Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары



бет40/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздегі демократияның бір пошымы ретінде қызмет атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының халқымыздың әлеуметтік-саяси және рухани-мәдени өмірінде алар орны, атқарар қызметі өте салмақты.
Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі — баспасөз болып табылады.
Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қалыптасқан қоғамдық экономикалықжағдайға, оқырманның сипаты мен тілегеніне орай баспасөз қазір ағартушылық - танымдық, қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын сипатқа ие болып отыр. Себебі, біз жаңа мемлекет құру үстіндеміз. Демек, осындай сын кезінде баспасөз халықты біріктіруші қоғамды алға жылжытатын саяси ойдың алдңғы қатарда болуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, мемлекетті қалыптастырушы күш ретінде танымдық, терең ойлы баспасөзге арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай
жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін» - деп атап көрсеткен еді.
Бүгінгі демократиялықелімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі айтарлықтай дәрежеге көтерілді. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес. Сонымен бірге, қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалып-тастырушы да болып отыр. Сондай-ақ, баспасөз саласында бәсекелестік пайда болып, мемлекеттік емес газеттер көптен пайда болды. Мемлекетіміздегі қоғамдық саяси өзгерістердің нәтижесінде баспасөз де бұрынғы қасаң қағидалардан арылып, демократия үрдістері бойынша, саналуан тақырыптар төңірегінде қалам тербеуде. Сонымен мемлекеттік тілдегі қазақ баспасөзі де соңғы жылдары сандық, сапалық рухаңи танымдық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан оқиғалардың барлығына атсалысып, өзекті проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғызат отырып, сол проблемалардың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі. Қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында мейлінше үлкен рөл атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер, еліміз тәуелсіздігінің идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданындағы бітіспес күрес ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет