Тақырып №2 Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы Сабақтың мақсаты:
Ежелгі дәуірлердегі ойшылардың саяси көзқарастарына қысқаша шолу
Негізгі мәселелері:
Ежелгі шығыстағы саяси ойлар;
Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси ойлар;
ХХ ғасырдағы саяси ойлар.
Саясаттанутың даму жолын зерттеудің маңызы:біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын қоғамдық құрылыс, демократия-лық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола қойған жоқ. Оған мындаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп, әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, сскі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы адам өркениеттіліктің сатыларынан өтіп, саяси тәжірібе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теориларды негіздеушілер және олардың жақтау-шылары өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді.Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.
Адамзат коғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқгығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағ-дайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып санал-ған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына арис-тократиялык және құл иеленушілік демократия орын алды. Би-леу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне — Платон мен Аристотельге тоқталамыз. Платон б. з. б. 427—347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты — Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондыктан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист", "Парменид" және т. б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері қүрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай — бәріне бірдей әділ кызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметгік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқьгзды.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялык мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері — адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384—322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342—340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Алексаңдр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты — адамды, мемлекетті жақсы түрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте түра, ол құл иеленушілікті қолдады, кұлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет — қауымның дамыған түрі, ал кауым — отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәу іріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дүрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон б. з. б. 106-43) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мүліктік тсңдік идеясына қарсы болды, қоғамдык-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен тенсіздікті әділеттілік деп санады.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артықка созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси козқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтык мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен омір сүрушілер деп екі түрге белді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай-мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі крғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектеріңце қаралды.
Аквинский оз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам оз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіңдірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты—"ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықган патшалық билік жоғары діни билікке бағыну керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси козқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мүсылман болмасын Аллаға, оның әкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары — халифтарға кешуге тиіс.
Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де қүдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.
XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу Деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметгік-саяси қозғалыс — реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революция-шылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында карамақайшылықтар тудырды. Мүны біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялык саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—1527) бол-ды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкұндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияныңтарихы".
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықгың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекетдеген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсаттұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бүл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсідді ақтайды" деген кағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы ТомасГоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сактау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мем-лекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі ЦІарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, қоғамныңдамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық-заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
XVІІ-ХVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775—1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бүл соғыс демократиялық идеялардың дамуына Қуатты түрткі болды.
АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743—1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат—Америка Құрама Штаттарының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік өкіметті қүрап, оны бақылау кұкынан еш адамды шетгетуге болмайды. Егер өкімет халык құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің калауына сай өзгертуіне болады. Мүнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың котеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің ролі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда тендік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген зандардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың омірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737— 1809) көзгетүсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мем-лекетті қоғам тудырады. Үкіметгің мақсаты — қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты — жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің аркасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлык адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке қүқы бар; халық— өкіметгің кайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет—халықтын қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халык өзіне ұнамсьіз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот екіметі болып бөлінуі керек және т.б.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануш Кант (1724 — 1804). Оның саяси пікірлері "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектерівде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны "категориялық императив" деп айтады. Оның мәні — әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
XVIII ғ. аяғы — XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі — капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі — алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы ивдустрияның мануфакту-ралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жат-қан буржуазия ерківдікке, жылдам алға дамуға, зандылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.
Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фуръе, Оуэн сиякты утопиялық социялистердің. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон бірінші болып әркім кабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген карғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екені жайында мәселе көтерді.
Ол еңбек ету құқын бірінші орынға койды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист-социалистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама-қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
Утопист-социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың зандылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта қүрудың шынайы жолдарын көрмеді, жүмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшы-лықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оныңта-рихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық түрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және руха-ни процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік қүры-лыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосым-ша қүн туралы ілім болды.
Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат—буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең үйымдасқан, ең саналы және интернационалдык табы.
Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы — Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жүмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.
Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының зандылыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялык-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).
Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекетгік,әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметгік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.
XX ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризмілімі кең өріс алды. Бүл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859—1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін ат-қаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді Бұл жағдайкапитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастыкты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.
Дюги халықтың егемендігін сынады, оған жаңа саяси жүйе ретінде "сиңдикалистік-федерализмді" қарсы қойды. Оның ойынша, синдикаттарды федерацияға біріктіру жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеттерін береді, саяси плюрализмге әкеледі. Өскелең әлеуметтік-экономикалык және саяси мәселелерді іс жүзінде шешетін билік әр түрлі сиңдикаттарға бөлініп беріледі, Орталык үкіметтің жұмысы барлық синдикатгардын өкілдерінен құрылған заң шығарушы мекемесі арқылы бағдарланады. Дюгидің ойынша, осылайша капиталистік құрылыс сақталып, мемлекет ынтымақтастық құралына айналады.
Біздін ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі—злитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жаксы, іріктелген, сұрыпталған, тандаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халык өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.
Г. Моска (1856—1941) "Саяси ілімнің негіздері" деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылыктың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердін диктатураға жету жолында саясатган хабары шамалы көпшілікті өз кулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады.
В. Парето (1848—1923) "Жалпы социология жөніндегі трактат" деген еңбегінде элитадеген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (эли-талар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде коғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлыкпен берісе қоймайды. Совдықтан тандаулылардың (эли-таның) алмасуы күш, төңкеріс және революция аркылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғавда да (күштіен не бейбітжолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.
XX ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметанушысы Макс Вебер (1864—1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің приципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері — коғамнын шаруашылык өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және вдеологиялык мүдделері мен діни сананьщ араларыңда қавдай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.
Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатынды-ғына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, Діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты өте-мөте маңызы бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекетгің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппаратгың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынас-тардың жеңуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мыктылығы туралы тезисті карсы койды. Болашақ қоғам жұмысшы табынын диктатурасы емес, шенеуніктердіңдиктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудыңдамуына айтарлықтай ықпал етті.
Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері — еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бүл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцелъ). Бүл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жежілікті географиялық кеңістік, жер кажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен қамтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.
XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкел-ген тоталитаршм теориясы. Ол — мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет қоғаммен түтасып кетеді. Бір партия, бір вдеология үстемдік етеді. Ол адам-ның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады. Ол туралы қоғамның саяси жүйесін сөз еткевде толығырақ тоқталамыз.
XX ғасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIX ғасырлардағы либерализммен салыс-тырғанда мүнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік кызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты калыптастыруға елеулі көңіл бөледі. Ол "аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір аяуандығын және т.б. алға тартады. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дүрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жүмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп түжырымдайды.