және дауыссыз дыбыстарды таниды;
-барлық дауысты дыбыстарды ( а,ә, і,ы,ү,ұ,у,я,э,ө,о,) мұқият есте сақтайды;
-жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды айырады;
-сөздегі дыбыстарды ретпен атайды;
-дауысты дыбыстардың буын жасаушылық рөлін түсінеді; (сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады);
-қос буынды сөздегі екпін түскен буынды табады;
-“дыбыс”, “буын”, “сөз”, “сөйлем”, деген ұғымдарды береді. Екі-үш сөзді сөйлемдерді модельдеу арқылы құрастырады.
С өйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа ауызша талдайды.
-Сауат ашуға дейінгі дайындық кезеңінде берілген тақырыптық суреттер бойынша тапсырмаларды орындап, олар туралы мағұлмат алады.
-Оқу құралдары туралы мағұлмат алып ,оларды күтіп ұстауды үйренеді.
-Партада дұрыс отыруды, дәптер, қалам, карындашты дұрыс пайдалануды меңгереді.
Сауат ашудың дайындық кезеңінде дидактикалық ойындар, әртүлі суретті , карточкалар пайдаланылады. Алты жастағы балалардың сауат ашуға дайындығы біркелкі емес, сондықтан әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, мұғалім шығармашылықпен оқу материалдарына сәйкес құралдарды дидактикалық материалдарды, ойындарды таңдағаны жөн.
Сауат ашу дауысты дыбысты таныстырудан, яғни Аа дыбысынан басталады.
Аа дыбысына екі сабаққа арналған материал ұсынылған.Аа дыбысы сауат ашудың басы болғандықтан, сауат ашуға дейінгі кезеңде өткен материалдар қайталанылады. Аа дыбысы алғашқы сабақ, сондықтан ол дыбыспен толық таныстырылып, оның айтылуына мән беріледі де, ол дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келуіне оқушылардың назары аударылады. Сурет бойынша оқушылар әңгіме құрастырады. Сөзді буынға бөлу( қол шапалақтау, сылдыпмақты ұру және т.б.) Сөздерді хормен және жекеленген балаға айтқызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Сабақтар үстінде сергіту сәті міндетті түрде ұйымдастырылады. Аа әрпін жаздыру үшін дәптермен жұмыс жүргізіледі. Сабақтың толық жоспары ұсынылады. Сондай-ақ сауат ашу кезінде неғұрлым көбірек дыбыстар өткен сайын, сабақтың мақсаты да, онда меңгерілетін материал да күрделене береді. Мысалы :Шш дыбысын өткенде алдыңғы балалар танысқан дыбыстарды қатыстырып ойындар ұйымдастырыу, кеспе буындардан сөз құрау және оны оқу, дыбысты таза, дұрыс айтуға мән беру. Мысалы: “шы” демей “ ш” деп жеке дыбысты қайталату. Ал сөздің ішінде, басында кездессе “Шы” ,соңындда келсе “ыш”айтылатын, оқылатынын меңгерту керек. Әрбір дыбыстың ,сөздің басында ,ортасында, аяғында келетініне мысалдар арқылы балалардың көзін жеткізу .Осы дыбысқа сөздер ойлату және оны буынға дыбыстық талдау жасату. “Қай буынды жоғалттым?”, “Қай дыбысты жоғалттым?”, “Менің орыным қайда?” ,т.б. түрлі дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Дәптермен жұмыста әдемі, көркем жазуға баса назар аударып,жазу техникасын сақтап, қаламсапты дұрыс ұстау, партада дұрыс отыру т.б көңіл бөлген жөн. Сабақты бекітуде халық ауыз әдебиеті үлгілері , ойындар пайдаланылады.Сөздерді толықтыру үшін өткен дыбысты қойып, жаңа сөз құрау. Мысалы: л дыбысын өткенде ба - а,- ақ, та- сөздерді толық айту үшін ,қажетті әріптерді қояды, сөйтіп ба-ла, лақ,тал сөздерін құрап оқиды.Әрбір дыбыстың артикуляциялық дұрыс айтылуына мән беріледі. Мысалы: Аа дыбысын айтқанда дауыс созылып ,еркін шығады. Себебі:а дыбысы дауысты дыбыс,жуан дауысты. Аа дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып , тілдің ұшы сәл көтеріледі.
Буындап оқытудан сөзді тұтастай оқуға үйретіледі.
Мысалы :ал-ма, алма, қо-зы, қозы, би-дай, бидай, а-сық, асық, сан-дық, сандық, а-та, ата, қа-ла, қала және т.б. Буындап оқытуда кеспе әріптер, текшелер қолданылады, сөзді тұтастай оқуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Өткен дыбыстардың ішінен айтылуы ұқсас дыбыстарды ажыратуға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады.
С С
ана ай
Т
Ш
Сауат ашу кезеңінде балалар:ашық, тұйық, және бітеу буындармен, кейіннен жіңішке буындармен таныстыру мақсаты көзделген. Оны әліппедегі дыбыстардың берілуінен көруге болады. Мысалы : а-та жуан дауыстыдан кейінгі дауыссыз дыбыста жуан айтылады. Яғни, жуан дауыстының дауыссызға ықпалын түсіндіріледі. Дыбыстармен алғаш таныстырылғанда мүмкіндігінше ашық буындарды қолданған жөн. Өйткені буынның жуан, жіңішкелігін айыруға ашық буын көп жеңілдік етеді. Сондай-ақ тұйық буынға сөз құрауда дауысты дыбысты созып айтып, оған дауыссыз дыбысты қосып айту керек. Мысалы: ар, ор, т.б.
Бітеу буынды уйрету әрбір дауыссыз дыбыстың сөздің басында, аяғында, айтылуы жете меңгерілсе өте жеңіл болмақ.Оған дәлел : Мысалы : Н дыбысы сөздің басында “Н” , аяғында “ ын” деп айтылатынын балаға үйреткенде , ол бітеу буынды қиналмай оқып айтады. Нан, сан, шаш, т.б. өткен дыбыстарға мысалдар келтіруге болады.
Өткен дыбыстарға байланысты кеспе әріптерді , буындарды, сөздерді тұтастай оқуға дағдыланады. Сауат ашу кезеңінде орыс тілінен енген дыбыстарды меңгертуге біршама қиындық туғызады. Айыру және жіңішкелік белгілері , ц,ч, э, ю, я, щ, ф, в дыбыстарын қатыстырып сөз құратуда, ол дыбыстардың айтылуына ерекше мән беріледі : Мысалы : цирк ,цех т.б. Бұл дыбыстарға сөздер аса көп емес , сондықтан оларды көрнекті етіп жазып дыбыстардың өтілу ретіне қарай, балалардың күнделікті көріп оқуына жағдай жасап, тақтаның жанына іліп қою керек . Ол сөздің артикуляциялық жағынан дұрыс оқылуына мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |