164
Сайланған билік түрін қорғай отырып, Берк ағылшын парламентін
осындай билік институты деп санады, алайда оның қызметін халық бақылауға
тиіс емес деді. Бұл
–
азшылық көпшілікке “игілік жасайтын үлгі
деп”түсіндірді. Заң шығарушылар мемлекет саясатын жүзеге асыру үшін
сайланады, олар өз сайлаушыларының сілтеуімен қызмет атқаратын қарапайым
елшілер болуға тиісті емес.
Берк мемлекет жүйесін адамзат даналығының жинақталған қоры ретінде
қарап, реформаларды жақтады. Бірақ реформаторлар мемлекет әкенің
жарақатына “шынайы ізгілікпен, үлкен қамқорлықпен” қарағандай болуы тиіс.
Мемлекетті талқандау оңай, оны жаңғырту, аяғынан тұрғызу қиын. Берк
өркениетке нәзік зат ретінде қарады. Ойшыл қоғамның тұтастығы мен
қалыптасқан құрылымдарын бүлікші топтардан қорғау керек, әйтпесе
мемлекетті талқандап тастау қиын емес екенін ескертті.Э.Берк саяси ғылымға
консерватизм идеологиясын енгізді.
БОДЕН ЖАН
(1530-
1596 жж.), француз ғалымы адам мінез
-
құлқына
табиғи ортаның тигізер әсері туралы теорияны дамытты.
Боденнің пікірі бойынша жанұя
–
мемлекеттің негізі, оның беріктігі саяси
ұйымдардың белсенді қызметімен тығыз байланысты. Мемлекет жанұяның
жиынтығы, бірақ мемлекет дербес жоғарғы билік болғандықтан жанұядан
өзгеше. Боден корольдің шексіз билігін қолдайды, ол қоғамдық жүйені табиғат
заңдарына бағынышты болудан еркін емес деп санап, натуралистік парадигма
ұсынады, қоғамды географиялық ортамен, биологиялық ерекшеліктер арқылы
түсіндіреді.Жан
-
Боден географиялық ортаның саясатка ықпалы етуі туралы
мәселені теориялық деңгейде зерттеудің негізін қалады.
Достарыңызбен бөлісу: