4.1. СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Пәннің өтілуі сабақ кестесінде аптасына 2 рет. Өтілу уақыты –75 минуттан. Сонымен бірге студенттермен бірлесе өтілетін өздік жұмыс түрлері де белгіленген. Курс форматы аралас. Лекциялық сабақтарда пән бойынша күрделі мәселелер сұрақтары қарастырылады. Лекция сұрақтары жұмыс бағдарламасында аталған. Сұрақтар бойынша студенттердің ғылыми түсінік алуына 50 минут бөлінген.Әр тақырыптар бойынша өтілген тақырыпты бекітуге 10 минут, СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін түсінік беруге 15 минут бөлінеді.
СОӨЖ тапсырмаларын орындауда алдын-ала белгіленген тапсырмалардың теориялық және практикалық жағдайдағы мүмкіндіктері ескеріле отырып орындалады. тексеріледі. Әр студент жұмысын қорғау мен бірге толықтырулар арқылы тапсрымалардың кең түрде және толық орындаулына баса назар аударуға уақыт бюджетін пайдалану көзделген.
Тапсырманың үшінші бөлігі оқытушының көмегімсіз орындалады. Мысалы сұрақтарға жауап табу, тест тапсырмаларының дұрыс жауабын іздестіру әдебиеттердегі саяси жағдайлармен таныса отырып, өзіндік дұрыс баға беру т.б.
СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларының түрлері және олардың орындаудағы әрекеттер сипаты бағдарламадағы таблицада берілген.