Саясаттану әдістері саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану әдістері. Олар әлеуметтанулық,тарихи, салыстырмалы талдау,құрылымдық-функционалдық,бихевиористік және жүйелік



Дата08.02.2022
өлшемі15,73 Kb.
#120693
Байланысты:
Документ (1)


САЯСАТТАНУ
Саясаттану -саясат ,саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым.саясаттану ғасырдың елуінші жылдары саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 жылы ЮНЕСКО Бастауымен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саясаттану ғылымының зерттеу объектілері: 1 саяси теория,2 саяси институттар, 3 саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір . 4 халықаралық қатынастар. Саясаттану екі сипатта қарастырылады олар ғылым ретінде және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси үрдістерін саяси қатынастарды саяси жүйелерін олардың дамуын зерттейді. Саясаттану пәні ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білімді береді, саяси шындықты саяси институттар ұйымдар қозғалыстар саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы және тағдыры басқа саяси нормалар ды жан-жақты ашып көрсететін пән болып қарастырылады. Саясаттану пәні бұл қазіргі кезде жоғары оқу орындарының маңызды сабағы ретінде қарастырылады. Саясаттану студенттерді саясат туралы ой-өрістерін дамытуға көмектесетін пән
САЯСАТТАНУ ӘДІСТЕРІ
Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану әдістері. Олар әлеуметтанулық ,тарихи, салыстырмалы талдау ,құрылымдық-функционалдық ,бихевиористік және жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс:, бұл қоғамдағы әлеуметтік құрылымды мәдениетті экономикалық тағдыр басқа жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл: саяси құбылыстарды мерзімі жағынан бұрынғы немесе қазірде болашақтағы байланысын айқындай отырып зерттейтін тәсіл болып саналады.
Салыстырмалы әдіс. Әртүрлі елдегі саясатқа байланысты құбылыстарды салыстырып зерттейтін әдіс болып саналады.
Жүйелеу әдісі: бұл әдіс саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың арнайы бір бөлігі ретінде қарап оны құрайтын элементтерді әлеуметтік өмірдегі орнын қызметін таза басқа байланыстарды зерттейді.
Бихевиористік әдіс:. Бұл әдіс адамдар және де топтардың саяси іс-әрекеттерін түсу адамдардың қалай өздерін ұстайтынын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс. Бұл әдіс саяси институттарда саяси қатынастар субъектілерінің қызметін сараптау бақылау басқа жайттармен саяси процестерді зерттеу әдісі болып саналады.
САЯСАТТАНУДЫҢ ПАРАДИГМАЛАРЫ
Парадигма зерттелетін мәселені шешу үшін алынған теория, методикалық принциптердің, әдістемелік қабылдаудын және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі болып саналады.
Парадигма ұғымын американ жылай және қоғам тарихының зерттеушісі Г.КУН енгізген .
Саясаттануда парадигма деп-саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Саясаттанудың негізгі үш парадигмасы бар. Олар теологиялық парадигма ,натуралистік парадигма, әлеуметтік парадигма.
Теологиялық парадигма. Бұл саясатта Құдай берген деп қалыптастыру, саяси билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді яғни саясатты түсіндіретін діни пайымдар болып саналады. Бұл парадигма саясаттану ғылымының таңбасынан кезінде пайда болған.
Натуралистік парадигма . Бұл парадигманың саясатта сипаты жоқ. Табиғи себептермен географиялық ортамен биологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекетпен биліктің шығу тегінің табиғилығын және олардың пайда болуын табиғат қажеттілігін негізге ала отырып зерттейді.
Әлеуметтік парадигма. Бұл парадигма саяси табиғатты және оның пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Әлеуметтік парадигма қоғамдағы дамуды, ішк қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырылады.
Тиімді сыни парадигма саясатының табиғатын оның өрісіндегі себептерімен, қасиеттерімен ,элементтермен түсіндіреді. Бұл парадигма екіге бөлінеді: қақтығыстық парадигма немесе конфликт, мәмілеге келу парадигмасы немесе консенсус.
Қақтығыстық парадигма бұл парадигма саяси өмірде ,жанжпл жағдайы шиеленістер дауларда шешуші рөл атқарады
Мәмілеге келу парадигмасы. Саяси өмірдегі дау-жанжалдарды жоққа шығармайды бірақта оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды

Орындаған: Закиров Элнур
Топ : Жалпы Медицина 110

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет