Саясаттану оқУ-Әдістемелік кешені


Қазақстанда мемлекеттік биліктің орнығуы



бет30/75
Дата08.02.2022
өлшемі256,25 Kb.
#118340
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
Байланысты:
Саясаттану о У- дістемелік кешені

Қазақстанда мемлекеттік биліктің орнығуы
Қазір Қазақстан Республикасы жаңа мемлекет болып саналады. Ол 2001 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өтті.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Респуб­ликасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Белгіленген бағдарламаларды дәйекті жүзеге асыру экономикамызды терең құрылымдық реформаларға бастады...
Экономика мен мемлекет ретке келе бастады. Адамдар ауыр ұйқыдан оянғандай, өткеннен бойын аршып, жаңа өмірге ықылас қоя бастады...
Біз өзіміздің қазіргі тарихымызда тұңғыш рет тұрлаулы, қалыпты ертеңгі тіршілігіміз тұрасында, бір кездегідей бұлыңғыр мақсатымыз бен келешегіміз ретінде емес, іске асқан мұрат, үмітімізді ақтаған уақыт ретінде ауызға ала бастадық.
Біз бүгінгі таңда мақтан тұтатын: бостандық, ашықтық, ырықты саясат пен экономика сынды дүниелерге жүздеген және ондаған жылдардың өнбойында демократия дегенді білмеген, еркін ой-пайым атаулы аяусыз басып-жанышталып келген елде қол жетіп отыр».
Қазіргі Қазақстанның нақты мәнінің саяси сипаттамасы мен билік ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Конституциясында одан әрі тұжырымдалған еді. Қазақстан Республи­касы Конституциясының 3-бабында осы жайлы былай делінеді:
1.Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
2. Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3.Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады».
Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІІ-VІІІ бөлімдерінде ҚР Президенті (40-48 баптар) туралы, ҚР Үкіметі туралы, Конституциялық кеңес (71-74 баптар) туралы, сот билігі (75-84 баптар) туралы және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару (85-89 баптар) туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазым иесі.
Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып саналады. Парламенттің өкілді мерзімі — төрт жыл... Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар каланың және Республика астанасыныңбарлық өкілдері органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депу­тат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігінтек сот қана жүзеге асырады.
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Рес­публиканыңжергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.
Сонымен, Қазақстанда нақты демократиялық институттар жұмыс істейтін қоғам құрылды.
Қазақстанда мемлекеттік құрылым мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен оның заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуініңдемократиялықпринципіне негізделеді. Басқарудың Президенттік нысаны бекітілді және жұмыс істеуде. Елдің Бірінші Президенті — Қазақстанның барлық халқы бірауыздан сайлаған Н.Ә.Назарбаев.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет