Модернизация деген не?
Модернизация-(франц.-жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты. Жаңғырту (Модернизация; фр. Modernisation — жаңа, қазіргі заманғы ) — жекелеген тетіктер мен түзілімдердің құрылымдарын өзгерту арқылы білдектің функционалдық және басқа да қасиеттерін жақсарту, сенімділігін арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту. Жаңғырту өнеркәсіптік жабдықтарды, аспаптарды, тұрмыстық бұйымдарды оларды жасаудың технологиялық процесіне күрделі өзгеріс енгізбей-ақ жетілдірудің барынша тиімді тәсілі.
Модернизация біріншіден,
Ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін,
Екіншіден дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процессін айқындайды.
Саяси модернизация түсінігі Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.
Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.
Саяси модернизация бастауы:
- Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды.
- саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту- Өту процестері үздіксіз жүргізілді.
- Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді
- Жеке меншік пайда болды
- Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді
- мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы