128
басқаның пікірін сыйлай білудің маңызы зор. Осыған орай, саяси қызметтегі
жалаң уәдеге жол берілмеуі керек. Бұлар саясаттағы субъективизмнің айқын
көрінісі болып табылады.
Демократиялық емес қоғамда басшылардың саяси қызметі шешуші роль
атқарып, оларға әлеуметтік жағдайларды өзгерту де және реттеуде шексіз билік
беріледі. Бұған нақтылы мысал: Сталиннің жеке басына табыну, Хрущевтің
елдің ішкі және сыртқы жағдайымен санаспай, жиырма жыл ішінде коммунизм
орнатамыз деп даурығуы, Брежневтің кезінде кемелденген социализм орнады
деген ұшқары тұжырымы. Сондықтан саяси қызметте осындай ретсіз
көріністерге жол берілмеуі үшін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер
қызметінде демократияға кең жол ашылуы қажет. Мемлекет дәрежесіндегі
дұрыс саяси қызмет: заң шығаратын, атқарушы және сот органдары билігінің
айқын және жүйелі бөлінуін, дербестігін қамтамасыз ету.
Саяси қызмет арнайы мамандық дайындықты талап етеді, өйтпесе саяси
қызметпен айналысушы жеке адамдар мен топтардың мүшелері күрделі
әлеуметтік және саяси мәселелерді ретсіз, заңсыз шешулері мүмкін.
Саяси қызметтегі адамдардың саяси мәдениет деңгейі, жалпы білімі,
саясат жүргізушілердің бір
-
біріне ықпалы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік
қатынастармен үндес болуы тиіс. Басқаша айтқанда, саясат жүргізушілердің
қызметі басқа әлеуметтік күштердің мүдделерімен ұштасқан жағдайда, яғни,
олардың мүдделері өмір талаптарымен, қоғам қажеттілігіне сәйкес келгенде
ғана пайдалы болады. Нәтижесінде саяси күштердің арасында тұрақтылық
қалыптасады, қоғамға пайдалы қызмет етуге мүмкіндік жасалады.
Саяси қызметтің мемлекеттік саясатпен, саясат жүргізушілердің
көзқарастарымен байланысының маңызы зор. Көзқарастар арасындағы күрес,
саяси белсенділік, саяси әрекеттерді қолдау немесе жоққа шығару саяси
қызметке өз әсерін тигізеді. Саяси көзқарастар жеке адамның, әлеуметтік
топтардың, партиялардың тұжырымдары мен түсініктері тұрғысынан көрінеді.
Саяси көзқарастар тек ғана тұжырымдалған, жүйеге келген түрде ғана емес,
үйреншікті, үстірт ойға негізделуі де немесе саяси жағдайды мұқият талдаған,
ғылыми пайымдалған, логикаға негізделген болуы да ықтимал. Сондықтан
азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйым басшыларының саясаттағы
ғылыми көзқарасының қалыптасуы өте маңызды. Бұл саяси қызметтің нәтижелі
болуының басты шарты. Сондықтан саяси күштердің ықпалының артуы осыған
байланысты болады.
Сонымен, саяси қызметтің мәні, мазмұны, типтері мен әдістері және
негізгі түрлеріне байланысты мынадай анықтама беруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: