76
қилы құбылыстарын жете ұғынып, ортақ мәселені ұжымдасып шешуге қатыса
бастайды, бұқараның саяси сауаты жоғарылайды.
2. Саяси билікке бақылау жасап отыратын, үстемдік етуші пікірге
пікірталас жүргізетін топ (оппозиция) мойындалады. Демократиялық елдерде
оппозиция заңды саяси күш ретінде саналады. Оппозиция мемлекеттік биліктің
қателіктерін әрдайым ашық көрсетіп отырады. Кемшіліктерді кешірмейтін
оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр
етеді.
3. Сайлау науқанында саяси бәсекелестерін жеңу үшін саяси партия өз
мүшелерінің арасында саяси тәрбие, саяси дайындық жұмыстарын жүргізеді.
4. Саяси күрес жағдайында дарынды, саяси білімді, тәжірибе деңгейі
жоғары, саяси қызметке шын мәнінде қабілеті бар адамдар анықталып,
мемлекеттік билікке ұсынылады. Кездейсоқ адамдарға немесе жағымпаздыққа,
жарамсақтыққа жол берілмейді. Көппартиялық жағдайда кездейсоқ адамдардың
мемлекеттік билікке келу мүмкіндігі жойылады.
Көппартиялық жүйе
–
демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің
бірі.
Достарыңызбен бөлісу: