Байланысты: «Саясаттану» п ні бойынша д рістер жина ы
7. Мемлекет және азаматтық қоғам 1 Мемлекет ұғымы, мәні, қызметтері
2 Мемлекет және азаматтық қоғам
3 Мемлекеттердің жіктелуі
Мемлекет - адамдардың, қоғамдық топтардың, кластардың және ассоциациалардың біріккен әрекеттері мен қарым-қатынастарын бақылап және бағыт беріп отыратын қоғамның саяси жүйесінің институты. Мемлекет қоғамдағы биліктің орталық институты ретінде болады, ол осы билік арқылы саясатты жүзеге асырады. Саяси ғылымда мемлекет оны түсінудің үш тәсілінің арақатынасы арқылы қарастырылады: а) саяси-философиялық. Мемлекет «ортақ істерді» шешу және билік пен қоғамның қатынастарын реттеу құралы ретінде, сонымен қатар халық пен адамның саяси өмірін қамтамасыз ететін құрал ретінде түсіндіріледі; б) кластық. Мемлекет қоғамның кластарға бөлінуінің нәтижесі (марксистік тәсіл). Классикалық анықтама (В. Ленин бойынша) мемлекетті «бір кластың басқа бағынушы кластарды қол астында ұстайтын, бір кластың басқасына үстемдік етуіне мүмкіндік беретін машина» ретінде түсіндіреді; в) құқықтық және ұйымдастырушықұрылымдық тәсіл бойынша мемлекет «құқықтық мемлекет» ретінде, қоғам өмірін және мемлекеттің өзінің әрекеті мен оның саяси және қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құрылымын ұйымдастыратын құқық пен заң бастауы. Мемлекеттің белгілері: а) қоғамнан бөлініп шыққан және басқару мен мәжбүрлеу мекемелерінде (шенеуніктер,әскер, полиция және т.б.) материалданған жария биліктің болуы; б) мемлекеттік саясатты материалдық қамтамасыз ету, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жаңаруларды жүргізу, мемлекеттік аппаратты ұстау үшін қажетті салық жүйесі; в) территория. Мемлекет өз территориясында тұратын барлық халықты өзінің билігі мен қорғауы арқылы біріктіреді; г) егемендіктің болуы және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік; д) құқық. Құқық мемлекеттік билікті заңды түрде рәсімдейді, осылайша оған легальдік береді, мемлекеттің қызметін жүзеге асырудың заңды шегі мен формасын анықтайды; е) физикалық мәжбүрлеуді, күшті заңды қолдануға монополия (жоғарғы құндылық болып табылатын өмірден, еркіндіктен азаматтарды айыру мүмкіндігі). Мемлекеттің мәні бастапқы мәселелерді, мемлекеттердің, саяси жүйенің және қоғамның арақатынасын, яғни мемлекет пен қоғамның бірлігі, басқару күші, мемлекеттің шығуы, оның дамуының шарттары мен бағыттары мәселелерін шешуді синтездеуден көрінеді. Бір шешімі - мемлекет пен қоғам бір бүтінді құрайды, ал мемлекет қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығын қамтиды. Мемлекет бұл жағдайда унитарлы, яғни біртұтас, ол қоғамды біріктіреді. Бұл мағынада «ресейлік (американдық, француз және т.б.) мемлекет», яғни билік, халық, ел, олардың территориясы, шекарасы туралы айтуға болады. Басқа шешімі - мемлекетті қоғамда таралған және оған ерекше әлеуметтік институт ретінде қосылған саяси жүйенің орталығы ретінде мойындау. Қоғам өз дамуында мемлекетке тәуелсіз. Мемлекеттің қызметтері: ұйымдастырушы (басқару), үстемдік ету және басыпжаншу, құқықтық жүйені жасау. Ұйымдастырушы, басқарушы қызметтерінің мәніқоғамның тіршілік әрекетінің сақталуында, «ортақ игілікке», бірлікке қол жеткізуде, тәртіпті орнатуда, мемлекет пен халықтың, ұлттардың, этностардың өзара қарымқатынастарын реттеуде. Үстемдік ету және басып-жаншу қызметі күрес құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар кластар мен мемлекет, кластар арасындағы қарымқатынастардағы қақтығыстардың бастауы ретінде болады. «Құқықтық мемлекеттің» арнайы қызметі - нормалар мен заңдардың негізінде қоғамдық қатынастардың көптүрлілігі шеңберінде мемлекет пен қоғамның, мемлекеттік аппараттың жұмыстарын реттеу. Кейбір әдебиеттерде мемлекеттің қызметтерінің неғұрлым нақтырақ сипаттамасы беріледі, олар негізінен жоғарыда аталған қызметтерге ұқсас. Қызметтерді ішкі және сыртқы деп бөледі. Мемлекеттің ішкі қызметіне мыналар жатады: а) экономикалық - экономикалық өсім түрткісін немесе санкцияны жүзеге асыруды жасау арқылы, салықтық және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық процестерді ұйымдастырудан, үйлестіруден және реттеуден көрінеді; б) әлеуметтік - адамдардың жұмысқа, баспанаға деген және денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыруда, әлеуметтік кепілдікті, сақтандыруды беруде көрінеді. в) құқықтық - қоғамдық қатынастарды және азаматардың мінез-құлқын реттейтін құқықтық нормаларды қалыптастыруға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған; г) мәдени-тәрбиелік - тұрғындардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған; д) саяси - саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуден, биліктік құзырларды жүзеге асырудан, саяси бағытты дайындаудан көрінеді; е) экологиялық - табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық тәртібін қалыптастырудан, қалыпты, салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз етуден көрінеді. Сыртқы қызметтер, бәрінен бұрын, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, ақпараттық, мәдени, сауда аумақтарында басқа мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларына бағынады. Осылайша, мемлекетті саяси институт ретінде зерттеу мемлекеттің саяси жүйедегі белгілі бір рөлді атқаратынын көрсетеді, себебі оған саяси жүйенің тиімділігі тәуелді. Саясаттануда азаматтық қоғамның мәселелерін зерттеу кезінде дәстүрлі түрде дуалистік формуланы қолданады: «мемлекет-азаматтық қоғам» және ол толығымен ақталған. Кез келген тәсілде азаматтық қоғам атқаратын қызметтерінің түрі мен мазмұнына байланысты салыстырмалы түрде жеке дара қоғамдық ұйым ретінде болады. Бұл жағынан басым болып табылатыны, азаматтық қоғам мемлекетті бақылайды, ал мемлекет өз кезегінде қоғамның қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Жалпы түсінік бойынша азаматтық қоғам - ол индивидтердің втономиясына негізделген қоғамның мемлекеттік емес бөлігі. Ол қызығушылықтары қоғамдық пікірмен таратылатын ерікті ұйымдар мен одақтар, отбасы, мектеп. Азаматтық қоғам саяси құрылымнан тыс құрылған, бірақ оларды қамтитын әлеуметтік-ұйымдасқан құрылым ретінде сипатталады. Азаматтық қоғамның билік құрылымы мен әлеуметтік өмірге тиімді ықпалы қоғамдағы демократизм қағидаларының әрекеті кезінде мүмкін. Демократиялық заң шығару, билік бөлінісі, заңды оппозицияның болуы, саяси ұйымдар мен пікірлердің плюрализмі және т. б. азаматтық қоғамның саяси өмірге ықпалының түрі ретінде болады. Десек те демократиялық мемлекет жекелеген азаматтардың құқықтары мен қызығушылықтарын сақтауға кепілдік береді, бірақ ол өз іс-әрекетінде (биліктік) белгілі бір адамдық өлшем жоғалып кететін, формальді құқықтық нормаларға сүйенеді. Азаматтық қоғамның рухани негізі болып жалпы адамзаттық адамгершіліктік нормалар, яғни гуманизм, шыншылдық, әдептілік және т.б. табылады. Бұл қоғамның барлық азаматтарының қызығушылықтарын ескере отырып, туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Айта кететін жайт, азаматтық қоғам өзінің әлеуметтік - саяси әрекетінде заңды рәсімделген плюрализмсіз бола алмайды. Сөйте тұра, жеке өмір саласы кез келген саяси биліктік араласу үшін табу ретінде болады. Осы императивті бұқара халық өмірінде шынайы жүзеге асыру деңгейі азаматтық қоғамның бар екендігінің және оның маңыздылығының бірінші көрсеткіші. Азаматтық қоғам үшін биліктің демократизациясының қызмет атқаруында маңызды болып табылатындар: а) оның легитимдігі, яғни еріктерін білдірулері шындығында да еркін(азаматтық-құқықтық,саясиқатынастардағы) сайлаушылардан, халықтан билікке мандат алудың шынайылығы; б) жалпыға ортақтық, толық демократизмнің болуы, яғни биліктің барлық түрлеріндегі оның шынайылығы, әсіресе биліктің заңға тиімді әрекет етуші тәуелділігінің және оның бақылауында болуының; в) тиімділігі, яғни билік басындағылардың таңдаулылар үшін артықшылықтар түрінде емес, әркімнің өз күшін жүзеге асыру мүмкіндігін әлеуметтік қамтамасыз ету түрінде қаншалықты шынайы деңгейде халықтың мәселесін шешіп отырғандығы. Қазіргі жағдайдағы азаматтық қоғамның қалыптасу процесінде бірінші кезекте мемлекетке қатысты тұлғаның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі аймағының әрекеттілігін қалыптастыру мен қамтамасыз ету мәселесі тұрады. Азаматтық қоғам — ол мемлекетке тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекет ететін адамдардың арасындағы дамыған экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары бар қоғам, дамыған құқықтық қатынастар орнататын жоғары әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және адамгершіліктік мәртебеге ие азаматтардың қоғамы.Мемлекеттердің жіктелуі Әдебиетте мемлекеттердің жіктелуінің жалпы қағидаларын атап көрсетеді. Оларға дәстүрлі түрде үш басты қағиданы жатқызады: а) класқа қарсы күрес қағидасы. Мемлекеттердің жеке дара түрлері ретінде - құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік; б) саяси өмірдегі либерализм және демократизмнің даму қағидасы. Бұл позиция бойынша мемлекеттер: авторитарлық,тоталитарлық, демократиялық болып бөлінеді; в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негізінің дамуқағидасы. Мұндай көзқарасқа сәйкес мемлекеттер құқықтық мәдениеттің даму деңгейі бойынша: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскериполициялық мемлекет деп бөледі. Құқықтық мемлекет - ол мемлекеттің өзі, барлық әлеуметтік қауымдастықтар, жекелеген индивид құқықты құрметтеп, оған бірдей қатынаста болатын мемлекеттің түрі. Құқық мемлекеттің, қоғамның және индивидтің өзара байланысының әдісі ретінде болады. Құқықтық мемлекеттің жалпы белгілері: а) дамыған азаматтық қоғамның болу; б) құқықтық мемлекеттің әрекетінің саласының тұлғаның құқығы мен еркін қорғаумен, қоғамдық тәртіппен, шаруашылықтық іс-әрекеті үшін қолайлы жағдай жасаумен шектелуі; в) дүниеге көзқарастықтағы индивидуализм; г) әрбір адамның еркі мен қүқығы басқаның еркін шектеуші ретінде. Құқықтық мемлекет тұлғаның шексіз тәуелсіздігін қамтамасыз етпейді, әрбір адамның еркіндігі басқаның еркі бұзылған жерде бітеді. Әлеуметтік мемлекет теориясы. «Әлеуметтік мемлекет» ұғымының өзі саяси теорияның соғыстан кейінгі кезеңінде салыстырмалы түрдегі дамыған және тұрақты экономика жағдайындағы заманауи демократиялық типтегі мемлекетті белгілеу үшін пайда болды. Әлеуметтік мемлекет қоғамның әрбір мүшесінің тіршілік етуінің лайықты жағдайын қамтамасыз ету үшін мемлекет қолданатын әдіс-тәсілдердің, мақсаттардың жиынтығының призмасы арқылы түсіндіріледі. Басқару формасына негізделген мемлекеттердің жіктелуі мынадай мемлекеттерді бөліп көрсетеді: монархия (шексіз, конституциялық); республика (президенттік, парламенттік). Монархияда биліктің формальді көзі болып бір (моно) адам табылады. Мемлекет басшысы биліктегі өкілетті органдар мен сайлаушыларға тәуелсіз өз орнына мұрагерлік жолмен ие болады. Қазіргі әлемде монархиялық басқарудың бірнеше түрлері кездеседі. Мысалы, шексіз (абсолюттік) монархия (Сауд Аравиясында, Катар, Оман) - мемлекет басшысының шексіз билігі. Осы түрімен қатар конституциялық монархия да орын алған (Ұлыбритания, Швеция, Дания, Испания) - монархтың билігі конституциямен шектелетін мемлекет. Республика - басқарудың екінші негізгі түрі. Әлемде республиканың үш басты түрі: президенттік, парламенттік және аралас кездеседі. Парламенттік республиканың басты ерекшелігі болып үкіметтің парламент негізінде құрылуы мен оның парламент алдындағы жауапкершілігі табылады. Ол үкіметке қатыстыбірқатар қызметтер атқарады:оны қалыптастырады және қолдайды; заңдар шығарады; мемлекеттік бюджетті бекітеді; үкіметке бақылау жасайды және қажетті жағдайда оған сенімсіздік білдіре алады. Республикалық басқарудың екінші бір кең таралған түрі болып президенттік республика табылады. Президент парламентке тәуелсіз халық арқылы немесе сайлаушылар коллегиясы арқылы сайланады және бір уақытта мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы болады. Ол ішкі және сыртқы саясатқа жетекшілік етеді, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығара алмайды, президенттің парламентті таратуға құқы жоқ. Республиканың бір түрі - аралас республика. Ол Австрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Францияда орын алған. Басқарудың осы түрінде мықты президенттік билік парламенттің үкіметтің әрекетін тиімді бақылауымен сәйкес келеді. Оған тән басты сипат - үкіметтің қос жауапкершілігі: президент алдындағы және парламент алдындағы. Аралас республиканың (жартылай президенттік) классикалық үлгісі болып Франция табылады. Онда президент пен парламент бір біріне тәуелсіз сайлана береді. Парламент президентті орнынан ала алмайды, президент кезектен тыс парламенттік сайлауды жариялаудың міндетті шарттарымен парламентті таратуға құқылы. Президент мемлекет басшысы және жоғарғы бас қолбасшы болып табылады, елдің халықаралық аренадағы өкілі болады және парламент шешіміне кейінге қалдыру ветосы құқығына ие. Мемлекеттер әкімшіліктіктерриториялық жағынан былайша жіктеледі: унитарлы мемлекет, федерация, конфедерация. Унитарлы мемлекет дегеніміз өзіндік жеке биліктік құрылымдары бар әкімшіліктік-территориялық бірліктерден тұратын бірегей, бөлінбейтін территориясы бар мемлекет. Унитарлы мемлекетке жергілікті билік органдарының орталыққа қатаң бағынуы, күшті орталық вертикаль тән, оның дисперссиясы жоққа тән. Барлық мемлекеттік, сонымен қатар соттық органдар бірегей құқықтық нормалар негізінде әрекет етеді. Федеративті мемлекет - өзіндік заң шығару, атқару және сот органдары, конституциясы бар мемлекеттердің тұрақты одағы. Федерация шеңберінде мемлекеттік суверенитеттің субъектілері болып ірі территориялық түзілулер (штаттар, жерлер, кантондар), сонымен қатар тең құқылы азаматтардан тұратын барлық халық табылады. Унитарлы мемлекетте тек бір ғана субъект - халық бар. Федеративті мемлекеттік құрылымға жергілікті территориялық түзілімдердің өзіндік билік құрылымдарымен белгілі бір дәрежедегі жекелік тән. Мемлекеттік құрылымның федералды қағидасы этникалық, тарихи-мәдени, діни, лингвистикалық және басқа да ерекшеліктері бар қауымдастықтардың еркін бірлігі мен тең құқылы өзара әрекетін қамтамасыз етеді. Конфедеративті мемлекетке жергілікті мемлекеттік – территориялық түзілімдер мен олардың билік органдарының еркіндігінің жоғары деңгейі тән. Конфедерация мүшелері толығымен мемлекеттік егемендікті сақтайды және одақ құзырына тек ең алдымен қорғаныс саласына, сыртқы саясат пен ақша жүйесіне қатысты мәселелердің шектеулі санын ғана шешуді береді. Ғалымдардың пікірінше, мемлекеттік құрылымның бұл түрі тұрақты емес және әдетте не федерацияға айналады, немесе тарайды. Мемлекеттердің эволюциясы тенденциялары. Мемлекеттердің дамуының заманауи парадигмалары белгілі бір тенденцияларға тәуелді, бұл қазіргі заманғы жаһандық мәселелердің көрінісі болып табылады. Бәрінен бұрын, кейбір саясаттанушылардың ойынша, заманауи демократиялық мемлекеттер экологиялық кезеңге кіреді. Оған бірінші кезекке экологиялық қауіпсіздікті және тұлғаның экзистенциалдық құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл адамзаттың аман қалуы мәселелерін қою тән. Жаңа жағдайларда мемлекет азаматтық қоғаммен одақтаса отырып, ядролық және экологиялық катастрофалардың алдын алуы, аштықтан, эпидемиядан және т.б. жапа шегіп отырған әлемдік аймақтарды материалдықэкономикалық, қаржылай, мәдени көмекпен қамтамасыз етулері тиіс. Жоғарыда аталғандармен қатар дәстүрлі түрде заманауи мемлекеттердің дамуындағы екі басты тенденцияларды атап көрсетеді. Біріншісі - деэтатистік. Бұл тенденцияның мәні азаматтық қоғамның белсендірілуінде, мемлекетке бақылау жасауда, өзін өзі басқаруды бастаудың кеңеюінде. Екінші тенденция - этатистік. Оның көрінуінің негізгі бағыттары - мемлекеттің рөлін арттыру. Заманауи мемлекет белсенді түрде экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық процестерге араласады, салықтардың, инвестициялық, несиелік саясаттың көмегімен өндірістің дамуына түрткі болады, шаруашылықтық іс-әрекеттегі диспропорцияны жояды, жалпы, қоғамдық даму стратегиясын дайындау мәселелерімен айналысады.
№