Саясаттану оқУ-Әдістемелік кешені



бет64/75
Дата08.02.2022
өлшемі256,25 Kb.
#118340
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
Байланысты:
Саясаттану о У- дістемелік кешені

Үшіншіден, жалпы қазақстандықтардың, оның ішінде әсіресе титулды ұлт болып табылатын қазақтардыңбүгінде көптеген, әсіресе, жас ұлттардың мінезінде сирек кездесетін белгілі бір деңгейдегі салауатты саяси консерватизмі.
Төртіншіден, осы аталған барлық факторларға шешуші ықпал еткен - қазақ ұлтының терең әлеуметтік сілкіністер мен апаттар, тіпті қайсібір тарихи кезеңдерде қоғамдық катаклизмдер уақыты болған күні кешегі XX ғасырда өз тәуелсіздігі үшін күресте жинақтаған өзіндік ұлан-ғайыр жағымды да жағымсыз саяси тәжірибесінін болуы.
Осы факторлардың елімізде азаматтық және ұлтаралық қоғамдық-саяси келісім мен ынтымақтастық қалыптасуының аса маңызды әлеуметтік - психологиялық негіздері болғандығын ерекше атап өту орынды.
Халқымыздыңбойындағы саяси мінез құлықтың жоғарыда келтірілген жағымды қырлары соңғы он жылдағы қоғамдық өмірде, демократиялықүрдістерде ерекше байқалды. Дәл осы қасиеттер халқы-мызды көп ретте қоғамдық өмірде әлсін-әлсін туындап отыратын желбуаз, қыздырма, ұрыншақ саяси ұрандар мен сөздерінің жетегінде кетуден де сақтандырды.
Осыдан келіп еліміздегі азаматтық және ұлтаралық татулықтың басты тұғыртірегін мемлекеттік билік тармақтарының идеологиялық-саяси қызметінен, олардың сіңірген еңбегінен гөрі барлық қазақстандыктардың, сондай-ақ, әсіресе қазақұлты өкілдерінің бойындағы жоғарыда аталған мінез-менталитет құрап, негіз болып тұр деп қорытынды жасауға толық негіз бар. Қазақ ұлтының бойындағы жоғарыда көрсетілген саяси қасиеттер мен мінездерді, оның саяси психологиясындағы жылдар бойы қалыптасқан ерекшеліктерді бүгінгі саяси партиялар, олардыңәрқашан еске ала бермейді немесе одан бейхабар.
Осыдан барып, олардыңкызметі, саяси бағдарламалары қарапайым қаймана қазақтың қалың тобы тарапынан қолдау таппайды. Олардыңмүдде-мақсатынан шықпайды. Содан барып, қозғалыстар мен партиялар тар әлеуметтік базада, тар саяси өрісте, мешеу де ергежейлікпен күн кешуде.
Ең бір назар аударарлықәрі аландатарлық мәселе - демократиялықдамудың аса маңызды азаматтық институты болып табылатын саяси партияларды, олардың қызметі мен бағдарламасын халқымыздың әлі де болса жатсынып, өгейсінуі. Олардыңқызметіне шектен тыс салқынқандылыкпен, енжарлықпен қарап, тіпті кей ретте оны интеллигенцияның қалың көпшілігінің әсіресе, қала интеллигенциясының, студент жастардың қалыңтобыныңменсінбеуі. Бұл демократиялық даму үрдісін таңдаған Қазақстан үшін жағымсыз да тиімсіз құбылыс. Өйткені осындай жағдайдан қайсы бір қоғамдық шараларды, коғамдық идеяларды саяси-мәдени, құқықтық дайындығы әлдеқайда төмен кейбір пенделер пайдаланып, ұрандап әкетеді мысалы: «Аттан» деп аталатын қоғамдықбірлестіктін айғайшыл ұраншысы Семей полигонын жабуға еш қатысы жоқ болса да, сол үлкен іске орта жолдан қосылып: «Полигонды мен жаптым!» деп аттандауда, соған қой дейтін ешкім болған жок. Осылайша О.Сүлейменов бастаған «Семей-Невада»қозғалысынын еңбегін пайдаланып иемденіп жүрген әділеттілік пен тарихи шындықтан ауылы алыс пендешілік пиғыл көз алдымызда жүріп жатыр.
Қазакстанның саяси -демократиялық даму үрдісіндегі басты бір келелі жетістігі, сөз жоқ, саяси партиялар санының өсуі, яғни саяси әр алуандылықтың, іс жүзінде қалыптасуы. Қазірде олардың саны он алтыға жетті. Бірақ сол партиялар еліміздегі саяси ахуалға ықпал жасап, бедел алып халықты немесе белгілі бір әлеуметтік топтарды өзінің ұйымдастырушылық идеологиялық сан-салалы қызметі арқылы имандай ұйытып, соңынан ертіп отыр деп айтуға ешқандай негіз жоқ.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Отан» партиясының үшінші съезінде сойлеген сөзінде осы партияның қызметіне саяси баға бере келіп, былай деді: «Партия біршама енжарланып, төрешілденіп бара жатыр. Соның салдарынан ел ішіндегі және шетелдегі көптеген саяси окиғаларға «Отан» үн қосып үлгере алмайды. Елде болып жатқан өзгерістерді түсіндіру және насихаттау жөнінен халықпен тікелей жүргізілетін жұмыс мардымсыз. Осы заманғы технологиялар пайдаланылмайды.."
Тәуелсіздік әкелген демократиялықөріс пен рухты, құқықтык, әлеуметтік мемлекет орнатудың конституциялық принцип-мақсаттарын, нақтылы қалыптасқан көп партиялық кеңістікті елімізде толыққанды пайдаланып отырмыз деп әлі айта алмаймыз. Еліміздегі саяси партиялар, қоғамдыққозғалыстар, жалпы азаматтық институттар жұмысына жұрттылық тарапынан ынта-ықылас, құрмет пен үлкен қызығушылық, қозғалыс туғызу, кең арналы саяси өріс ашу керек-ақ. Онсыз саяси жүйе кең демократиялықарнада дами алмайды, қоғамдағы, өзінің сан-салалы функцияларына сай болмайды, тұрақты дамудың кең әлеуметтік базасына ие бола алмайды.
Өткенімізге талдау жасасақ, тәуелсіздік жылдарында саяси жүйені реформалап, қоғамымызды демократия жолымен жаңғырту, басқарудың президенттікпошымының тұрақтандырушы функцияларын тиімді пайдалану арқылы елдің баянды дамуын қамтамасыз ету; азаматтықтатулық пен сайлау институты негізінде өкімет заңдылығының жоғары денгейін сактау; жалпы азаматтық ұқсастықты қалыптастыру аясында жүргізілгенін көрсетеді. Осынау реформалардың негізгі шек-шеңбері әу баста 1990 жылғы
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияда «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Қазакстан Республикасының конституциялық заңында, содан кейін елідің Конституциясында қаланған болатын.
Бүгінде мынаны тұжырып айтуға болады: президенттік институты экономикалықжәне саяси реформаларды жүргізуде, егеменді Қазақстан мемлекеттігін құруда өзінің орындылығы мен тиімділігін дәлелдей алды. Демократиялық саяси жүйенің билікті бөлісу, демократиялық сайлау жүйесі және азаматтыққоғам секілді базалық институттарымен табиғи түрде байланысты президенттік институтының елдің одан әрі дамуын қамтамасыз етуде орасан зор әлуеті бар.
Сонымен бірге, елдің саяси жүйесін жетілдіре түсу, қоғамдық-саяси өмір, мысалы, елдің аса ірі мегаполисі Алматыдағы қоғамдық-саяси өмір көрсетіп отырғанындай, төмендегідей бағыттармен байланысты болуы мүмкін.
Алдыңғы қатарға елдін сайлау жүйесін қазіргіден жақсарта түсу міндеті шығып келеді. Бұл ерекше маңызды, ойткені демократиялықжүйеде саяси баяндылықтың шарттарының бірі өкіметтің заңды сайлануы болып табылады, ол демократияның азаматтардың өз ырқын еркін білдіру секілді іргелі талабына сай келуге тиіс.
1991 жылдан бері Қазақстанда әртүрлі 10 сайлау науқандары мен референдумдар өткізілді, олардыңтәжірибесін тиісті заңды жетілдіру үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ олардың бәрі біздің азаматтарымыздың саяси және құқықтық мәдениетін, өз таңдауы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жәрдемдескені айдан анық.
Сайлау процесінде жуырда қабылданған «Саяси партиялар туралы» заңнан кейін сапалық жағынан жаңа кезеңге көшкен саяси партиялар ерекше рөл атқара алар еді. Партиялардың іріленуі, соған байланысты олардың қоғамдық өмірдегі беделі мен ықпалының артуы олардың қоғам мен өкімет арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі маңызын арттырады, партиялардыңмемлекеттік басқарудың нақты тетігі ретінде қалыптасуына жәрдемдеседі.
Сайлау еркіндігін қамтамасыз ету сөз бостандығымен етене байланысты. Нақ сол бостандық заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қатар, «төртінші» билік болып, қоғамдық-саяси өмірде орасан зор рөл атқара алатын тәуелсіз БАҚ құралдарын қалыптастыруда шешуші маңызға ие болады.
Өкімет үшін төтенше маңызы бар мәселе — азаматтыққоғаммен ықпалдасу және оны одан әрі дамыту мәселесі. Көп жағынан бұл демократияны нығайтудың да проблемасы. Өйткені өкіметке қоғамдық бақылау жургізу тек азаматтыққоғамда ғана мүмкін болатын нәрсе. Өкімет пен қоғамдықбірлестіктер, партиялар бейресми ұйымдар арқылы көрінетін азаматтыққоғам орын алып отырған проблемаларды ойдағыдай шеше алады.
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттын маңызды құрамдас бөлігі ұлттық-мәдени орталықтармен байланыс болып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты қадамдар жасағаны белгілі. Конституция ұлтына, дініне, басқа да белгілеріне қарамастан барлық азаматтардың теңдігін бекітті. Қазақстан халқы азаматтардың саяси қауымдастығы деп қарастырылады, ол азаматтыққоғам мен құқықтық мемлекет принциптеріне негізделген.
Осынау саясатты жүзеге асыруда Президенттің ұсынысымен құрылған Қазақстанхалықтарының ассамблеясы ерекше рөл атқарады. Ол отызшақты ұлттық-мәдени бірлестіктерді біріктіріп, беделді қоғамдық-саяси институтқа айналды. Елдің барлық аймақтарында құрылған ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі достықты нығайтуға, этносаралық татулықты, қоғамдағы тыныштық пен баяндылықты қамтамасыз етуге, Қазақстанда тұратын әртүрлі этностардың өзіндік мәдениетін, дәстүрлері мен тілдерін дамытуға бағытталған. Осыған байланысты Алматыда 117 ұттыңөкілі болып табылатын 29 ұттык-мәдени орталық жұмыс ітейді. Қоғмдық-саяси өмірдіңаса маңызды тұрақтандырғышы ретінде бұл орталықтар қала әкімиятымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, ал әкімият оларға барынша көмек көрсетеді. Ал мұның өзі қалада этносаралық баяндылықты сақтауға жәрдемдеседі. Осы жерде оңтүстік астанадағы ұлтаралық татулық бүкіл елдегі қоғамдық-саяси және ұлтаралық қатынастар баяндылығын сақтауға жәрдемдесіп отырғанын атап өтудің артықтығы болмас.
Аралық мемлекеттерде заманға сай келетін стратегиялық басым бағыттарды айқындау" ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған байланысты Елбасының осыдан бес жыл бұрын елдің ұзақ мерзімді дамуының «Қазақстан — 2030» атты стратегиясын қабылдауы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқын да анық белгілеуге мүмкіндік берді. Осы мағынада алғанда, ол басқа да тұжырымдамалық мемлекеттік құжаттарды әзірлеу кезінде басты бағдар болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда Стратегия бүгінгі күннің қиыншылықтарын кезең-кезеңімен еңсерудің дер кезінде жасалған қадамы ғана болып қойған жоқ. Ерекше маңыздысы сол — онда алдағы онжылдықтардың басты-басты проблемаларын (олар кез келген қоғамның өмірінде объективті түрде туындап жатады) шешуге мұқият назар аударылған. Сондықтан мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын стратегиялық тұрғыдан анықтау тактикалық деңгейде мемлекеттік органдар қызметіне жүйелі сипат береді, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады. Бұл әсіресе реформаларды жүргізудің қазіргі кезеңінде ерекше маңызды, өйткені мемлекет басшысы анық та айқын белгілеп берген негізгі басым бағыттар күнделікті проблемалар құрсауынан шығып, елдің өркендеуіне стратегиялық болашақ тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет