47
Билікте тұрған адам (патша, елбасы) қатал, қайырымсыз болуы тиісті ме,
әлде ол сыпайы, қайырымды, өте мейірімді болуы дұрыс па?
Осы сұраққа толық және нақты жауап берген саяси қайраткер, ғалым
Никколо Макиавелли болды.
Макиавелли саяси билік туралы «мемлекетте билік жүргізуші мен оған
бағыныштылардың қарым
-
қатынасы және басқарушының (билеушінің,
корольдің) қаталдығы мен қайырымдылығының ара
-
қатынасы қандай болуы
керек?» деген сұрақтарға жауап іздеді.
Макиавелли өзінің “Тақсыр” деген еңбегінде «мемлекеттік билік ерікті,
белсенді болса ғана қуатты, абыройлы болады, билік рақымсыз, қатал, жауыз
болмауы керек» деп тұжырымдайды. Макиавеллидің кейбір пікірлеріне әсер
еткен сол кездегі өз елінде орын алған күрделі саяси жағдайлар болатын. Ол
кезде Италия жан
-
жақтан жаулаушылыққа ұшырап, ыдырап бара жатқан
мемлекет болатын. Ел билігіне келген адамдар ешбір тұрақтай алмай талас,
келіспеушілік жағдайында мемлекет басшылығына келген кім болса да әртүрлі
төңкерістерге ұшырап биліктен айырылды. Сондықтан халықтың басын
біріктіру үшін елбасының тұрақтауы үлкен мүддеге айналды. «Осындай саяси
жағдайда басқарушының тұрақтауы үшін қандай іс
-
әрекеттерді қолдану
керек»? деген сұраққа Макиавелли өзінің “Тақсыр” деген еңбегінде «билеуші
жаза қолданудан тайынбауы керек» деп жауап береді. «Егер әкім халықтың,
бағыныштылардың алдында қайырымды, мейірімді болып көрінемін деп қажет
болған жағдайда жаза қолданбаса, сол себептен ұлтты ыдыратса, мемлекетті
құлдыратып жіберсе
–
одан артық үлкен қылмыс жоқ» деп ұйғарды. «Бүгін бір
қылмыскерге тиісті жаза қолданылмаса, ертең жүз қылмыскерлер шығады. Ал
сол жазаны қолданатын адам билікте тұрақтай да білу керек. Қуатты билік
–
халықтың тыныштығы. Сол мақсатқа жету үшін айланың қай түрін болса да
қолдануға болады» деп кеңес берді.
Бірақ кейбір кертартпа саясаткерлер Макиавеллидің осы айтқан
кеңестерін еске алмай, ғалымның тұжырымдамаларын өздерінің қажетіне
пайдаланғысы келеді. Сол себепті кейін “макиавеллизм” деген термин таралды.
Бұл термин “мақсат
-
әдісті ақтайды” деген қағидаға айналды. Яғни, билікті
қорғау үшін қатігездікке де баруға болады деген мағынада. Кейбір қатыгез
билеушілер (мысалы, Гитлер) қаталдықты Макиавеллидің өзі де қолдайды деп,
өздерінің «қара ниеттерін» ақтағылары келді.
Макиавелли мемлекеттің саяси билігін қатыгездікке, жауыздыққа
шақырған жоқ. Ол екі түсінікті:
Достарыңызбен бөлісу: