Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


«Шариғат» - ислам заңдары, әдет – ғұрып заңдары



бет10/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

«Шариғат» - ислам заңдары, әдет – ғұрып заңдары.

  • «Тарихқат» - сопылықтың негізгі идеясы, мұрат – мақсаты.

  • «Марифат» - дін жолын танып, оқып білу.

  • «Хакиқат» - құдай және оған жақындау.

    Ахмет Иасауй өз еңбегінде әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды.
    «Ғаріп бақыр, жетімдердің көңілін көтер,
    Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер», - деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.
    «Көңіл бөлмей дүниеге адмдықтан кешіңдер,
    Хақты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар», - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.
    «Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын,
    Ғазиз жаның – аманаты Алланың,
    Харамдықпен, ұқ, жиған мал – жалғанын,
    Қарыш атты жылан қылар малыңды», - деп дүниеқорлық, байлық соңына түспеуді, арамдықпен мал жинауды уағыздайды, парақор әкімдерді о дүниеде тартар жазасын естеріне салады.
    Қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын Асан қайғы Сәбитұлы. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Оны Шоқан Уәлиханов «Көшпенділер философы» деп атаған. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік үшін талас – тартыс, дау – жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрбітпей реттеудің жолын, «ымыраға келу» теориясын ұсынған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық жері шүйгін, ырысы мол қоныс, сыртқы жаудан қорған боларлықтай қолайлы жер – «Жерұйықты» іздеген, халқының болашағын ойлаған. Жерұйықтың суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс – жидек, жұт болмайтын, қайғы – қасіреттен аулақ құтты қоныс. Ол елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ жаугершілікті білмейді. Асан Қайғы Жәнібек ханға арнауында былай дейді:
    «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
    Айтқаныма көнбейсің:
    Шабылып жатқан халқың бар,
    Аймағын көздеп көрмейсің,
    Қымыз ішіп қызарып,
    Мастанып, қызып терлейсің.
    Өзіңнен басқа хан жоқтай,
    Елеуріп неге сөйлейсің?
    Қорған салдың бейнет қып,
    Қызметшің жатыр ішіп – жеп.
    Оны неге білмейсің?», - деп халықтың қамын ойламай өз күйін күйттеп жатқан ханның тұрмыс – тіршілігін бетке басқан.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет