Сауықтыру гимнастикасы: Ырғақты гимнастика элементтері, аэробика Оздоровительная гимнастика: Элементы художественной гимнастики, аэробика
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды.
Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика-жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу. Көркем гимнастика - қыз баларды дене - шынықтыру тұрғысында дайындық барысындағы негізгі құрал. Жаттығулар үйлесімді қабілеттіліктерді, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімділікті жетілдіруге бағытталған. Барлық бұлшық ет топтарының бірқалыпты дамуына байланысты қыз балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалысының еркінділігі қалыптастырылады. Көркем гимнастикада пайдаланылатын музыкалық тәрбиелеу эстетикалық тәрбиеге, музыканы естуге және тыңдауға көмегін көрсетеді.
Негізгі көркем гимнастика жан-жақты үйлесімді дене жынықтыруға, денсаулықты нығайтуға, мүсіннің қозғалыс функцияларының нығаюына бағытталған.
Гимнастикамен балеттің өзара байланысы салдарынан - әрбір қозғалыстың үйлесімділігі мен сымбаттылығы жетілдіріледі (оның ішінде пластика, ритм, сымбаттылық, әртістілік). Кез келген бидіің негізінде базалық және негізгі сабақтарды беретін классикалық хореография болып келеді (созымдылық, икемділік, күшті жаттығулар). Аталған хореография күнделікті өмірде де қажет - жақсы мүсін, ырғақты жүріс. Кеңістікте жақсы тұрып дәлірек бейімделу үшін акробатика көмектеседі - кез келген бидің және спорт түрінің ажырамас бөлігі.
Спорттың аталған түрімен қыз балалр ерте жастан бастап айналыса алады. Сымбатты мүсін мен ырғақты жүрі, музыканы тыңдау мен түсіну, жалпы әдемі болу қабілеттілігі тез арада игеріледі. Бірақта, бұл тек басы ғана. Маңызды спорт жетістіктеріне жеткісі келетін қыз балалар өз армандарына жете алады. Әлемде спорт неше түрлі спорт түрі бар. Дегенмен, тек қана көркем гимнастика қыз балалар үшін шексіз айналысуға рұқсат береді.
3.Командалық рух пен мәнерләік
Эстетикалық гимнастика - спорттың жаңа және көріністік түрі, дененің стильді, табиғи қимылдарында негізделген кез келген жастағы қыз балаларға арналған ең әдемі спорт түрлерінің бірі. Эстетикалық гимнастиканы көбінесе кілем үстіндегі синхронды жүзу деп атайды. Ол іс-қимылдарды орындаудың мінсіз синхрондылығымен, керемет музыкалық композициямен және әртістік орындаушылықпен байланысты. Сұлулық, сымбаттылық, көркемділік, шабыт -осының барлығын эстетикалық гимнастикада көруге болады. Бұл спорт түрінде саздылық, әсемділік, сымбаттылық нәзіктілік және пәктілік мінсіз үйлесім тапқан.
Эстетикалық гимнастика командалық спорт түрі болып табылады, бұл арада белдіктер, доптар, және құрсау көркем гимнастикадағыдай жиі пайдаланылмайды. Команда бірігей тұлға - әрбір көз тастау мен демалу, қол ұшының әлсіз қимылына дейін бірігей қозғаллыс болуы тиіс. Жаттығулар нәтижесінде әрбір элементтің орындалуы, музыкамен бірлесі жетілдіріледі.
Эстетикалық гимнастика бойынша жарыстар - жарқын көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы - орасан зор көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы - өзінде спортты, пластиканы, сымбаттылықты, заманәуи хореографияны, командалық рухты және мәнерліті бірліктіретін кішігірім спектакль.
Шынында гимнастиканың осы екі түрінің бірігей шығу тегі бар. Эстетикалық гимнастикада спортшыдан нақты қасиеттер талап етілмейді, сондықтанда бұл спорт түрімен кез келген жаста шұғылдануға болады.
Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақтабандылық, омыртқа қисаю ауруларының алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады.
Бимен айналысу арқа, іш және аяқ бұлшық еттерін нығайтады әрі бүкіл ағзадағы және буындар мен омыртқадағы қан айналымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақсартады. Сонымен қатар қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін арттырып, дене бітімін жетілдіруге, тыныс алу жүйесін жаттықтыруға көмектеседі.
Музыкалық-ырғақтық іс-әрекет ырғақ сабақ жұмысының мазмұны болады да, оның нәтижесінде оқушылар музыкаға қосылып, қозғалыс арқылы өзін, яғни «мен» дегенді көрсетеді. Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды - жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға көмектеседі. Ырғақ - оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпына келтірудің жақсы құралы болып келеді.
Күрделі емес музыкалық формаларды меңгеруі, музыкамен әр түрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, би және гимнастикалық жаттығуларды орындау, оқушылардың қозғалыс дағдыларын, кеңістік бағдарын және қозғалыс тепе-тендігін жақсартуға көмектеседі.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененің
және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және оларды
синхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Би ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда май жасушаларының еруіне септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Сонымен қатар саулықты, салауатты өмір сүруді іске асыратын тәсілдің бірі. Енді бидің денеге тигізетін пайдасын медициналық тұрғыдан алғандағы бірнеше түрін атап өтейік:
1.Бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.
2. Би қимылындағы еңкейіп, шалқайғандағы жаттығуларыда адамның ми тамырлары кеңіп, арнасынан аққан қанның көлемі көбейеді. Сол арқылы миға қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді. Мұндай адамның көкірегі ояу, ақыл-ойы таза, күш қуаты мол болады.
3. Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшық еттер шыңдалады. Адамның аз қимылдауы-бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалар қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Осындай зардап тартпас үшін, адамдар жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдануы керек. Қимыл-қозғалыстың денсаулыққа пайдасы ықылым заманынан белгілі
4. Би - жақсы ұйқының көзі.
5. Бидің жаттығулары адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |