Сауда қызметін реттеу туралы


Ішкі сауданың субъектілері мен объектілері



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі26,32 Kb.
#107899
1   2
Байланысты:
02.04.Вет сан ережелер

Ішкі сауданың субъектілері мен объектілері

     

      1. Ішкі сауда субъектілеріне Заңға сәйкес ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар жатады.

      2. Сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілері ішкі сауда объектілеріне жатады.

      3. Стационарлық сауда объектілері мыналарға бөлінеді:

      1-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, он мың шаршы метрден астам сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;

      2-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;

      3-санат – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;

      4-санат – сауда, қосалқы үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;

      5-санат - сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден аз сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды.

      5-1. Стационарлық сауда объектілерінің түрлері:

      КТО;

      сауда ойын-сауық орталығы;

      сауда орталығы;

      гипермаркет;

      аутлет орталығы;

      дискаунт орталығы;

      мамандандырылған дүкен;

      сауда үйі;

      супермаркет;

      шағынмаркет;

      үйдің жанындағы дүкен.";

      Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес болған жағдайда КТО, сауда ойын-сауық орталығы, сауда орталығы, гипермаркет, аутлет орталығы, дискаунт орталығы, супермаркет заманауи форматтағы сауда объектілеріне жатады.

      5-2. Стационарлық емес сауда объектілерінің түрлері:

      автодүкен;

      автомат;

      дүңгiршек;

      жылжымалы сөре;

      шатыр (павильон).

      Ескертпе. Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде арнайы көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет