Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет22/95
Дата17.04.2023
өлшемі247,98 Kb.
#174672
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95
Байланысты:
фмфмфмфм

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Алғы сөз


Курстың міндеті. «Қазақ тілі» оқу курсы – рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні. Болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізінде қалыптасуын талап ете отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Курстың мақсаты – қазақ тілінде (A1, A2, B1, B2, C1) біліктілік деңгейін сертификаттау талаптарына сәйкес сөйлеу белсенділігінің барлық түрлерінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және жеке қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер. Күтілетін нәтижелердің жүйесі, олардың мазмұны және сапалық көрсеткіштері стандартты деңгейде сертификаттау талаптарымен анықталады, бұл оқу топтарын студенттердің тіл білу деңгейін (бастапқы тестілеу нәтижелері бойынша анықталған) ескере отырып қалыптастыруды талап етеді.
Оқу курсын аяқтағаннан кейін студенттер келесі құзыреттіліктерге ие болады:
- лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға;
- мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін (прагматикалық фокус) сипаттауға;
- мәтіндік ақпаратты түсіндіру, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік және кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндеріне стильдік және жанрлық ерекшеліктерін сертификаттау талаптары көлемінде түсіндіруге;
- қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұратуға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, сертификаттау талаптарына сәйкес таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;
- тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктерінің сертификаттау талаптарына сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында сөйлеу мінез-құлық бағдарламаларын құруға;
- пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;
- өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға;
- жалпы қабылданған нормаға, функционалдық бағытқа сәйкес белгілі бір сертификаттау деңгейіне сай келетін лексика-грамматикалық және прагматикалық материалдарын пайдалана отырып, тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскерлік мәтіндерді құрастыруға қабілетті бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет