Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады:
- басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді;
- бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек;
- топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс;
- басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Саяси топ бастаушылар,әдетте мынадай қызметтерді атқарады:қоғамныңтүбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп,мүдделерін үйлестіру,топтастыру;халықтың,топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау;қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінайқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен әр түрлі ұйымдар,топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің,заңдылықтың,тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар оқиғалар кездеседі.Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады.Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндіктерболуға тиіс.Оған пікір еркіндігі,көппартиялық,парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру,тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси айының таласы,бәсекесі толассыз жүріп жатады.Ал тотолитарлық және аворитарлық жағдайда саяси көсемдер емес,диктатура,номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен,жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес,қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем ) болудың 2жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген(араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.
Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республикалардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті.Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардың үзілуі,нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білметтік және т.б. себептер өндірістің құлдырауына,халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырады. Мұның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырда.Соның нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.
Саяси көсемді саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес.Оның негізгі ерекшелігі- саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.
СОҢЫ
Достарыңызбен бөлісу: |