Саяхаттау аудандарын зерттеу



Дата17.05.2023
өлшемі19,77 Kb.
#176938
түріҚұрамы
Байланысты:
Саяхаттау аудандарын зерттеу


Саяхаттау аудандарын зерттеу
Алғашқы саяхатты әдетте өзінің аймағында өткізеді. Олар көлікке және жол бағдарды дайындау жеріне келуге уақытқа кететін үлкен шығындарды талап етпейді. Жорықтың міндеті алуан түрлі болуы мүмкін және топтың құрамына, қызығушылықтарына байланысты. Алайда барлығын кезекті, едәуір күрделі бағдарды өтуге, физикалық шынығуға, спорттық разрядын арттыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Осылайша, жорықтың міндеті кешенді болып, көпшіліктің мүдделерін көрсетуі керек.
Жердің сипатын зерттеу қажет. Ауданы, саяхаттың тақырыбын таңдау кезінде басты кеңесшілер кітаптар, басқа топтардың жорықтары туралы есеп берулер, бұл жерлерде бұрын болған туристермен жеке әңгімелесулер болуы керек. Жорықтарды ойдағыдай өткізу үшін оның міндеттерін, қатысушылар құрамын нақты анықтап, қатысушылар санына байланысты керек-жабдықтар сұрақтарын шешу керек.
Жердің өтімділік факторлары: өзендер, таулар, ормандар, батпақты жерлер, яғни бағдармен қозғалу жылдамдығына себепші болатын барлық кедергілер.
Таңдалған бағдар учаскесінің ұзындығы бойынша анықтау үшін, ауданның картасы қолда болуы керек. Картадан жердің сипатын зерттеп шығып, демалу үшін, топография бойынша ыңғайлы жерлерді алдын ала белгілеп қою керек.
Ауданды таңдап, картамен танысып, жол бағдарды біржолата анықтап, жорықтың кестесін құрады. Онда шығу уақыты, жекелеген өтулер мен демалу үшін аялдамалар тәртібі мен уақыты, екікүндік жорық кезіндегі үлкен демалу немесе түнеуге аялдамалар, және кері жолға шығу уақыты көрсетіледі.
Қозғалыс кестесін құрастыру кезінде ересек туристер үшін әрбір 50 минут сайын, ал мектеп оқушылары үшін әрбір 35-40 минут сайын 10-15 минуттық демалыс қажет екендігін ескеру керек. Күннің бірінші жартысында жол бағдардың едәуір қызықты және маңызды бөлігі өткізілуі тиіс. Күннің ыстық уақытында жүру ұсынылмайды. 12 адамға дейін топты қалыптастыру ұсынылады.
2.2 Жер бедері
Жер бедерін көрсетудің неғұрлым айқын көрнекті және дәл тәсілі – көлденеңдер тәсілі. Көлденеңдер – теңіз деңгейінен бір биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын, жабық қисық сызықтар. Оларды пайдаланып, жер нүктесінің биіктігін анықтауға болады.
Биік және төмен жерлерді ажырату үшін бергштрихтар қолданылады. Бергштрих – қысқа сызықша, жердің төмендеу жағына қарай көлденеңге перпендикулярлы орналасады. Жерді көлденеңдер тәлісімен көрсету кезінде құламаның тіктілігі көлденеңдер жағына қарай жақындаумен немесе созылғандықпен білдіріледі. Олар қаншалықты жақын болса, баурай соншалықты тік.
Жер бедері. Жердің бетінде табиғи объектілер – дала, ормандар, теңіздер, өзендер, көлдер, таулар мен адамдар жасаған объектілер- қалалар, тұрғылықты жерлер, әр түрлі инженерлік құрылыстар орналасқан.
Жер бетінің формасы мен көлемі бойынша алуан түрлі кедір- бұдырлығының жиынтығын бедер деп атайды. Жер бетінде орналасқан, табиғи немесе адам жасаған объектілерді жергілікті заттар деп атайды. Бедер мен жергілікті заттарды топографиялық элементтер деп атайды. Бедер негізінен формасы мен көлемі бойынша әр түрлі оң және теріс кедір- бұдырлардан қалыптасады. Бедердің алты негізгі формасын ажыратады: тау, шұңқыр, жота, алқап, ойпат, жазық.
Тау – баурайы барлық бағытта төмендейтін мұнара тәріздес биік.
Шұңқыр – жабық ағынсыз ойдым.
Жота – бір бағытта созылған биік. Жотаның баурайын бөлетін және оның ең биік нүктелерінен өтетін сызықтар суағарлар деп аталады. Арналар немесе өзендер ағатын кең алқаптар алаптар деп аталады.
Ойпат – екі қарама- қарсы бағыттағы жер төмендейтін, және екі оларға перпендикулярлы жер биіктейтін, жотаның төмендетілген бөлігі. Тау жотасы немесе сілемдер арқылы өту үшін мүмкін болатын неғұрлым төмен ойпаттар асулар деп аталады.
2.3 Топографиялық белгілер
Жер аудандарының кескінін, жер бедерін және жергілікті заттарды картада түспен және шартты белгілермен белгілейді. Осылайша, дала, шалғындар – ақшыл – жасыл түспен; әр түрлі су қоймалары – көгілдір; құмдар – сары; биіктер, таулар – қаралау-сарымен және әр түрлі қоңыр түс өңдерімен; соқпақтар, құм жолдар, елді жердің құрылыстары – сұр немесе қоңыр түспен белгіленеді.
Әдетте кескіндері бойынша нақты объектілерге жақын шартты белгілер төрт негізгі топқа бөлінеді:
Контурлық немесе масштабтық белгілермен карта көлемінде көрсетілмейтін үлкен объектілер, орман учаскелері, жайылымдар, айдалған жерлер, өзендер, сазды жерлер, ірі көлдер, құмдар және т.б. белгіленеді. Олардың контурларының шектері жердегі шын кескіндерге сәйкес тұтас сызықтармен немесе нүктелермен белгіленеді. Контур ішіндегі аудан сәйкес бояулармен боялады және қосымша шартты белгілермен толықтырылады.
Масштабтан тыс белгілер карта масштабында көріне алмайтын, көлемдері бойынша үлкен емес, маңызды объектілерді белгілеу үшін қолданылады. Оларға әр түрлі мұнаралар, фабрикалық құбырлар және т.б. жатады. Бұл суреттер картада үлкейтілген болып беріледі, және олар бойынша объектілердің нақты мөлшерлері туралы айтуға болмайды.
Жолдар, соқпақтар, арналар, электр беру сымдары және масштабы тек ұзындықты ғана көрсететін басқа да сызықтық бейнелер масштабтық және масштабтан тыс белгілер арасындағы аралық орынды иеленеді және оларды сызықтық деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет