Бақылау сұрақтары
1.
Саяси сана және саяси идеология
2.
Қоғам тарихындағы негізгі идеологиялар
3.
Идеологияның идеядан айырмашылығы
.
4.
Либерализм идеологиясының неолиберализмнен ерекшелігі неде?
5.
Консерватизм идеологиясының неконсерватизмнен айырмашылығы
қандай?
6.
Реформизмнің марксизмнен артықшылығы неде?
7.
Деидеологизация (идеологиясыздандыру) туралы түсінік және оның мақсаты
неде?
8.
Джон Локк қандай идеологияның негізін қалаушы?
113
ІХ тарау
САЯСАТ
–
АДАМНЫҢ САНАЛЫ ҚЫЗМЕТІ РЕТІНДЕ
1.
Саясат
–
адамдар үшін және адамдар арқылы
жүзеге асырылатын үрдіс
Саясаттың нәтижелі болуы оның адамдар үшін қызмет етуінде және
адамдар арқылы іске асуында. Бұл қоғамның жан
-
жақты дамуының заңды
шарты. Әлеуметтік топтар, қоғамдық қозғалыстар, саяси партиялар және т.б.
қоғам өмірінде қанша көрнекті роль атқарғанымен, саясаттың ең басты
субъектісі
–
адам. Қандай қоғамдық, саяси ұйымдар болмасын барлығы да
адамдардан тұрады, бүкіл саяси үрдістің, қоғамның саяси өмірінің мәні, бағыты
-
негізінен адамдардың мақсатымен, көзқарастарымен, олардың ерікті іс
-
әрекетімен анықталады. Олай болса, қоғам, мемлекет
-
адам үшін қызмет етуі
шарт. Себебі адам қоғам өміріндегі, саясаттағы шешуші фактор.
Саяси ойлар тарихында саясаттың субъектісі ретіндегі адамның қоғам
өміріндегі жасампаздық ролі туралы көптеген ғылыми құнды тұжырымдар
сақталған. Мысалы, “Республика” атты еңбегінде Платон саяси бағыттың
әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз байланыста екендігін
атап көрсеткен. Ал Аристотель “Саясат” деген шығармасында адам өзінің
табиғи жаратылысына байланысты саясаттан тыс бола алмайтындығына басты
назар аударған. Т.Гоббс және Дж.Локк мемлекеттің шығуы туралы өзара бір
-
біріне ұқсамайтын теорияларда адам жөніндегі қарама
-
қайшы концепцияларға
сүйене отырып зерттеген. Шын мәнінде, адамгершілік, гуманизм тұрғысынан
қарағанда, адам қоғам өмірінің, саясаттың ең негізгі белді буыны екендігі
даусыз. Әрине, бұл үшін әрбір жеке адам саясат субъектісі деңгейіне көтерілуі
қажет. Ал бұл процесс, яғни адамдардың саясаттың субъектісі болып
қалыптасуы күрделі, мағыналы
,
үлкен проблема. Біз олардың кейбіреулеріне
ғана тоқталамыз.
Адамның саяси субъектілігі
-
оның саяси өмірге белсене қатысуымен
сипатталады. Саясатты қалыптастыру, оны іске асыру, оған дер кезінде
өзгерістер енгізіп отыру, әр адам өзінің саяси қызметінде халықтың өмірлік
қажетіне байланысты мақсаттарын іске асыруға көмектесуі және айтарлықтай
нәтижеге жетуі, қоғамға пайдалы істерге қатысу саяси субъектілікті
сипаттайтын негізгі белгілер
.
Саясатқа саналы араласуы үшін адамның оған сай қабілеті болуы қажет.
Бұл саяси субъектіліктің ішкі терең
,
мәнді сипаттамасы. Қабілеттілік әрбір
адамның қолы оңай жететін қасиет емес. Бұндай қасиет саяси субъектіліктің
жоғарыда келтірілген екіжақты көріністерінің өзара тығыз байланыста,
өзгерісте болуы арқылы қалыптасады. Адам саясатқа қаншалықты белсене
қатысса, оның саяси қабілеті соншалықты артады. Адам қабілетінің осылайша
үнемі артып отыруы оның саяси белсенділігін де күшейтеді, бұл шексіз өтетін
үрдіс, бұның өзі адамның саясат субъектісі болып қалыптасуының ішкі
,
сыртқы
қайшылықтары мол күрделі процесс екендігін көрсетеді.
114
Демократиялық жағдайда жеке адамдар саясаттың ерекше
,
құнды
субъектісі
болып
табылады.
Олар
қоғамдық
оқиғалардың
нақты
қатысушылары, бұқаралық қозғалыстарды ұйымдастырушылар, басқарушылар.
Сайып келгенде, көптеген факторлар әрбір адамның азаматтық сипат,
қасиеттерінің өсіп дамуының, саясаттың объектісінен субъектісіне айналу
процесінің сапасын, мәнін анықтайды. Бұдан туындайтын қорытынды
–
саясаттың субъектісі болу азаматтық қасиеттердің жоғары деңгейде дамуы
.
Аристотельдің айтқанындай, бұндай қасиеттер жетік дамыған
,
жоғары
мәдениетті, терең білімді, адамгершілігі мол адамдарға ғана тән.
Бұл қасиеттер жеке адам бойында өзінен
-
өзі пайда болмайды. Саяси
субъектіліктің өзі адамның әлеуметтік
-
саяси дамуының күрделі жолдарынан
өтуін білдіреді. Адамның адам болып қалыптасу жолы қайшылықтарға толы
бірнеше кезеңдерден тұрады
,
ал саясатқа адам ұзақ тәжірибесінен өте отырып
біртіндеп жақындай бастайды. Бала кезінде саясат туралы ең алғашқы
мәліметтерді өз отбасындағы ата
-
анасынан алады. Жастарға жалпы саясат
жөніндегі мәліметтер ұрпақтан
-
ұрпаққа жалғасу арқылы жетеді. Адамдардың
азаматтық қасиеттерінің жоғары дамуының кепілі жеке адамның саяси
санасының артуы, оның ой
-
өрісінің кеңеюіне де байланысты.
Мемлекет, қоғам тарапынан адамның саяси санасының қалыптасуы
саясаттануда «саяси социализация» деп аталады (яғни, саяси әлеуметтендіру).
Саяси әлеуметтендіру деген түсінік ғылымға 1950
-
шы жылдарының соңында
енгізілді. 1959жылы бұл ұғымды “Саяси әлеуметтендіру” деп аталатын
еңбегінде ғылыми деңгейде зерттеген саясаттанушы, ғалым Герберт Хаймен
болатын.
Шетел саясаттанушылары саяси әлеуметтендірудің негізгі екі жолын атап
көрсетеді. Біріншісі
–
дамудың табиғи жолы. Бұл жолда әлеуметтендіруге
қатысушылар отбасы, балалар үшін ата
-
аналарының саяси көзқарасы,
жасөспірімдердің құрбы
-
құрдастары, мектеп қатысады. Екіншісі
–
білім беру
жолы арқылы; жоғарғы сыныптардағы тарих, құқық негіздері пәндері; жоғары
оқу орындарындағы әлеуметтік
-
гуманитарлық пәндер: саясаттану, әлеуметтану,
отан тарихы және тағы басқалары.
Саяси әлеуметтендіру екі жақты процесс. Әрбір адам әлеуметтендірудің
тек объектісі болып қала бермейді. Ол өз бетімен білім алуы, бұқаралық
ақпарат құралдарын және қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуы арқылы
саяси білімін жоғарылатады. Нәтижесінде азамат саяси өмірге қатысуға
мүмкіндік алады .
Сонымен, саяси әлеуметтендіру саяси екі жақты процесс: қоғам адамды
саяси әлеуметтендіреді және адам қоғамды саяси әлеуметтендіреді.
Саяси субъектіліктің деңгейі, әлеуметтік өрістеуі
–
адам санасының
дамуына тығыз байланысты. Бұл әрбір адамнан өте қажырлы еңбегін талап
етеді. Осы негізде адамда тәртіптілік, жауапкершілік, принциптілік, жігерлілік
және т.б. көптеген мәдени
-
әлеуметтік құндылық қасиеттері қалыптасады.
Саяси белсенділікті арттырудың көптеген алғышарттары бар. Оларға
материалдық және құқықтық факторлар жатады. Біріншіден, халықтың, әрбір
адамның саяси өмірге араласуына олардың азық
-
түлікпен, киіммен қамтамасыз
115
етілуі, үй
-
тұрмыс жағдайлары ерекше әсер етеді. Халықтың тұрмыс жағдайы
нашар елде саяси белсенділік күрт төмендеп, мемлекеттік саясатты толық
қабылдамай, оған қарсы пікірлер білдіру қалыптасады. Саяси белсенділікті
арттырудың екінші маңызды шарты ол саяси, құқықтық факторлар. Мемлекет
тарапынан құқықтық негіздер толық жүзеге асырылған жағдайда ғана халық
саяси өмірге еркін қатыса алады, демократия ұстаным нығая түсіп, биліктің
демократиялық мәні жоғарыланады, саяси процесс қарқынды дамиды,
нәтижесінде адамдардың саясатқа, саяси өмірге оң (позитивті) көзқарастары
қалыптасады.
Жеке адамның саясатқа деген көзқарасына психологиялық факторлар да
әсер етеді. Бұл факторлар жөнінде шет елдердегі саясаттану әдебиеттерінде
әртүрлі пікірлер айтылуда. Мысалы, американың белгілі саясаттанушысы
Лассвелл Г. кейбір адамдардың саяси басқарушы болуға ұмтылуларының
себептеріне талдау жасай келіп, «орнын толықтыру» теориясын ұсынады. Оның
пікірінше, өзін басқалардан кем санайтын кейбір адамдар билікке ұмтылады,
олардың мақсаты
–
билік арқылы өз кемістігін толықтыру, жұрт алдында өзінің
бағасын көтеру. (яғни, компенсация жасау).
Адамның саяси өмірге ең қажетті қасиеттерді бойына сіңіруі
-
әлеуметтік
дамудың негізі болып табылады. Сол қасиеттердің болашақты дұрыс болжай
білу, бүгінгі іс
-
қимылдың болашақтағы нәтижесін терең түсіну.Осындай өте
қажетті, өте бағалы қасиеттер барлық адамдарда бірдей жоғары деңгейде
дамымаған. Бұл жағдай әр қоғамның саяси режимімен де байланысты. Мысалы,
саяси белсенділік көрсеткіші бойынша бұрынғы Кеңес Одағы азаматтары дүние
жүзінде 42
-
ші орында болды.
Адамды саясаттың субъектісі деңгейіне қалыптастырудың екі жолы
белгілі.
Біріншісі
–
саяси тәжірибені толық игеру. Яғни, саяси
-
мәдениет
нормаларын сақтау мен оны нығайтып отыру
.
Бұл отбасы, мектеп, бұқаралық
ақпарат құралы арқылы іске асады. Екінші жол
-
әрбір адамның саяси білімді,
тәжірибені үздіксіз меңгеріп отыруы. Қоғамда бұл екі жол біртұтас сипатта
қалыптасып бірін
-
бірі толықтырады және өзара тығыз байланыста болады.
Адамның шын мәнінде саясаттың субъектісі болуы ол адам мен
саясаттың біртұтастығын нығайту. Қоғам мүшелері саясаттан тыс болмауының
негізгі, берік кепілі
–
саяси сананың қалыптасуы. Бұл адамның саясат
объектісінен саясаттың субъектісі деңгейіне көтерілуінің факторы. Өйткені,
азаматтардың қоғамның саяси өміріне қатысуы олардың саяси санасының
дамуына нақты әсер етеді. Ал саяси сана дамыған сайын олардың қоғам өміріне
қатысуы жандана түседі. Яғни, әр адамның саяси санасының, саяси
мәдениетінің дамуы қоғамның саяси мәдениет деңгейімен тікелей байланысты.
Адамның саяси дамуында қоғамның саяси мәдениеті әлеуметтік әсерлі
механизм ролін атқарады. Ол әрбір адамға жалпы нормаларды, үлгілерді, саяси
құндылықтарды толық игеруде жан
-
жақты көмек береді, оның саяси
көзқарасының ұдайы дамып отыруына демеуші болады.
Адамның шын мәніндегі саяси субъектіге айналуы қоғамдағы
демократияның дамуымен де тығыз байланысты. Демократияның принципі
-
116
адамның құқы мен бостандығы табиғи екендігін толық мойындап, өмірдегі ең
қымбат құндылық адам деп тану болса, оны мемлекет қадірлеуге міндетті,
сонда ғана адам қоғамның саяси ісіне еркін қатыса алады.
Ал мемлекеттегі саяси тәртіп демократиялық құндылықтардан бас тартса,
онда азаматтар әлеуметтік қорғаусыздыққа душар болады. Бұл саяси дамуды
әлсіретіп саяси тұрақсыздықты күшейтеді, адамдардың ырықсыздығын
туғызады, өзін
-
өзі кем санаушылық көбейеді. Ақыры бұның бәрі мемлекет
ішінде көзбояушылыққа, жалғандыққа, жағымпаздыққа әкеліп соғады.
Қорыта айтқанда, адамның саяси қалыптасуының нәтижелі болуы
-
қоғамда демократиялық мәндегі ең қажетті құқық пен бостандықтың берік
орнығуы, үкімет тарапынан адамның өмір сүру құқығын толық мойындауы.
Адам ең алдымен әлеуметтік
-
экономикалық, саяси және бас бостандығы
құқықтарына ие болмай, ол ешқашан еркін дами алмайды.
Сонымен, адамның саясат субъектісі болу жолы өте күрделі. Бұл
процестің шешуші факторлары
–
демократияның дамуы, құқықтық мемлекет
пен азаматтық қоғамның қалыптасуы. Демократия дамымаған елде өз құқынан
айырылған халық зорлық
-
зомбылықтан бас көтере алмай, саяси өмірдің құлы,
әлеуметтік әлсіз, мүсәпірлік деңгейде қалып қояды. Бұндай адамдарды
шенеуніктер, басқарушы ұйымдар, саяси қылмыскерлер оңай алдап, өз
айтқандарына оңай сендіре алады.
Мемлекетте саясат субъектісі болу шарты
–
саяси процестерді жедел
өрістету. Оның айқын жолы
–
азаматтардың түгелдей саяси өмірге араласуы,
яғни, адамның саясат объектісінен оның субъектісі деңгейіне көтерілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |