Партиялар типологиясы
Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.
Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен.
Саяси партиялардың негізін анықтау үшін түрлі жолдарды қарастырайық:
1) Партияны бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдар тобы деп түсіну (Б.Констан).
2) Белгілі бір таптардың мүдделерін білдіретін саяси топ (марксизм).
3) Партияның институционалды түсінігі: мемлекет жүйесінде қызмет ететін ұйым (М.Дюверже).
Партияны анықтаудың басқа да жолдары:
• партия – идеологияның ұстанушысы ;
• партия – адамдардың көп уақытқа бірігуі;
• партия мақсаты – билікті жаулап алу және оны жүргізу;
• партия әрқашан халық қолдауын қалайды.
Партиялар мен басқа да саяси бірлестіктер арасындағы шектер анық емес болып келеді және көп уақытта есептелмейді.
Партиялардың құрылуы ұзақ, әрі қиын үрдіс болды. Алғашқы кезде партиялар тек сайлау кезеңдерінде ғана белсенді жұмыс атқарды, олардың тұрақты ұйымдары болған жоқ, съездер мен конференцияларды ретсіз өткізді, партия жақтаушылары партиялық тәртіппен байланысқан емес.
Алғашқы ауқымды және тұрақты жұмыс атқаратын партия – Англияның либерал партиясы болды (1861 жылдан бастап). Ауқымды саяси партиялардың пайда болуының негізгі себебі – жалпы сайлау құқығының тарауы болды.
Әрбір партия халықтың белгілі бір тобының мүдделерін қорғау үшін құралған еді.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР
Қоғамдық-саяси қозғалыстар. Қоғам өмірінде партиялардан басқа қоғамдық-саяси қозғалыстар да маңызды рөлге ие. Біздің елімізде өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында алғашқы қоғамдық қозғалыстар пайда бола бастады. Олардың қатарында ең танымалдары ретінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Лад» славян қозғалысы тәрізді үйымдарды көрсетуге болады. Қозғалыстардың пайда болуы — саяси және қоғамдық плюрализмнің (көзқарастар мен пікірлердің саналуандылығы) дамуындағы бастапқы қадам. Саяси партиялардың көбінесе қозғалыс негізінде қалыптасатыны да осыдан болса керек.
Қоғамдық қозғалыс — ортақ мақсаттарды іске асыру үшін құрылған азаматтардың бұқаралық бірлестігі болып табылады. Осы орайда, барлығымыз үшін экологиялық, ұлттық, әйелдер, жастар және тағы басқа да қозғалыстар жақсы таныс.
Ғылымда қоғамдық қозғалыстарға қатысты бірнеше тәсілдер бар. Әдетте, қоғамдық ұйым ұғымы мақсаттары мен міндеттері мен сол бағытта өткізетін бұқаралық шаралары тұрғысынан бір-біріне жақын келетін барлық ұйымдар мен одақтардың жиынтығын білдіреді. Мұндай түсінікте, мәселен, жұмысшы қозғалысы ұғымымен жұмысшылардың мүдделерін білдіретін барлық партиялар, ұйымдар мен кәсіподақтармен қатар олардың мүдделерін қорғауға бағытталған ереуілдер мен шерулерді айтуға болады. Әйелдер қозғалысы саясатта, экономикада және отбасында әйелдерді кемсіту мен шеттетуді жоюды мақсат ететін нәзік жандардың көптеген өкілдерін біріктіреді. Жастар ұйымдары, өз кезегінде, жастардың білім алу, денсаулық сақтау, демалу құқығын, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етудегі кең кепілдіктерді қолдайды. Қазіргі күндегі заманауи қоғам өмірінде әртүрлі экологиялық ұйымдар белсенді рөл атқарады. Олар қатерлі өндіріс орындарын жабу, экологиялық бағдарламаларды қабылдау мен орындау тәрізді мақсаттар үшін күрес жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |