Сауда жүйесіндегі табыстылық көрсеткіштерінің есебі



Дата07.02.2022
өлшемі17,72 Kb.
#89417
Байланысты:
лекция 4 (7)


1.4 Сауда жүйесіндегі табыстылық көрсеткіштерінің есебі


Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сатудан да, бағадан да жеңілдік жасаудың есебі мына шоттарда жүргізіледі:
6020 – «Сатылған өнімді қайтару»
6030 – «Бағадан және сатудан жеңілдіктер»
Осы синтетикалық шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырып көрейік.
Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі. Бұл шот тұтынушыға сатылған тауарлардың қайтарылып берілгендігі жөніндегі ақпараттарды анықтауға арналған.
Қайтарылатын тауарлардың басты себептері болып: алып-сату бойынша жасалған келісім-шарттың тиісті деңгейде орындалмауы; тауардың саны мен сапасының сәйкес келмеуі; шартта көрсетілген ассортименттердің түгел болмауы; запас белшектерінің түгел еместігі және т.б. жатады. Осы және басқа да жағдайда сатып алушылар келісім шартты орындаудан бас тартып, тауарды иесіне қайтарады. Бұл кезде сатып- алушы кәсіпорын сатушы ролін, ал сатқан-кәсіпорын сатып алушы ролін атқарады, яғни олардың арасында жаңа міндеттемелер пайда болуы мүмкін.
Мысал. Көтерме кәсіпорны бөлшек сауда кәсіпорнына 1060000 сомаға 360тауар үлестірген. Қоймадан тауарды алыс-беріс кезінде он тауардың ақауы бар екені анықталған. Сондықтан бөлшек сауда ұйымы мерзімі шықпай түрған жағдайда тауарды жабдықтаушының өзіне қайтаруды ұйғарған. Енді біз осы жағдаймен байланысты шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.
Тауардын қайтарылуына байланысты салық салынатын айналымның деңгейі де, түзетулерді қажет етеді, яғни ҚҚС сомасы қайта есептелінеді, қосымша шот-фактураның негізіңде.
Сатудан жасалатын жеңілдіктердің есебі. Қалыптасқан практикалық есеп айырысуда сатудан жасалатын жеңілдіктердің қатарына түрлері жатады:
Сату көлемінен жеңілдік - айға, тоқсанға және басқа да мезгіл кезеңіне сату көлемінің нәтижесі бойынша сатып алушыға берілетін жеңілдік;
Қолма-қол төлемі үшін жеңілдік - шотты қолма-қол ақшамен төлеуші сатып алушыларға береді;
«Сконто» жеңілдігі (баға жеңілдігі)- жабдықтаушының шотында инвойсында) көрсетілген мерзімде немесе контракт мерзімімен салыстырғанда одан ертерек төлеген сатып алушыларға беріледі, ол мәміле құнының 3-5% құрауы мүмкін;
Делдалдық (диллерлік) жеңілдік-тауардың сатылуын ұйымдастырушы делдалдарға, агенттерге берілетін жеңілдік;
Жабық жеңілдік-тұйықталған (оңашаланған) кәсіпорындарға (экономикалык бірліктерге) тауарды сатқаны үшін сатылған өнімнің көлемінен берілетін жеңілдік
Функционалдық жеңілдік - тауар қозғалысын арттырғаны үшін, тауарды тасымалдағаны үшін, сақтау, корғау, есебін жүргізу т.б. қызметтері үшін сол тауарды өндірушілерге (жабдықтаушыларға) берілетін жеңілдік. Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктердің барлық түрі келісім-шартта көрсетілуі тиіс және ол басқа да құжаттарда көрініс табуы мүмкін (мысалы, есп айырысу-төлем құжаттарында, протоколда, келісімдерде).
Бағадан жасалатын женілдіктердің есебі. Жеңілдіктер дегеніміз -тауар бағасының жалпы, не ұйғарымды бағаға қарағанда төмендетілуі.
Жеңілдіктер көтерме әдісімен сатып алғандарға, тұрақты сатып алушыларға және басқа жағдайларда беріледі.
Сатып алынатын тауардардың санына байланысты баға жеңілдігі (бонустық шегеру) тауарды бір жылдық көлемінен көбірек сатып алушыларға беріледі.
Уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер- негізінен маусымдық сипатта көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері. Тауарларды (қызметтерді) маусымнан басқа уақытта сатып алушыларға жасалынады.
Сандық жеңілдік - тапсырыстың көлеміне және саласыпа (сериялығына) байланысты берілетін баға жеңілдігі.
Арнайы жеңілдік - белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері (тұрақты) байланысы бар және басқа ерекшелік қатынастары үшін сатып алушыларға берілетін баға жеңілдігі.
Егер тауарлардың сапасы төмен болса (нормативтік-техникалық құжаттама шегінде) немесе прейскуранттарда (прайстарда) белгіленген талаптарға бағасы сай келмесе, жоғарыдағылардан басқа біршама жеңілдіктер жасалуы мүмкін. Осы аталған себептер бойынша жеңілдіктердің келесі түрлеріне жол беріледі:

  • табиғи факторлардың немесе өндірістегі объективтік жағдайлардың
    ықпалымен жасалған сапа көрсеткіштерінің нормативтен ауытқығаны үшін;

  • жыл мезгілдері бойынша әртүрлі мөлшерде тұтынатындықтан (суға.
    жылуға, газға, энергияға) жасалатын маусымдық шегерімдері (жеңілдіктері);

  • сапасы бірінші категориялы өнімге жасалатын жеңілдіктер;

  • белгіленген мерзімде аттестацияланбаған немесе өндірістен алынуға
    жататын өнімге жасалатын жеңілдіктер.

Баға жеңілдіктерінің барлық түрлері сатып алушы кәсіпорыының табысы болып табылады және оларға заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салынады.
6020 – «Сатылған өнімді қайтару» және 6030 – «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шоттары активтік, әрі күрделі болып табылады. Бұл шоттар бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктердің түрлеріне қарай талдау есебі жүргізіледі. Талдау есебі үшін тізімдеме жүргізіледі, ол жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. Бұл шоттар жыл аяғында жабылады.
Жасалынған баға жеңілдіктері сатып алушылардын жазған шот-фактураларында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептесудін есебі жасалынады.
Егер де жеңілдік тауарды сату кезінде берілмесе, онда қосымша шот-фактураның негізінде берілетін жеңілдікті де, салық салынатын айналымнан ҚҚС мөлшерін де есептеуге болады.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 «Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар» сатумен байланысты шығыстары шоты арналған.
Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығыстардың мынандай түрлері көрініс табады: кәсіпорын қоймаларындағы өнім ыдыстарына және өнімді байланысты, өнім ыдысқа салынбай және буып-түйілмей босатылуы да мүмкін, немесе қоймаға кірістелген өнімнің өзіндік құнының құрамында ыдыс құнының енгізілуі де мүмкін. Егер өнімді ыдысқа салу өнімді қоймаға тапсыруға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді; өнімді жөнелтетін станцияға (айлаққа) тасымалдау, оны көлік құралдарына арту бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе жасасқан шарттар бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткізетін жерлерде сақтауға арналған қоймалардың күтіп ұсталынуы; сатушылардың және баска қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдары; өнімді сақтау және тасымалдау кезінде болатын табиғи кемулері; жарнама және өнімді сату үшін жасалған зерттеумен байланысты шығындары; өткізушіге және басқа делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар (аударымдар); өнімді сатуға байланысты басқада шығындары (өнім сапасын анықтауға жұмсалатын шығындар т.б.) жатады.
Сатылатын өнімнің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, онда бұндай шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылыктардың қызметтері ретінде есепке алынады.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін (табысты немесе зиянды) есептеп шығарған кезде ғана оған жедел тұрде назар аударылады.
Өнімді сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебі өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде, яғни кәсіпорын бекіткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет