Саясаттану ғылым ретінде


Сыртқы саясат, дипломатия, геосаясат ұғымдары



бет27/43
Дата27.02.2022
өлшемі72,21 Kb.
#133586
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде (1)

Сыртқы саясат, дипломатия, геосаясат ұғымдары

Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
Дипломатия - (лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты) - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:
• Өз мемлекетінің атынан саясат және келіссөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
• Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын күрделі ұғым;
• "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.
Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.
• Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
• Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.
Геосаясат әлеуметтік-географиялық ғылымдардың түріне жатады, саяси географияның бөлігі болып табылады. Бұл екі ғылымның - саясаттану мен әлеуметтанудың тоғысында орналасқан пән. Геосаясаттың екіұшты табиғаты, оның әдісі, терминологиясы мен аспаптары оның ұзақ уақыт бойы классикалық академиялық пәндер ішінен өзіне орын таба алмауына себеп болды, бұл оның толыққанды институционалдануын ғасырға жуық уақытқа баяулатып жіберді.
Қазіргі геосаяси теория үшін кеңістікті басқару нысандарын, мемлекеттерде болатын технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып зерттеудің маңызы өте зор (мұндай бақылау нысандары: саяси, әскери, экономикалық, өркениеттік, коммуникациялық, демографиялық, ақпараттық).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет