Саяси элита және саяси көшбасшылық


Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,58 Kb.
#84045
1   2   3
Байланысты:
лекция с элита

12.2 Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2- түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі.
Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Онда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі керек. (Мысалы: Р. Рейган президенттікке сайланды).
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады.Жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық жатуы мүмкін.Талапкерлер бір таптың, топтың, тектің, партияның арасынан шығуы керек.Билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр.Оның артықшылығы-саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады.Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді.Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.
Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға қызметке көшті.1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді.Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді.1995 жылғы ҚР Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті.Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстанның қазіргі элитасына кім жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы, Парламент, министірліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. Олар қаржы-қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұмат иелік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет