67
адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау
кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі
–
мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің
қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып,
мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан
жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне
кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз
азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға
міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі
айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді
бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.
Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне,
осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным
бойынша бірде
-
бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді,
әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және
ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет
бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін
қажет. Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді
болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі
қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп,
қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық
мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен)
ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым
-
қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік
беретін халық.
Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап
отыратын мемлекеттік биліктің тармағы
–
сот билігі.
Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси сапасы
жағынан жетілген түрі
–
Достарыңызбен бөлісу: