Саясипартиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу.
Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады.