168
мүмкін”. Конфуцийдің саяси
-
әлеуметтік бағдарламасының негізгі тақырыбы
–
халық игілігі. Мемлекет өзіндік мақсатты емес, халық игілігін қамтамасыз
ететін құрал. Қару қолдануға да болар, тамақтан бас тартуға да болар, бірақ
сенім болмайынша мемлекет те жоқ, ал сенім адамдардың мүдделерін шешу
арқылы нығайтылады. “Бас имейтін бағынышты адамдарды жазалау арқылы
жеңу керек” деп біреулер пікір айтқан болса, Конфуций “бірінші елді
тойындырып алу, содан соң барып оқыту және жоғары мораль сіңіру қажет”
деді. Өз идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға ойшылдың қолы жетпеді. Бірақ
оның нақылдары рухының қытай саяси мәдениетіндегі маңызы зор.
Конфуцидің идеялары мен ілімінің ХХІ ғасырға аяқ басқан Қытай елінің саяси
–
мәдениеті мен идеологиясының өзегі болып отырғанын естен шығармауға
тиіспіз.
ЛАО ЦЗЫ
(б.з. дейінгі УІ
-
У ғғ.)
–
ежелгі Қытай философы. Аңыз
бойынша, Лао
-
Цзы Конфуциймен бір кезеңде өмір сүрген, бірақ бұл туралы
ешқандай мағлұмат сақталмаған. Ол “Лао
-
Цзы” деп аталатын трактаттың иесі
деген мәлімет бар. Оны Лао
-
Цзыдың шәкірттері мен жолын қуушылар жазуы да
мүмкін. Трактатта даосизм деп аталатын доктрина келтірілген. Лао
-
Цзыдың
ойы бойынша, табиғат, адамзат пен қоғам өмірі
–
барлық зат заңы
–
даоға
бағынады, сонымен қатар “ли” субстанциямен
–
ауа, эфир
-
әлем негізін
қалайды. Әлемде тұрақты қатып қалған ештеңе жоқ, барлығы да үнемі
қозғалыста, үнемі өзгерісте болады. Заттар (инь, янь) принципі бойынша өзінің
қарама
-
қарсы заттарына айналып отырады.
Инь, янь
–
Қытай философиясының бүкіл тарихында сақталған негізгі
категориялары. Инь
–
жағымсыз, қараңғы, әлсіз; янь
–
дұрыс, ашық, белсенді,
күшті. Инь, янь
–
белгілі бір жүйедегі қарама
-
қарсы күштер. Екі қарама
-
қарсы
инь мен янь күштерінің әсері қоршаған әлемнің қозғалысының түп тамыры
негізінде қарастырылған. Инь
-
янь күресінен дао туындаған. Егер дао заңы
бұзылса, бақытсыздыққа әкеліп соғады. Сондықтан адамдар дао заңын бұзбауға
тырысуы қажет. Лао
-
Цзыдың ойынша, барлығы да өз бетінше жүруі, өз бетінше
қозғалуы қажет. Яғни, бұл ойшылдың қоғамдық даму туралы негізгі саяси
қағидасы
–
«эволюциялық бағыт». Лао
-
Цзыдың қағидалары кейін бүкіл әлемдік
тартылыс, теңгергіштік, консерватизм, реформизм идеяларының қалыптасуына
негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: