Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.
Саяси шынайылықты зерттеу әдістері мен функциялары.
Саясаттанудың прагматикалық мәні.
Әдебиеттері:
Әбсаттаров Р. Б. Саясаттану негіздері. Т.1. Оқу құралы.- Алматы: Карасай, 2018.
Әбсаттаров Р. Б. Саясаттану негіздері. Т.2. Оқу құралы.- Алматы: Карасай, 2018.
Жамбылов Д. А. Саясаттану: оқулық. - 4-басыл., өзгеріс. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
Саясаттану XIX ғасырдың ІІ-ші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) проф. Фрэнсис Либор «Тарих және саяси ғылым» кафедрасын ашты.
Саясаттану XIX ғасырдың ІІ-ші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) проф. Фрэнсис Либор «Тарих және саяси ғылым» кафедрасын ашты.
1872 ж. Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады.
1889 ж. Американың «Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы», 1903 ж. «Америка саяси ғылымдар ассоциациясы» құрылды.
1896 ж. «Саяси ғылымдар элементтері» атты классикалық еңбек жарыққа шықты. Г.Моска бұл еңбегінде «саяси ғылымдар» ұғымы ғылыми білімнің дербес бір саласы және жеке пәні ретінде қолданылды.
XX ғ. басында саясаттану дербес академиялық пән ретінде бөлініп шықты. Бұл ғылым халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 ж. құрылған «Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы» зор рөл атқарды.