Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп



бет27/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика бұқаралық ақпарат құралдар, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақлау орнайды.
Тоталитарлық режимде жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында құрылады.
Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланылады. Олардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркелемейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.
Авторитарлық режим деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимде бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси, процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азамматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшсының ырқына бейімделеді. Автолитарлық режимге мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Индонезияны, Марокко,Кувейтті, Сауд Арабиясын және т.б. жатқызуға болады.
Тоталитарлық және автолитарлық режим мен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскри күшінің көмегімен орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық экономикалық, саяси және моральдық психологиялық қолдауының сүйемелденуінің арқасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Европа елдерімен бұрынғы Кеңес одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады. Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт.Сол елдердің қатарына біздің Қазақстанда қосылады.Біз үшін либералдық демократияға өту қосымша қиындықтар тудырады. Себебі, бізде нарықтық экономика айтарлықтай қалыптаспаған. Оның үстіне еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.
Сайып келгенде, саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін атқарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдардың өміршең, тұрақты даму саяси жүйесінің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты. Оны толық түсіну үшін саяси жүйенің құрамдас элементтерін, әсіресе, мемлекетті оқып білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет