138
аймақтық әкімшілік құрылымына өзгеріс енгізуі арқылы реттеуге
болады. Мысалы, Ресей жағдайындағы автономиялардың жаңа
деңгейлерінің пайда болуы. Татарстан, Башқортстан, Бурят, Якут (Саха),
Қалмақ және басқалары.
7.
Төтенше шара қолдану әдісі. Яғни, шиеленіс асқынған жағдайда
қолданылатын шаралар жүйесі: заңсыз әскери құрылымдардың
таратылуы, күштеуге кінәлілер есебінен немесе оған жол берген мемлекет
бюджетінен шығынды өндіру, шұғыл түрде қылмыстық іс қозғау.
Кінәлілерге қарсы ашық және табанды шараларды қолдамайтындар болса
да, осындай қадамға баруға болады, өйтпесе демократияны сылтауратып,
жағдайды ушықтырған элементтерді жазаламау, олардың бетімен
кетушілігі ақырында өкіметті әлсіретеді.
Ұлтаралық шиеленіс дағдарысынан шығудың неғұрлым тиімді және
негізгі әдістері осындай. Тұтастай алғанда бұл күрделі теориялық және
практикалық мәселе. Медицинадағы сияқты
,
оны емдеуге қарағанда
,
алдын алу
әлдеқайда нәтижелі. Ол үшін, ең алдымен шиеленістерді зерттеу және болжау
ғылыми орталықтары қажет. Сонымен бірге ұлтаралық қатынастар ахуалы көп
ретте, түгелдей болмаса да
,
саяси, демократиялық мәдениет деңгейіне
байланысты. Әлемнің әрқилы аймақтарында белгілі бір топтардың мүддесі
үшін қызмет ететін жалдамалы элементтер, лаңкестер, экстремистер ішінара
кездесіп отырады. Саяси мәдениеті мен білімі жоғары адам бұған жол бермесе
керек. Олай болса
,
қоғамда неғұрлым келісімді іс
-
қимыл болуы және
шиеленістер қиратушы сипат алмауы үшін қоғамның тұтастай дайындықта
болуы
,
әрбір азаматтың білімі
,
мәдениеті және гуманитарлық саяси деңгейінің
жоғары болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: