«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары



бет3/9
Дата04.07.2018
өлшемі0,76 Mb.
#46603
1   2   3   4   5   6   7   8   9




«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

2-бөлім: Менің мектебім

Осыған дейін меңгерілген білім

2-бөлім және 1-бөлімде игерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар мектептің бір күнін сипаттау үшін және айтып беру үшін мектеп туралы әңгімелермен, балаларға арналған өлеңдермен және сөздермен таныс болуы керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлім оқушыларға мектеп және мектеп өмірі туралы ойлануға мүмкіндік береді. Бөлім қоғамдық-гуманитарлық пәндермен байланысы бар (Дүниетану, Жаратылыстану). Осы бөлімнің өн бойында оқушыларға жаңа дыбыстар мен әріптерді таныстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, әріптер мен олардың қосылыстарын жазуға, буындап оқуға, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқуға талпынады. Мұғалімдер тапсырмаларға қатысты әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар қолдануы керек және оқыту ісінің әр алуан түрлері арқылы оқушылардың үйренуіне мүмкіндік беруі керек.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» басталады. Бұл бөлім «Менің мектебім» тақырыбында өрбиді және оқушылармен мектептегі оқу жылының басы, мектеп өмірі туралы әңгіме жүргізіледі. Өздері шағын бейкөркем мәтіндер мен диалогтер құрастырып үйренгенше бір-бірімен сөйлесуге, бір-бірін тыңдауға мүмкіндік берілуі керек. Бұл бөлімде мектепке қатысты сөздік қорын бекіту үшін мектеп ауласына серуенге шығу ұйымдастыруға болады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары







Әліппе кезеңінде назар аударыңыз:

1) өтілген дыбыстарды сөз құрамында жаырату;

2) әліппе әріптерінен (кеспе) сөз құрау, оқу және жазу;

3) сөзді буындап және 1-2 буынды сөздерді тұтас оқу;

4) қарапайым мәтін мазмұнын мұғалімнің сұрағы бойынша айта білу;

5) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;

6) көлемі шағын мәтіндерді түсініп оқу;

7) бас әріп пен кіші әріптің жазылуын, әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазу.

8) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді жазу;

9) жазған сөздерін үлгі бойынша тексеру.



Сабақ барысында

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау бөлімшелері оқу мақсаттарын жүйелі қолдануды ұсынамыз.

Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» бойынша а, н, л, р, о, т, у, ш, с дыбыстары мен әріптерімен таныстыруды бастауға болады.



Дыбыс пен әріпті оқыту туралы нұсқаулық

Оқушыларға сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру тапсырмаларын жиі орындату қажет. Сөйлем құрату барысында сызбалар мен суреттерді кеңінен қолдану, оқушылардың қызығушылығын оятады.

Оқушыларды талдау-жинақтауға жаттықтыру үшін:

1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және сөз құрамында айтылуына жақындата отырып бөліп айтқызу;

Сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естілетіндей, дыбыстың өзін ерекше созып айтқызу. Мысалы, «р» дыбысын «ора» сөзіндегі «о-ра» буындары «о-орра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созыңқы айтылады.

2. Дыбыс артикуляциясын қою, оқушыларға сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім оқушыларға «с» дыбысын айтуда қарапайым айнаға қарап дыбыстатады, дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын бақылайды.

Артикуляциялық тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды үйрету тиімді болады. Оқушыларға ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстары артикуляциясын аңғару қиын болады. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуды бастар алдын қалай үйрету тәсілін жан-жақты ойластыруы тиіс. Қосымша артикуляциялық жаттығу әрі жүргізіп тұтас оқуға жаттығу ретінде қосымша тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы,

Аң, - аң, -аң, шаң,

Шаң, шаң, шаң, маң.

Маң, маң, маң, паң

Паң, паң, паң, таң

Таң, таң, таң, қайырлы таң!


3. Сөз соңындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, оқушыларға тапқызу. Бұл жерде түрлі суреттерді қолдануға болады. Сөз құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы түсінеді.

Дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін сөздерді талдау және жинақтауды қатар үйретуге болады. Мысалы, «ш» дыбысын өту барысында бұл дыбысты оқушыларға айтқызып, таныстырғаннан қейін шана, шаш, арша сияқты сөздерді өз бетінше айтқызып, буынға, дыбысқа талданады; «ш» ды­бысының орны анықталады (қай буында, нешінші буында); қайта жинақтау барысында «ш» дыбысының сөздегі орнына көңіл бөлінеді. Оқушылар құрамында «ш» дыбысы бар сөздерді ойлап табады.

4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, жон-жөн, тор-төр, ор-өр сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының дыбысталу ерекшелігі аңғартылады. Сонымен қатар жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарына назар аударылады. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстары да жұпталып, салыстырып сөздерді талдау-жинақтау арқылы үйретуге болады.

5. Буын немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Оқушылар сөз құрамын дыбыстық-буындық талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады. «Қандай сөз құрастырдық?» — деген сияқты сұрақтар арқылы сөзді тұтас айттырады, оқылуын есте сақтайды. Өйткені кеспе әліппеден құрастырған сөзін, қайта оқығанда оқушы бірден оқып бере алады.

6. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, оқушылар талдау-жинақтау арқылы сөзді құрастырып оқыған соң, енді сөз құрамындағы бір әрпінің орнына басқа әрпін қойып оқыту. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың орнын ауыстыруға болады.

Мысалы,


Тас, тас, тас, тыс

Тыс, тыс, тыс, тіс

Тіс, тіс, тіс, түс

Түс, түс, түс, тұс

Тұс, тұс, тұс, тос

Тос, тос, тос, төс

Төс, төс, төс, тес

Тес, тес, тес, тез

Тез, тез, тез оқы.

Буындап оқуды, әріптен буын, буыннан сөз құрап оқуды үйрету. Оқушылардың қызығушылығын, жас ерекшелігін ескеріп үнемі жұмысты түрлендіріп отыру керек. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолданумен қатар «Сөйлеу қабырғаларына» оқушыларға көмекші болатын тақырыпқа сәйкес суреттер мен көрнекіліктерді қолдануды ұмытпаңыз. Бөлім бойы күнделікті:



  • артикуляциялық жаттығулар;

  • ұйқастар, өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды айтып тіл ұстарту;

  • сұраққа толық сөйлеммен жауап беру;

  • «сөйлем - сөз – буын – дыбыс» ажырата білу және графикалық сызбасын оқу, сызба бойынша буын/сөз/сөйлем құрастыру;

  • сөз құрамында дыбыстың орнын анықтау, сәйкес әріпті есте сақтауға көңіл бөлінеді.

Осы кезеңде әріптер әлі толық өтпегендіктен, әңгіме құрастыру және жазу бойынша жүргізілетін жұмыстардың бірізділігі мынадай болады.

Әңгімені жазар алдында сюжетті сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыру бойынша даярлық жұмыстарын жүргізіңіз. Мұғалім оқушыларға сөйлемді тыңдап, естіген сөйлемдерінің сызбасын дәптерге жазуды тапсырады. Оқушылар сөйлемдердің сызбасын жасаудан суреті және символдары бар карта-сызба жасауға көшеді. Сол сияқты қандай да символдың немесе белгінің нені білдіретіндігін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Үлгі/сызба бойынша сөйлем құрауға дайындық жүргізу жаттығуларынан кейін 4-5 сөйлемнен тұратын (баяндап әңгімелеудің суретті-кескінді сызбасын жасау) байланыстырылған әңгіме құрастыруға көшеді. Әңгіме құрастыруға үйретудің келесі кезеңінде тек дайын сызбалар ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өздері жасаған сызбаларды қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылады. Олар әңгімелеп берудің бірізділігін өздері анықтайды, қандай да бір затты, заттың белгісін, іс-әрекетін белгілеу тәсілдерін өздері таңдап, ұсынады. Мұндай жұмыстар ұжыммен немесе топпен жүргізіледі. Сөйтіп символдар, белгілер, суреттер және сызбалардың көмегімен әңгіме құрастыру және жазу қабілеттері дамиды. Әңгіме құрастыру және жазу барысында оқушылар өз сызбаларын сызып, шығармашылықтарын көрсете алады.






1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу


1.3 Тыңдалған материалды мазмұнындау

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату




1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру


Менің мектебім (топсеруен)







(МК) Мұғалім суретті, сызбаны және символды пайдалана отырып, мектептегі түрлі орындарға қалай баруға болатынын көрсетеді, түсіндіреді, сипаттайды. Өз әңгімелеріңізге неғұрлым қызық сәттерді көбірек қосып айтыңыз. Мысалы: жолда кездесетін заттарды сипаттаңыз.

(Қ) Оқу жетістіктерін бағлау: Оқушылардың сізді тыңдағанын және түсінгенін тексеру үшін өзіңіз айтып берген бағыт бойынша сұрақтар қойыңыз.

Сіз берген ақпараттың бір-екі сәтін есте сақтағанын бағалаңыз.

Әртүрлі бағыттарды пайдалана отырып, осы жаттығуды бірнеше рет орындатыңыз.

(Ө) Оқушыларға өздері есінде сақтай алған қызықты элементтерді көбірек қосып мектептің суретін салғызыңыз.

(Ж) Мектепке баратын жолдардың сызбасын жұптағы өз серіктеріне суреттеп беруді тапсырыңыз. Оқушылар өз бағыты туралы айтуға әбден дайын болған кезде серіктестерін (мұғалімнің белгі беруі бойынша) алмастырады және жаңа серіктесіне өзінің жүру бағыты туралы айтып береді. Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру үшін өз бетімен жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік беріңіз.


Бұл бөлімде мұғалімдер осы тақырыпқа сай әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар айтуы қажет.

Өлеңдер, тақпақтар немесе санамақтарды бірнеше рет қайталау арқылы оқушыларға қосылып хормен айтуға мүмкіндік беруді ескеріңіз.

Мектеп ішіндегі жолыңызға арналған шағын карта дайындаңыз. Өзіңіз жүріп өтетін негізгі жолдың суретін салыңыз. Мысалы: басқа сынып бөлмелері, есіктер, терезелер.

Жол сызбаңыз туралы айтқан кезде, ретті білдіретін сөздерді: бірінші, сонан соң, келесі және бағытты нұсқайтын сөздерді қолданыңыз (оңға, солға, алдында, артында ортасында т.б.)

Оқушылардың дауыстап сенімді сөйлеуіне байланысты бағалау тапсырмасын бүкіл сыныппен немесе топпен жүргізуді шешіңіз.

Сұрақтар:



  • Мен бірінші қай жерге жетемін? Кітап сөресіне ме? Есікке ме?

  • xxx сынып бөлмесінен кейін қайда барамын?

  • Кімнің есінде қалды, қай бағытқа бұрыламын? - деген мазмұнда құрылуы тиіс.

Оқушыларға үлкен қағаз парақтарын, қарындаштар және түрлі-түсті қаламдар беріңіз. Оқушыларды мектептің айналасына немесе ауласына алып шығуға болады. Оқушылар сыныптан шыққаннан бастап жүрген жолдарын (сызба, белгі, символдар арқылы, оң жақта, сол жақта кездеметін нысандарды нақтылау) жазып отырады. Мүмкіндігінше түрлі жолдармен жүріңіз.

Сыныпты жұпқа бөлгенде достық қарым-қатынасты, сыйластықты орнатуға көңіл бөліңіз, өйткені оқушылар бір-бірімен әңгімелескен кезде өздерін еркін сезіну керек. Мүмкіндік болса, оқушылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету үшін пән мұғалімдерін серуенге қатыстырыңыз. Мысалы, оқушылар өзара: «Мен киім шешетін орыннан сыныпқа қалай өте аламын?» - сияқты сұрақтар қоя алады.



http://www.mes-english.com/flashcards/family.php
http://bilimdiler.kz/

күн тәртібі



2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту



1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуу

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


Дыбыс пен әріпті оқыту
(МК, Ұ) Суреттер бойынша жұмыс ұйымдастырыңыз. Сөз құрамында А дыбысының орнын анықтау, дыбыстық буындық талдау жасау. «А» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. «А» бас әрпіне не ұқсайды? Әріпті таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.

(МК) Аллитерацияны пайдаланыңыз. Мысалы, Анар алма алды. Сөйлемнің ерекшелігін, а әрпінің сөз құрамындағы орнын графикалық сызбасында анықтатыңыз.
(Т,Ө) А әрпінің баспа түрін түрлі ресурстарды пайдаланып жазу.

(МК) Мұғалім көзін жұмып бір минуттың ішінде пернетақтада әріптерді кездейсоқ тереді. Оқушылар интерактивті тақтада бақылап отырады. Құжатты шығарып, әр оқушыға таратады. Олар аталған әріпті тауып, санын анықтайды. Келесі сабақтарда буын (сөз) таптыруға болады.

(Т) А дыбысынан басталатын сөздерді қатыстырып сөйлемдер құру.

Оқушылардың::



  • сөз ішінен қажетті әріпті табуын;

  • сөзді қатыстырып сөйлем құру дағдысын бағалаңыз

Сынып оқушылары мектепке дейінгі дайындықта болып, әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін жақсы орындап отырған жағдайда Әліппе кезеңін бастауыңызға болады. Сынып оқушыларының жеке қабілетін ескеріңіз. «Дыбыс пен әріпті таныстыру» үлгісін Әліппе кезеңінде басшылыққа алуыңызға болады.

Осы бөлімді оқу үшін әріптің баспа/жазба үлгілері жазылған көлемді карточкалар дайындау қажет.

Жазу сабақтарында төмендегі жұмыстар жүргізіледі:


  • Жазуға дайындық: (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуы).

  • Жаңа әріптің элементтері жеке көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.

  • Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады; оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады, сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.

Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпті меңгерту жұмысы көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген әріптерді қайталау, бірнеше буыннан құрастырылған сөздерді оқу, кеспе әліппеден сөз құрастыру және оларды оқу жұмыстары басым болып отырады. Сонымен қатар әріптері, буындары ұқсас жұп сөздер мен буындарды салыстырып оқу, жазу жұмыстары да жүргізіледі.

Оқушыларға үнемі сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру үдерісін орындату қажет.



erketai.kz/ana-jane-bala/bala...

Қазақ әліпбиімен танысу http://kaztube.kz/ru/video/121666

www.balakai.kz

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.6 Тыңдаушының назарын аудару


1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау




1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)


1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау



Мектептің экскурсия жетекшісімін







(Ұ) Мектеп ішінде жүретін жолдарды оқып үйрену үшін сахналауды қолданыңыз. Оқушылармен бірге күнделікті іс-қимылды пантомима арқылы көрсетіңіз. Сыныптан жолдың әрбір кезеңінде не істеуге болатыны туралы ұсыныстарын білдіруді сұраңыз. Жаңа сөздермен таныстырып, қажетті терминдерді жазып қойыңыз.

«Роботтар» ойынын ойнатыңыз: Оқушылар қиялдағы мектепте жүру үшін «робот-оқушы» бағыт көрсетеді. «Робот-оқушы» мектептің бір бөлігінен екінші бөлігіне баратын етіп тапсырманы күрделендіріңіз.

Балама тапсырма ретінде, көріністің шағын бөлігін қағаз бетіне ойыншық фигуралар мен суреттер арқылы көрсетуге болады.

(Т) Оқушыларға робот болып жұпта ойнауға мүмкіндік беріңіз, көбірек егжей-тегжейлі нұсқау беріңіз және тақырыпқа лайықты сөздерді пайдаланыңыз.


Жаңа дыбыс және әріппен таныстыру жұмыстарын жалғастыра беріңіз, бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Ашық, кең жерде (сыртта немесе мектептің дәлізінде), қиялдағы мектепті және айналасын, олардың ерекшеліктерін көрсету үшін көмекші заттар дайындаңыз (Мысалы: қораптар немесе кілемшелер). Мектептің айналасындағы дәлізді көрсету үшін арқан немесе жіп кесінділерін пайдаланыңыз. Оқушыларды қиялдағы «сынып» айналасына жинап, күнделікті орындайтын іс-әрекетіңізді пантомима арқылы көрсетіңіз. (Мысалы: пальтоны ілгенін, сөмкені қолға ұстауын, директордың кіргенін, жүргенін, кейбір сынып бөлмелеріне бас сұғуын, жолда достармен амандасуын.) Мектеп ережесі туралы әңгімелесіңіз.

Сұрақтар қойыңыз. (Мысалы: Біз қай жерде тыныш жүруіміз керек? Қай жерде жүгіруге және секіруге болады? т.б)

Жаңа сөздер:

дәліз, киім ілетін орын, бұрыш, асхана, кітапхана, баспалдақ, мұражай,т.б.


  • Бағыттар, солға, оңға, алға, артқа

Оқушыларды жаңа сөздермен (сөздің астында осы заттардың немесе қозғалыс бағытының белгісі немесе символы болуы керек) таныстырып, осы сөздерді сөйлеу барысында қолдануға ынталандарыңыз.

Топта/жұпта әр түрлі қабілетті оқушыларды топтастырыңыз. Өйткені сөздік қоры мол, ойлау қабілеті жақсы дамыған оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсете алады.






3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру

2.1 Оқу түрлерін қолдану




1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану


Мектепке бару бағытын құрастыру







(К). Мектепке баратын жол бойындағы нысандарды сөздермен және сөз тіркесімен белгілеп жазу үшін мұғалімнің сызба/суреті бойынша «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. (Жол бағытын сипаттау үшін сөздер, символдар, белгілер, сызбалар, сөз/сөйлемдер сызбаларын қолдануға болады).

Жаза алатын оқушылар үшін әр сөзді буынға бөліп айтып беріңіз (сөзді әр дыбысы анық естілетіндей етіп айтыңыз), әр сөздегі дыбысты анықтап, оларды әріппен белгілетіңіз. Осылайша алдыңғы сабақта меңгерген дағдыларына (бағалау арқылы анықталған) сүйене отырып, бірнеше күн бойы тапсырманы қайталаңыз.



(Ө, Қ) Оқушыларға карточкадағы суреттерге сай сөздер мен сөз тіркестерін жазуды тапсырыңыз.

Дыбыстарды сәйкес әріптермен таңбалау үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз.



  • сынып оқушыларының деңгейіне байланысты күрделірек тапсырма беруіңізге болады, мысалы, сөз тіркестері мен сөйлемдер (сурет, сызбамен толықтырып) жазғызыңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау:

  • өтілген әріптерді тануы және дұрыс таңбалап жазуын;

  • буын, сөзді оқу қабілетін;

  • кейбір дыбыстарды сөздің басында, ортасында, соңында дұрыс анықтауын,сөзді жазуын;

  • бағытты көрсету үшін қажет сөздерді пайдаланып, ауызша сөз тіркестерін құру қабілетін бағалаңыз.




«Бірлесіп жазу» -сыныпта жазылымды үйретудің ең тиімді әдісі. Мұғалім сыныпқа жазылымның үлгісін көрсетеді. Бұл транскрипциялық (оң немесе сол деген бағытты көрсету түрінде) немесе композициялық (мағыналы сөздер немесе қызықты сөйлем құрылымдары) болуы мүмкін.





2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

2. 2 Мәтінді түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту




1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)




Мектеп туралы шығармалар оқу







(МК) Оқушыларға оқу жылының басы және мектепке бару туралы бірнеше қысқа әңгіме/өлең оқыңыз. Сөздерді оқу белгілерді, символар мен сызбаларды қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. Жұмыстың осы түріне өзіңізге көмекші ретінде сөздерді оқи алатын оқушыларды тартыңыз.

(Ұ) Әрбір әңгіме/өлеңнің кейіпкерін, оқиғасын және мазмұнын талқылаңыздар. Оқушыларға өздерінің мектепке алғаш келгендегі сезімдері мен кейіпкерлердің сезімдерін салыстыртыңыз.

(Т) «Бағытталған оқу» әдісін қолданып, әңгіме/өлеңдерді топта бірігіп оқытыңыз.

  • кітапқа кіріспе

  • тексеру стратегиясы

  • өз бетінше оқу

  • мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.




«Мектеп туралы әңгімелер» бұрышын жасаңыз. Бұл жерде көптеген суретті мәтіндер мен бейкөркем мәтіндер болуы керек. Кейбір мәтіндерде кейіпкерлер жан-жануарлар болса, кейбірінде оқушылар болуы мүмкін. Ыңғайлы орындықтар мен жастықшалары бар жайлы кітап оқу бұрышын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға үзіліс кезінде сол жерден кітап алып оқуына рұқсат етіңіз. «Бүгінгі кітап» рубрикасын ұйымдастыруға болады. Оқушылар күні бойы кітапты қарап, оқулары керек, оқу күнінің соңына қарай 7-10 минут аясында кітапты тақылау ұйымдастырыңыз.

Әр әңгімені оқып болғаннан кейін, оның қай жерде болғанын, оған кім қатысқанын және не болғанын анықтатыңыз. Балаларға «кейіпкер», «мазмұн», «оқиға» сөздерін таныстырыңыз. Оқушыларды мәтіннің суреттері мен атаулары арқылы кейіпкерлерді табуға жұмылдырыңыз және олардың іс–әрекетін талқылаңыз.

Оқушылардан оқу жылының басында әр кейіпкердің қандай көңіл-күйде болғанын сұрап, талқылатыңыз. Мысалы: олар оқу жылының басын асыға күтті ме? Олар қобалжыды ма? Не үшін қобалжыды? Мектепке ең алғаш келгенде сен қандай сезімде болдың? Мектепке келген ең алғашқы күннен есіңде не қалды? Сенің сол сәттегі сезімің берілген әңгімедегі оқиғаға ұқсай ма?

Оқушыларға оқиғаның детальдарын көбірек табу үшін иллюстрациялар қолдана отырып, сипаттау сөздерді, сөз тіркестерін қайта оқуды тапсырыңыз. Оқиғада ненің таныс немесе бейтаныс екендігі туралы сөз қозғаңыз. Мысалы: бұл біздің мектепке ұқсай ма? Кешегі мектеп туралы оқыған әңгімеге ұқсай ма?

Оқушыларды оқу қабілеттері мен дыбысты тану деңгейлеріне қарай топқа біріктіріңіз. Енді оқып үйреніп келе жатқан оқушылар үшін күрделі кітапты пайдаланбаңыз. Алдыңғы сабақтарда пайдаланған сұрақтар мен көмекші сөздерді пайдаланыңыз (алдыңғы нұсқаулықты қараңыз).

«Бағытталған оқу» әдісі келесі ретпен жүзеге асады:


  1. Кітапқа кіріспе (Бұл кітап не туралы деп ойлайсың? Осы кітап туралы хабарыңыз бар ма? және т.б.).

  2. Тексеру стратегиясы (топқа дыбысты тану, таба білу, дұрыс қосып оқуды үйретіңіз немесе қайталатыңыз).

  3. Өз бетінше оқу (мұғалім жекелеген оқушыны тыңдап жатқан кезде өзге оқушылар мұғалімнің нұсқауымен кітапты өз бетінше оқиды немесе суреттеріне қарай береді).

  4. Мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру (Кітапты, суретті топ болып талқылау. Олар нені түсінді?).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет